Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 18-бабы 8) тармақшасына, 124-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Аққулы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Аққулы ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
2. "Аққулы ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жолдансын;
осы қаулыны Аққулы ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылсын;
осы қаулыны "Аққу үні-Вести Аққулы" аудандық газетінде жариялансын;
осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шаралар қолдансын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Аққулы аудан әкімінің орынбасары А. Ж. Қасымоваға жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аққулы ауданының әкімі | А. Балгабаев |
Аққулы ауданы әкімдігінің 2022 жылғы "30" мамырдағы № 1-03/139 қаулысымен бекітілген |
"Аққулы ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1- тарау. Жалпы ережелер
1. "Аққулы ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - "Аққулы ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ) Аққулы ауданының аумағында мәдениет, дене шынықтыру және спорт саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. "Аққулы ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің" ММ қарамағында мынадай ұйымдар бар:
1) Аққулы ауданы әкімдігі, Аққулы ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Аудандық халық шығармашылығы және мәдени-сауық орталығы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны.
2) "Аққулы ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
3. "Аққулы ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Аққулы ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ мемлекеттік мекеме ұйымдық - құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және қазақ және орыс тілдерінде өз атауы бар мөртабаны, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 703 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Аққулы ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ азаматтық - құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6. "Аққулы ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі "ММ егер Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Аққулы ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен "Аққулы ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Аққулы ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ құрылымы мен штат санының лимиті "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140700, Аққулы ауданы, Аққулы ауылы, Әбілқайыр Баймолдин көшесі, ғимарат 1.
10. "Аққулы ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ жұмыс тәртібі: жұмыс күндері: дүйсенбі-жұма сағат 9.00 - ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі-жексенбі.
11. Заңды тұлғаның толық атауы: мемлекеттік тілде - "Аққулы ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттiк мекемесi; орыс тілде государственное учреждение "Отдел культуры, физической культуры и спорта района Аққулы".
12. Мемлекет Аққулы ауданы әкімдігі тұлғасында "Аққулы ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ құрылтайшысы болып табылады.
13. Осы Ереже "Аққулы ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ құрылтай құжаты болып табылады.
14. "Аққулы ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
15. "Аққулы ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ кәсiпкерлiк субъектiлерiмен "Аққулы ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ өкілеттіктері болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастар жасауға тыйым салынады.
Егер "Аққулы ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ заңнамалық актiлермен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда алынған кiрiс, Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгеленбесе, мемлекеттік бюджеттің кірісіне жiберiледi.
2- тарау. "Аққулы ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ мақсаты, қызметінің нысанасы, міндеттері мен өкілеттіктері
16. "Аққулы ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ мақсаты Аққулы ауданында азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын және мәдениет, дене шынықтыру, спорт салаларындағы жалпы дамуын қамтамасыз етуге бағыталған мемлекеттік саясатты жүргізу болып табылады.
17. "Аққулы ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ қызметінің нысанасы мәдениет, дене шынықтыру, спорт салаларында мемлекеттік саясатты іске асыру.
18. Міндеттері:
1) кәсіпорындар мен ұйымдардың мәдени-демалыс жұмысын, кітапхана ісін қолдау және үйлестіру арқылы аудан аумағында мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу;
2) ауданда тұратын халықтардың тарихи-мәдени мұраны, рухани дәстүрлерді жандандыру, сақтау, дамыту және таратуын қамтамасыз ету;
3) Аққулы ауданында әлеуметтік саладағы басым бағыттарды ұйымдастыру анықталатын, мәдениет, дене шынықтыру және спорт саласындағы сұраныстары жөнінде ақпараттарды жинау, талдау және өңдеуді жүзеге асыру;
4) Аққулы ауданында бұқаралық спорт және ұлттық спорт түрлерінің дамуын қамтамасыз ету;
5) Аққулы ауданының халықтың саламатты өмір салтын насихаттау және қалыптастыру бойынша практикалық шараларды іске асыру.
19. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
1-1) Аққулы ауданы әкімдігінің және әкімінің қарауына дамудың негізгі бағыттары, ауданның әлеуметтік-мәдени даму мақсаттары, басымдықтары мен стратегиясы бойынша ұсыныстар енгізуге;
1-2) "Аққулы ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ алдына қойылған міндеттерді орындауға байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, кәсіпорындармен, лауазымды тұлғалармен және азаматтармен белгіленген тәртіппен ақпарат сұратуға және алуға;
1-3) басшыларының келісімі бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын басқа да атқарушы органдардың мамандарын жұмысқа тарту;
1-4) мемлекеттік органдарда, ұйымдарда, мекемелерде, сондай-ақ құқық қорғау органдары мен сотта "Аққулы ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ мүддесін білдіруге;
1-5) өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасасуға.
2) міндеттері:
2-1) Қазақстан Республикасының заңдарына және нормативтік құқықтық актілерге сәйкес қызметін жүзеге асыру;
2-2) қолданыстағы бюджет және салық заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекеменің бухгалтерлік есебін және қаржылық есептілігін жүргізу;
2-3) нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өзіне бекітілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз ету;
2-4) мекеме қызметкерлерінің кепілді еңбек жағдайларын және әлеуметтік қорғау шараларын қамтамасыз етуге;
2-5) мәдениет, дене шынықтыру және спорт жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және жүргізу, нысаналы бағдарламалар мен жобаларға бөлінетін жергілікті бюджет қаражатын бөлу, олардың ұтымды пайдаланылуын бақылау;
2-6) мәдениет, дене шынықтыру және спорт саласындағы ұйымдарға ұйымдастырушылық-әдістемелік, ақпараттық және өзге де көмек көрсету.
20. Функциялары:
1) мәдениет, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады;
2) кітапхана ісі, мәдени-демалыс қызметі саласында ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметін қолдайды және үйлестіреді;
3) шығармашылық қызметінің түрлі салаларында аудандық байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді ұйымдастыру;
4) аудан деңгейінде мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуді жүзеге асыру;
5) жергілікті маңызы бар тарих, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін есепке алу, қорғау және пайдалану бойынша жұмысты ұйымдастырады;
6) талантты жастар мен перспективті шығармашылық ұжымдарды іздеуге және қолдауға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асыру;
7) мәдениет саласында әлеуметтік маңызды іс-шараларды өткізуді жүзеге асыру;
8) мәдениет, дене шынықтыру және спорт саласы бойынша бағдарламалардың, жобалардың орындалуы бойынша жұмыс ұйымдастыру;
9) спорт түрлері бойынша аудандық құрама командаларды даярлауды және олардың облыстық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамысыз етеді;
10) аудан аумағында спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды және өткізуді үйлестіреді;
11) ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізу;
12) тиісті әкімшілік - аумақтық бірлік аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерін дамытуды қамтамасыз етеді;
13) мемлекеттік қызметтер көрсетілетін тізілімімен көзделген мемлекеттік қызметті көрсетеді;
14) спорт ұйымдарына әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;
15) "Аққулы ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ басқару құзыретіне қатысты мәдениет, дене шынықтыру және спорт салалары және басқа да мәселелер бойынша баянат, түсіндірме хаттар, ақпараттық-сараптама құжаттары мен анықтамалар дайындайды;
16) облыс әкімі, аудан әкімі тапсырмаларын орындау туралы (өз құзыреті шегінде) жинақ есептер мен ақпараттар дайындайды;
17) депутаттардың, аудандық мемлекеттік органдар мен аумақтық басқармалардың сұрау сауалдарына жауаптар (жауаптар жобаларын) дайындау (құзыреті шегінде);
18) мемлекеттік мекемеде ведомстволық қарасты кәсіпорын мен мекемеде құқықтық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру, мемлекеттік рәміздерді насихаттау және қолдану, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуын бақылау;
19) кадрмен қамтамасыз ету жағдайын талдау, біліктілікті арттыруға жәрдемдесу және ведомствоға қарасты ұйымдар мен мекемелердің азаматтық қызметшілерін аттестаттауды өткізуге қатысу, ведомствоға бағынысты кәсіпорындар мен мекемелердің басшыларын және олардың орынбасарларын аттестаттауды ұйымдастыру;
20) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алуды және қарауды, бөлім басшысының азаматтарды жеке қабылдауын өткізуді қамтамасыз етеді;
21) "Аққулы ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарларын қарау, келісу, бекіту;
22) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қоғаммен байланыс орнату және дамыту;
23) "Аққулы ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудан әкімдігі мен әкімі актілерінің жобаларын әзірлеу;
24) "Аққулы ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ құжаттамалық қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру, жүргізу және ұйымдастыру;
25) "Аққулы ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ ақпараттық ресурстар жүйесінің қызмет етуін қамтамасыз ету;
26) мемлекеттік сатып алу рәсімдерін ұйымдастыру және өткізу, мемлекеттік сатып алу бойынша есептілікті жасау және "Аққулы ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеу;
27) "Аққулы ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ ұйымдастырушы әкімгер ретінде саналып, бухгалтерлік есеп пен есептілікті ұйымдастыру, оларды қалыптастыру, бюджеттік бағдарламалардың қаржыландыру жоспарын орындау.
