"Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Летовочный ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 461 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37-баптарына, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Летовочный ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Летовочный ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қамтамасыз ету:

      осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілсін;

      осы қаулыны оның ресми жарияланғаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Летовочный ауылдық округі әкімінің интернет-ресурсына орналастырсын;

      жоғарыда көрсетілген Ережені заңнамада белгіленген тәртіппен тіркеуші органда тіркеуді жүргізсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Тайынша ауданының әкімі Б. Әлжанов

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Тайынша ауданы әкімдігінің
  2022 жылғы "___" ____________ №___
  қаулысымен бекітілді

"Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Летовочный ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

1 тарау. Жалпы ереже

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Летовочный ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – әкім аппараты) Летовочный ауылдық округі әкімінің (бұдан әрі – әкім) қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.

      2. Летовочный ауылдық округі әкімі аппаратының ведомстволары жоқ.

      3. Летовочный ауылдық округі әкімінің аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Әкімнің аппараты туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Летовочный ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекеме ұйымдық - құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Летовочный ауылдық округі әкімінің аппараты өзінің жеке атынан азаматтық - құқықтық қатынасқа енеді.

      6. Летовочный ауылдық округі әкімінің аппараты азаматтық-құқықтық қатынаста мемлекет атынан тарап болуға құқығы бар, егер ол бұған заңдылықтарға сәйкес уәкілетті болса.

      7. Летовочный ауылдық округі әкімінің аппараты өз құзыріндегі мәселелер бойынша бекітілген заңдылықтардағы тәртіппен басшысының бұйрығымен ресімделген және Қазақстан Республикасының заңдылықтарымен қарастырылған басқа да актілермен шешім қабылдайды.

      8. Летовочный ауылдық округі әкімінің аппараты штаттық санының лимиті және құрылымы әрекеттегі заңдылықтарға сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері. 151027, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Летовочное ауылы, Гагарин көшесі, 3.

      10. Осы Ереже Летовочный ауылдық округі әкімі аппаратының құрылтайшы құжаты болып табылады.

      11. Летовочный ауылдық округі әкімі аппаратының қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Летовочный ауылдық округі әкімі аппаратының қызметтері болып табылатын, міндеттемелерді орындаған жағдайда кәсіпкерлік субъектілермен шарттық қатым-қатынас жасауға тыйым салынады.

2 тарау. Мемлекеттік органның міндеттері және өкілеттілігі

      13. Міндеттері:

      1) әкімнің қызметін ақпараттық - талдау тұрғысынан, ұйымдық - құқықтық, материалдық - техникалық және қаржы - шаруашылық жағынан қамтамасыз ету;

      2) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының, өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес кадрлық жұмыстарды жүргізу;

      3) Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының және Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының, жоғары тұрған өкілді және атқарушы органдар, облыс, аудан әкімінің қаулылары, шешімдері мен өкімдерінің орындалуын бақылау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

      4) "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес қала әкімінің құқықтық және нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу;

      5) "Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексі" Қазақстан Республикасының Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың;

      6) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 4-1) тармақшасына сәйкес Летовочный ауылдық округі әкімінің аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламалардың жобаларын әзірлеу;

      7) әскери міндеттілердің, шақыру учаскесіне тіркелуге және мерзімді әскери қызметке шақыруға жататын адамдардың бастапқы есебін жүргізу, "Жұмылдыру дайындығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 3-тармағына сәйкес әскери міндеттілік және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру туралы заңнаманы сақтау мәселелері бойынша қала әкімінің құзыреті шегінде жұмысты ұйымдастыру және жұмылдыру, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 9) тармақшасы;

      8) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 35 бабы 1 тармағы 12) тармақшасына сәйкес, қала аумағында тұратын аз қамтылған тұлғаларды анықтауға, жоғары тұрған органдарға жұмыспен қамту бойынша, әлеуметтік көмек көрсету, жалғызбасты қарттарға және еңбекке қабілетсіз азаматтарға үйде қызмет көрсетуді бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.

