"Жаңақұрылыс ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Павлодар облысы Тереңкөл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 16 маусымдағы № 163/3 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы "Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты туралы Үлгі ережені бекіту туралы" № 294 бұйрығына сәйкес Тереңкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жаңақұрылыс ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже (бұдан әрі – Ереже) бекітілсін.

      2. "Жаңақұрылыс ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      бір ай ішінде Ереженің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберілуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы И.В. Дорофеевке жүктелсін.

      Аудан әкімі А. Маңғұтов

  Тереңкөл ауданы әкімдігінің
2022 жылғы "16" маусымдағы
№ 163/3 қаулысымен
бекітілген

"Жаңақұрылыс ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

      1. Жалпы ережелер

      1. "Жаңақұрылыс ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – әкім аппараты) Жаңақұрылыс ауылдық округі әкімінің (бұдан әрі – әкім) қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.

      2. Әкім аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы әкім аппараты туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Әкім аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары бар.

      4. Әкім аппараты өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседi.

      5. Әкім аппараты заңнамаға сәйкес мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарапынан сөз сөйлеуге құқығы бар.

      6. Әкім аппараты туралы ережені, оның құрылымы мен штат санының лимитін Тереңкөл ауданының әкімдігі бекітеді.

      7. Әкім аппаратының мемлекеттік тілдегі толық атауы - "Жаңақұрылыс ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;

      орыс тілінде - государственное учреждение "Аппарат акима Жанакурлысского сельского округа".

      Әкім аппаратының заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 140610, Павлодар облысы, Тереңкөл ауданы, Трофимовка ауылы, Бәйтерек көшесі, 25 құрылыс, 1 тұрғын емес үй-жайы.

      8. Әкім аппаратының жұмыс тәртібі келесі тәртіпте белгіленеді: бес күндік жұмыс аптасында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі-жексенбі.

      9. Әкім аппаратын Тереңкөл ауданының әкімдігі құрады, қысқартады және қайта ұйымдастырады.

      10. Әкім аппараты жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеме болып табылады.

      11. Әкім аппаратына кәсіпкерлік субъектілерімен әкім аппаратының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      12. Әкім аппаратының құралтайшысы "Тереңкөл ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі болып табылады.

      2. "Жаңақұрылыс ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мақсаты, қызметінің мәні, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары және міндеттері

      13. Әкім аппараты қызметінің мақсаты ауылдық округ аумағында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша әкімнің қызметін қамтамасыз ету болып табылады.

      14. Әкім аппараты қызметінің мәні Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзыреті шегінде әкімнің өкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз ету және тиісті аумақты дамытудың мүдделерімен және қажеттіліктерімен үйлесімде атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын жүргізуді қамтамасыз етуге жәрдем көрсету болып табылады.

      15. Міндеттері:

      Әкімнің қызметін ақпараттық-аналитикалық, ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық тұрғысынан қамтамасыз ету, сондай-ақ жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу.

      16. Функциялары:

      1) Өз құзіреті шегінде әкім аппараты:

      жергілікті қоғамдастық жиынын, ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын, жергілікті қоғамдастық жиналысын өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

      бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының, жергілікті қоғамдастық жиыны мен жиналысының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді;

      жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында қабылданған және ауылдық округ әкімі мақұлдаған шешімдердің орындалуын қамтамасыз етеді;

      ауылдық округ бюджетінің жоспарлануы мен орындалуын қамтамасыз етеді;

      жергілікті қоғамдастық жиналысына және аудан мәслихатына ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы есебін ұсынады;

      ауылдық округ бюджетін іске асыру туралы шешім қабылдайды;

      ауылдық округтің жергілікті қоғамдастығын дамыту бағдарламасын әзірлейді және жергілікті қоғамдастық жиналысының бекітуіне ұсынады;

      ауылдық округтің коммуналдық мүлкіне жататын объектілерді салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырыс беруші болады;

      ауылдық округтің жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің мақсатты және тиімді пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;

      ауылдық округтің жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын жүзеге асырады;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкі мәселелері бойынша мемлекет мүддесін білдіреді, ауылдық округтің меншік құқығын (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін) қорғауды жүзеге асырады;

      сенімгерлікпен басқарушының ауылдық округтің жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін сенімгерлікпен басқару шарты бойынша міндеттемелерді орындауын бақылауды жүзеге асырады;

      ауылдық округтің жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін есепке алуды ұйымдастырады, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;

      2) Әкім аппараты жергілікті қоғамдастық жиынымен келісу бойынша:

      өз құзыреті шегінде жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқару саласындағы құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;

      егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;

      шешім қабылдайды және жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде объектіні жекешелендіруге дайындау процесінде оның сақталуын қамтамасыз етеді, жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісінің сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      мүлкі ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің нысанасы мен мақсатын, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) түрін айқындайды;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз не кейіннен сатып алу құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға береді;

      Тереңкөл ауданы әкімінің келісімі бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларын құру, қайта ұйымдастыру, атауын өзгерту және тарату туралы шешім қабылдайды;

      ауылдық округтің жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін пайдалану туралы, оның ішінде оны кепілге, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына бекітеді;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін иеліктен шығару туралы шешім қабылдайды.

