Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17-бабына, 69-бабының 4-тармағына, 71-1-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Май ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ekidos Minerals" (Екидос Минералс) жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Көктүбек ауылдық округінің аумағында орналасқан, мемлекеттік меншікте тұрған және пайдалануға берілмеген, қатты пайдалы қазбаларға барлау жүргізу үшін, жалпы алаңы 300,0 га жер учаскесін 2027 жылдың 22 қазанына дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Май ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы нормативтік құқықтық актіні ресми жарияланғаннан кейін Май ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылауды аудан әкімінің орынбасары М.С. Шоқановқа жүктелсін.
Аудан әкімі | А. Әмірин |