      9) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 16) тармақшасына сәйкес шаруашылық бойынша есепке алуды жүзеге асыру;

      10) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 18) тармақшасына сәйкес ауылдық округ аумағында орналасқан мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту ұйымдарының, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз ету;

      11) "Мемлекеттік қызметтер туралы" Заңының, басқа да құқықтық актілердің талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету;

      12) "Медиация туралы" Заңының орындалуы бойынша жұмыстарды ұйымдастыру

      13) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Летовочный ауылдық округі аумағында жергілікті қоғамдастық жиындарын және жергілікті қоғамдастық жиналыстарын өткізу.

      14. Өкілеттілік

      1) құқықтар:

      мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрату және алу;

      мүліктік және мүліктік емес құқықтарды сатып алу және жүзеге асыру;

      мемлекеттік басқару органдарының, мұрағаттардың, ғылыми мекемелердің ақпараттық деректер базаларын пайдалану;

      шарттар, келісімдер жасасу;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көзделген құқықтарға ие болу.

      2) міндеттері:

      қолданыстағы заңнамаға сәйкес халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсету;

      Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, облыс әкімі мен әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау;

      қолданыстағы заңнамада көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асырады.

      15. Функциялары:

      1) Летовочный ауылдық округі әкімінің аппараты өз құзыреті шегінде:

      жергілікті қоғамдастық жиынын, ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын, жергілікті қоғамдастық жиналысын өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

      жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын, жергілікті қоғамдастықтың жиыны мен жиналысын шақырудың уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей, интернет-ресурс (ауылдық округ әкімі аппаратының сайты, Facebook) туралы хабарлайды;

      Летовочный ауылдық округі әкімі мақұлдаған және жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында қабылданған шешімдердің орындалуын қамтамасыз етеді;

      Летовочный ауылдық округі бюджетінің жоспарлануын және орындалуын қамтамасыз етеді;

      Летовочный ауылдық округі бюджетінің атқарылуы туралы есепті жергілікті қоғамдастық жиналысына және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихатына ұсынады;

      Летовочный ауылдық округі бюджетін іске асыру туралы шешім қабылдайды;

      жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасын әзірлейді және жергілікті қоғамдастық жиналысының бекітуіне ұсынады;

      Летовочный ауылдық округі коммуналдық мүлкіне жататын объектілерді салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша Тапсырыс беруші болады;

      жергілікті өзін - өзі басқарудың коммуналдық мүлкін мақсатты және тиімді пайдалануға бақылауды жүзеге асырады;

      жергілікті өзін - өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын жүзеге асырады;

      Летовочный ауылдық округі коммуналдық меншігіндегі коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға алып қойылған мүлікті күтіп ұстау және оны кейіннен баланстан шығара отырып өзге тұлғаға бергенге дейін сақталуын қамтамасыз ету мерзімін белгілейді;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкі мәселелері бойынша мемлекет мүддесін білдіреді, Летовочный ауылдық округі меншік құқығын қорғауды жүзеге асырады;

      сенімгерлік басқарушының жергілікті өзін - өзі басқарудың коммуналдық мүлкін сенімгерлік басқару шарты бойынша міндеттемелерді орындауын бақылауды жүзеге асырады;

      Летовочный ауылдық округі коммуналдық меншігіндегі коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарды дамыту жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін есепке алуды ұйымдастырады, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;

      2) жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісім бойынша Летовочный ауылдық округі әкімінің аппараты:

      өз құзыреті шегінде жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқару саласындағы құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;

      егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;

      шешім қабылдайды және жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде объектіні жекешелендіруге дайындау процесінде оның сақталуын қамтамасыз етеді, жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісінің сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу - сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      Летовочный ауылдық округі коммуналдық меншігіндегі коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсатын, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның түрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) айқындайды;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғасына берілген немесе ол өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде сатып алған мүлікті алып қоюды немесе қайта бөлуді жүзеге асырады;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларының артық, пайдаланылмайтын не мақсатқа сай пайдаланылмайтын мүлкін алып қоюды жүзеге асырады;

      жергілікті өзін - өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз не кейіннен сатып алу құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға береді;