      17. Өз құзіреті шегінде әкім аппараты:

      аудан әкімдігінің, әкімнің және жоғары тұрған ұйымдардың қарауына ауылдық округтің негізгі даму бағыттары, өзекті мәселелерін жедел шешу жөнінде ұсыныстар енгізуге;

      мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұратуға және алуға;

      мүліктік және мүліктік емес құқықтарды сатып алуға және жүзеге асыруға;

      мемлекеттік басқару органдарының, мұрағаттардың, ғылыми мекемелердің ақпараттық деректер базаларын пайдалануға;

      шарттар, келісімдер жасасуға құқылы.

      18. Өз құзыреті шегінде әкім аппаратының міндеттері:

      қолданыстағы заңнамаға сәйкес халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсету;

      Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, облыс, аудан әкімі мен әкімдігінің, ауылдық округ әкімінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау.

      3. "Жаңақұрылыс ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      19. Әкімнің аппаратын басқаруды, әкім аппаратына жүктелген міндетттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын ауылдық әкім жүзеге асырады.

      20. Ауылдық округтің әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке сайланады, қызметінен босатылады немесе өз өкілеттігін тоқтатады.

      21. Әкімнің өкілеттіктері:

      әкім аппаратының жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылық етуді жүзеге асырады;

      жергілікті қоғамдастықтың жиынында немесе жергілікті қоғамдастықтың жиналысында қабылданған шешімдерді қарайды, олардың орындалуын қамтамасыз етеді;

      Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген бюджет қаражатын үнемдеу және (немесе) түсімдер есебінен қызметкерлерді еңбек шарты бойынша қабылдайды;

      мемлекеттік мекемелердің өз иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жасайды және бекітеді;

      аудан әкімімен және жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісім бойынша ауылдық округтің авариялық тұрғын үйлерін бұзуды ұйымдастырады;

      мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бағдарламалық құжаттары аясында ауыл халқына микронесие беруге жәрдем көрсетеді;

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген, ауылдық округ аумағында жасалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға құқылы;

      өз өкілеттігі шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға міндетті және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін дербес жауапты болады;

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабында көзделген өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      22. Әкім болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      23. Әкім аппараты қызметкерлерінің мемлекеттік қызметшілер этикасының нормаларын сақтауын әкім қамтамасыз етеді.

      24. Әкім аппараты мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес белгіленеді.

      25. Әкім аппараты мен коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган (аудан әкімдігінің атқарушы органы) арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      26. Әкім аппараты мен тиісті саланың уәкілетті органы арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      4.."Жаңақұрылыс ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      27. Әкім аппаратының заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Әкім аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптасады.

      28. Әкімнің аппаратына бекітілген мүлік ауылдық округтің (жергілікті өзін-өзі басқарудың) коммуналдық меншігіне жатады.

      29. Егер заңнамада өзгеше белгіленбеген жағдайда, әкімнің аппараты жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша оған бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті иеліктен шығаруы немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуі мүмкін.

      5. "Жаңақұрылыс ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      30. Әкімнің аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.

      31. Әкімнің аппараты таратылған кезде кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік аудандық коммуналдық меншікте қалады.

Об утверждении Положения о государственном учреждении "Аппарат акима Жанакурлысского сельского округа"

Постановление акимата района Тереңкөл Павлодарской области от 16 июня 2022 года № 163/3

      В соответствии со статьей 31 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан "О государственном имуществе", приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 7 августа 2017 года № 294 "Об утверждении Типового положения об аппарате акима города районного значения, села, поселка, сельского округа" акимат района Тереңкөл ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить Положение о государственном учреждении "Аппарат акима Жанакурлысского сельского округа" (далее – Положение).

      2. Государственному учреждению "Аппарат акима Жанакурлысского сельского округа" в установленном законодательством порядке обеспечить:

      в течение одного месяца государственную регистрацию Положения в органах юстиции;

      в течение двадцати календарных дней со дня подписания настоящего постановления направление его копии в электронном виде на казахском и русском языках в филиал Республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан.

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      4. Контроль за выполнением настоящего постановления возложить на руководителя аппарата акима района Дорофеева И.В.