3-тарау. "Аққулы ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
21. "Аққулы ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол "Аққулы ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ жүктелген мiндеттердiң орындалуына және өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
22. "Аққулы ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ бірінші басшысы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
23. "Аққулы ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ бірінші басшысында орынбасарлар жоқ.
24. "Аққулы ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ бiрiншi басшысының өкiлеттіктері:
1) аудан әкімдігінің бекітуіне "Аққулы ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ туралы Ережені және оған өзгерістер мен толықтыруларды енгізуін ұсынады;
2) "Аққулы ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылықты жүзеге асырады, "Аққулы ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ жүктелген міндеттерді орындауға және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауаптылықта болады;
3) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес "Аққулы ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
4) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының
Заңында белгіленген тәртіппен "Аққулы ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ қызметкерлерін және ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын көтермелеуді, материалдық көмек көрсетуді, оларға тәртіптік жазалар қолдануды жүзеге асырады";
5) өзінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша нұсқаулықтар береді және бұйрықтар шығарады;
6) "Аққулы ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
7) "Аққулы ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес барлық мемлекеттік органдарда, сотта және меншік нысанына қарамастан басқа да ұйымдарда мүддесін ұсынады;
8) ауданның ведомстволық бағынысты мәдениет мекемелері мен кәсіпорындарының басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, оларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аттестаттаудан өткізеді;
9) мемлекеттік мекеменің қызметкерлерінің қатысуымен мәжілістер өткізеді;
10) "Аққулы ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ келешектегі және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;
11) "Аққулы ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ қызметкерлерін іссапарға жібереді;
12) азаматтардың жеке қабылдауын жүзеге асырады;
13) барлық мемлекеттік органдарда, сотта және өзге ұйымдарда меншік нысанына қарамастан Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Аққулы ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің мүддесін қорғау құқығына сенім хат береді;
14) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және оған дербес жауап береді;
15) "Аққулы ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ бiрiншi басшысы болмаған кезеңде, оның өкiлеттiктерiн Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
25. "Аққулы ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ мен коммуналдық мүлікті басқару уәкілетті органы (жергілікті атқарушы органы) арасындағы қарым - қатынас "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.
26. "Аққулы ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ мен тиісті саланың уәкілетті органы (ауданның жергілікті атқарушы органы) арасындағы өзара қарым-қатынас "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарымен реттеледі.
27. "Аққулы ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексімен, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңымен және ұжымдық шартпен белгіленеді.
4-тарау. "Аққулы ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ мүлкi
28. "Аққулы ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
"Аққулы ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
29. "Аққулы ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ бекiтiлген мүлiк аудандық коммуналдық меншiкке жатады.
30. Егер "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше көзделмесе, "Аққулы ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті, өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. "Аққулы ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ қайта ұйымдастыру және қысқарту
31. "Аққулы ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
32. "Аққулы ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ қысқартылған (таратылған) кезде несиегерлердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік аудандық коммуналдық меншігінде қалады.