Успен аудандық мәслихатының 2018 жылғы 2 сәуірдегі № 142/28 ""Успен ауданының мәслихат аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 2022 жылғы 11 сәуірдегі № 99/14 шешімі

      Успен аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Успен аудандық мәслихатының 2018 жылғы 2 сәуірдегі № 142/28 "Успен ауданының мәслихат аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5954 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген "Успен ауданының мәслихат аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесінде:

      41-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "41. "Б" корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін түрде акт құрылып, бас маманмен және мәслихат аппаратының басқа екі қызметшісімен қол қойылған акт толтырылады.

      Бұл ретте танысудан бас тартқан қызметшілерге бағалау нәтижелері мемлекеттік органдардың интранет-порталы және/немесе мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқор (ақпараттық жүйенің) немесе электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы осы Әдістеменің 40-тармағында көрсетілген мерзімде жолданады.";

      42-тармақ алынып тасталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Успен ауданының мәслихат аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Успен аудандық мәслихатының хатшысы Ж. Бараисов

О внесении изменений в решение Успенского районного маслихата от 2 апреля 2018 года № 142/28 "Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" коммунального государственного учреждения "Аппарат маслихата Успенского района"

Решение Успенского районного маслихата Павлодарской области от 11 апреля 2022 года № 99/14

      Успенский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Успенского районного маслихата от 2 апреля 2018 года № 142/28 "Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" коммунального государственного учреждения "Аппарат маслихата Успенского района" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 5954) следующие изменения:

      в Методике оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" коммунального государственного учреждения "Аппарат маслихата Успенского района" утвержденной указанным решением:

      пункт 41 изложить в новой редакции:

      "41. Ознакомление служащего корпуса "Б" с результатами оценки осуществляется в письменной форме. В случае отказа служащего от ознакомления, составляется акт в произвольной форме, который подписывается главным специалистом и двумя другими служащими аппарата маслихата.

      При этом служащим, отказавшимся от ознакомления, результаты оценки направляются посредством интранет-портала государственных органов и/или единой автоматизированной базы данных (информационной системы) по персоналу государственной службы либо системы электронного документооборота в сроки, указанные в пункте 40 настоящей Методики.";

      пункт 42 исключить.

      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на руководителя аппарата коммунального государственного учреждения "Аппарат маслихата Успенского района".

      3. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Секретарь Успенского районного маслихата Ж. Бараисов