      Аким района А. Мангутов

  Утверждено
постановлением акимата
района Тереңкөл
от "16" июня 2022 года № 163/3

Положение о государственном учреждении "Аппарат акима Жанакурлысского сельского округа"

      1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Аппарат акима Жанакурлысского сельского округа" (далее – аппарат акима) является государственным учреждением, обеспечивающим деятельность акима Жанакурлысского сельского округа (далее – аким) и осуществляющим функции в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

      2. Аппарат акима осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением об аппарате акима.

      3. Аппарат акима является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, в соответствии с законодательством Республики Казахстан имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, счета в органах казначейства.

      4. Аппарат акима вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.

      5. Аппарат акима имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства в соответствии с законодательством.

      6. Положение об аппарате акима, его структура и лимит штатной численности утверждаются акиматом района Тереңкөл.

      7. Полное наименование аппарата акима на государственном языке: "Жаңақұрылыс ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;

      на русском языке: государственное учреждение "Аппарат акима Жанакурлысского сельского округа".

      Юридический адрес аппарата акима: Республика Казахстан, 140610, Павлодарская область, район Тереңкөл, село Трофимовка, улица Бәйтерек, строение 25, нежилое помещение 1.

      8. Режим работы аппарата акима устанавливается в следующем порядке: с 9.00 до 18.30 часов, обеденный перерыв с 13.00 до 14.30 часов при пятидневной рабочей неделе, выходные дни: суббота-воскресенье.

      9. Аппарат акима образуется, упраздняется и реорганизуется акиматом района Тереңкөл.

      10. Аппарат акима является государственным учреждением, содержащимся за счет местного бюджета.

      11. Аппарату акима запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями аппарата акима.

      12. Учредителем аппарата акима является государственное учреждение "Аппарат акима района Тереңкөл".

      2. Цель, предмет деятельности, основные задачи, функции, права и обязанности государственного учреждения "Аппарат акима Жанакурлысского сельского округа"

      13. Целью деятельности аппарата акима является обеспечение деятельности акима по реализации государственной политики на территории сельского округа.

      14. Предметом деятельности аппарата акима является обеспечение реализации полномочий акима в пределах компетенции, установленной законодательством Республики Казахстан и оказание содействия в обеспечении проведения общегосударственной политики исполнительной власти в сочетании с интересами и потребностями развития соответствующей территории.

      15. Задачи:

      Информационно-аналитическое, организационно-правовое, материально-техническое обеспечение деятельности акима, а также решение вопросов местного значения.

      16. Функции:

      1) Аппарат акима в рамках своей компетенции:

      обеспечивает организацию проведения схода местного сообщества, раздельного схода местного сообщества жителей села, улицы, многоквартирного жилого дома, собрания местного сообщества;

      оповещает о времени, месте созыва раздельного схода местного сообщества, схода и собрания местного сообщества и обсуждаемых вопросах не позднее чем за десять календарных дней до дня их проведения через средства массовой информации или иными способами;

      обеспечивает исполнение решений, принятых на сходе местного сообщества или собрании местного сообщества и одобренных акимом сельского округа;

      обеспечивает планирование и исполнение бюджета сельского округа;

      представляет собранию местного сообщества и в маслихат района отчет об исполнении бюджета сельского округа;

      принимает решение о реализации бюджета сельского округа;

      разрабатывает и представляет на утверждение собрания местного сообщества программу развития местного сообщества сельского округа;

      выступает заказчиком по строительству, реконструкции и ремонту объектов, относящихся к коммунальному имуществу сельского округа;

      осуществляет контроль за целевым и эффективным использованием коммунального имущества местного самоуправления сельского округа;

      осуществляет права субъекта права коммунальной собственности по отношению к коммунальным юридическим лицам местного самоуправления сельского округа;

      представляет интересы государства по вопросам коммунального имущества местного самоуправления, осуществляет защиту права собственности сельского округа (коммунальной собственности местного самоуправления);

      осуществляет контроль за выполнением доверительным управляющим обязательств по договору доверительного управления коммунальным имуществом местного самоуправления сельского округа;

      организует учет коммунального имущества местного самоуправления сельского округа, обеспечивает его эффективное использование;

      2) Аппарат акима по согласованию с собранием местного сообщества:

      разрабатывает проекты правовых актов в сфере управления коммунальным имуществом местного самоуправления в пределах своей компетенции;

      управляет коммунальным имуществом местного самоуправления, если иное не предусмотрено законами Республики Казахстан, осуществляет меры по его защите;

      принимает решение и осуществляет приватизацию коммунального имущества местного самоуправления, в том числе обеспечивает его сохранность в процессе подготовки объекта к приватизации, привлекает посредника для организации процесса приватизации, обеспечивает оценку объекта приватизации, осуществляет подготовку и заключение договоров купли-продажи объекта приватизации и контроль за соблюдением условий договоров купли-продажи;

      определяет предмет и цели деятельности коммунального государственного предприятия, имущество которого находится в коммунальной собственности сельского округа (коммунальной собственности местного самоуправления), а также вид коммунального государственного предприятия (на праве хозяйственного ведения или казенное предприятие), осуществляющего такую деятельность;

      предоставляет коммунальное имущество местного самоуправления в имущественный наем (аренду), доверительное управление физическим лицам и негосударственным юридическим лицам без права последующего выкупа либо с правом последующего выкупа;

      принимает решение о создании, реорганизации, изменении наименования и ликвидации коммунальных юридических лиц местного самоуправления по согласованию с акимом района Тереңкөл;

      принимает решения об использовании коммунального имущества местного самоуправления сельского округа, в том числе о передаче его в залог, аренду, безвозмездное пользование и доверительное управление;

      закрепляет коммунальное имущество местного самоуправления за коммунальными юридическими лицами местного самоуправления;

      принимает решение об отчуждении коммунального имущества местного самоуправления.

      17. Аппарат акима имеет право, в пределах своей компетенции:

      вносить на рассмотрение акимата, акима района и в вышестоящие организации предложения по основным направлениям развития, оперативному решению проблем сельского округа;

      запрашивать и получать необходимую информацию, документы и иные материалы от должностных лиц государственных органов и других организаций;

      приобретать и осуществлять имущественные и неимущественные права;

      пользоваться информационными базами данных органов государственного управления, архивов, научных учреждений;

      заключать договора, соглашения;

      18. Обязанности аппарата акима, в пределах своей компетенции:

      качественно оказывать государственные услуги населению в соответствии с действующим законодательством;

      качественно и своевременно исполнять акты и поручения Президента, Правительства Республики Казахстан и иных центральных исполнительных органов, акима и акимата области, района, акима сельского округа.

      3. Организация деятельности государственного учреждения "Аппарат акима Жанакурлысского сельского округа"

      19. Руководство аппаратом акима осуществляется акимом, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на аппарат акима задач и осуществление им своих функций.

      20. Аким избирается на должность, освобождается от должности или прекращает свои полномочия в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      21. Полномочия акима:

      организует работу аппарата акима, осуществляет руководство его деятельностью;

      рассматривает решения, принятые на сходе местного сообщества или собрании местного сообщества, обеспечивает их исполнение;

      принимает работников по трудовому договору за счет экономии бюджетных средств и (или) поступлений, предусмотренных законодательством Республики Казахстан о местном государственном управлении и самоуправлении;

      составляет и утверждает сводный план поступлений и расходов денег от реализации государственными учреждениями товаров (работ, услуг), остающихся в их распоряжении, в соответствии с бюджетным законодательством Республики Казахстан;

      организует по согласованию с акимом района и собранием местного сообщества снос аварийного жилья сельского округа;

      оказывает содействие микрокредитованию сельского населения в рамках программных документов системы государственного планирования;

      вправе рассматривать дела об административных правонарушениях и налагать административные взыскания за нарушения, совершенные на территории сельского округа, определенные действующим законодательством Республики Казахстан;

      в пределах своих полномочий обязан противодействовать коррупции и несет персональную ответственность за нарушение требований антикоррупционного законодательства Республики Казахстан;

      осуществляет полномочия, предусмотренные статьей 35 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан".

      22. Исполнение полномочий акима в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.

      23. Аким обеспечивает соблюдение сотрудниками аппарата акима норм этики государственных служащих.

      24. Взаимоотношения между аппаратом акима и трудовым коллективом определяются в соответствии с Трудовым кодексом Республики Казахстан и коллективным договором.

      25. Взаимоотношения между аппаратом акима и уполномоченным органом по управлению коммунальным имуществом (исполнительным органом акимата района) регулируются действующим законодательством Республики Казахстан.

      26. Взаимоотношения между аппаратом акима и уполномоченным органом соответствующей отрасли регулируются действующим законодательством Республики Казахстан.

      4. Имущество государственного учреждения "Аппарат акима Жанакурлысского сельского округа"

      27. Аппарат акима может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.

      Имущество аппарата акима формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.

      28. Имущество, закрепленное за аппаратом акима относится к коммунальной собственности сельского округа (местного самоуправления).

      29. Аппарат акима по согласованию с собранием местного сообщества может отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

      5. Реорганизация и упразднение государственного учреждения "Аппарат акима Жанакурлысского сельского округа"

      30. Реорганизация и упразднение аппарата акима осуществляется в порядке, определяемом законодательством Республики Казахстан.

      31. При упразднении аппарата акима имущество, оставшееся после удовлетворения требований кредиторов, остается в районной коммунальной собственности.