      әкіммен келісім бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларын құру, қайта ұйымдастыру, атауын өзгерту және тарату туралы шешім қабылдайды;

      коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға бекітіліп берілген мүлікті (ол өндірген өнімді сатуды қоспағанда) иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуге, филиалдар мен өкілдіктер құруға, сондай-ақ дебиторлық берешекті беруге және есептен шығаруға келісім береді;

      жергілікті өзін - өзі басқарудың мемлекеттік заңды тұлғаларының жарғысын (ережесін), оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;

      Летовочный ауылдық округі коммуналдық меншігіндегі мүлкі бар коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындайды;

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда мүлкі Келлер ауылдық округі коммуналдық меншігіндегі Мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді қарайды, келіседі және бекітеді;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін пайдалану туралы, оның ішінде оны кепілге, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жергілікті өзін - өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына бекітеді;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін иеліктен шығару туралы шешім қабылдайды;

      Қазақстан Республикасының заңнамасымен ұсынылған функцияларды жүзеге асырады.

3 тарау. Мәртебе, Мемлекеттік органның бірінші басшының өкілеттілігі

      16. Летовочный ауылдық округі әкімі аппаратына басшылықты Летовочный ауылдық округі әкімінің аппаратына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы – Летовочный ауылдық округінің әкімі жүзеге асырады.

      17. Летовочный ауылдык округ әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      18. Летовочный ауылдық округ әкімінің өкілеттілігі:

      әкім аппаратының жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылықты жүзеге асырады;

      жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында қабылданған шешімдерді қарайды, олардың орындалуын қамтамасыз етеді;

      Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген бюджет қаражатын үнемдеу және (немесе) түсімдер есебінен қызметкерлерді еңбек шарты бойынша қабылдайды;

      Мемлекеттік мекемелердің өздерінің иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жасайды және бекітеді;

      Летовочный ауылдық округінің тұрғын үй қорына түгендеу жүргізеді;

      аудан әкімімен және жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісім бойынша Летовочный ауылдық округінің авариялық тұрғын үйлерін бұзуды ұйымдастырады;

      мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бағдарламалық құжаттары шеңберінде ауыл халқына микрокредит беруге жәрдем көрсетеді;

      Қазақстан Республикасының заңдарымен және өзге де нормативтік құқықтық актілерімен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Летовочный ауылдық округі әкімінің өкілеттіктерін орындауды ол болмаған кезеңде оны алмастыратын адам қолданыстағы заңнамамен жүзеге асырады.

4 тарау. Ауылдық округ әкімі аппаратының мүлкі

      19. Летовочный ауылдық округ әкімінің аппараты заңдылықтармен қарастырылған жағдайда өзіне тиесілі мүлікті иеленуге құқығы бар.

      Летовочный ауылдық округ әкімі аппаратының мүлкі меншік иесінің оған иелікке берілген мүлік есебінен қалыптасады, сондай - ақ Қазақстан Республикасындағы заңдылықтармен тыйым салынбаған өзінің қызметінің нәтижесінде және басқа көздерден (ақша кірісін қоса) алынған мүліктер.

      20. Летовочный ауылдық округ әкімі аппаратына бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      21. Летовочный ауылдық округ әкімінің аппараты егер басқасы заңдылықтармен бекітілмеген болса, қаржыландыру жоспары бойынша берілген қор есебінен сатып алынып, оған бекітілген мүлікті өз еркімен иеліктен шығаруға немесе басқа да тәсілмен пайдалануға құқылы емес.

5 тарау. Мемлекеттік органның жойылуы және қайта құрылуы

      22. Летовочный ауылдық округ әкімінің аппаратының жойылуы және таратылуы Қазақстан Республикасындағы заңдылықтарға сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения коммунального государственного учреждения "Аппарат акима Летовочного сельского округа Тайыншинского района Северо-Казахстанской области"

Постановление акимата Тайыншинского района Северо-Казахстанской области от 29 декабря 2022 года № 461

      В соответствии со статьями 31, 37 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 сентября 2021 года № 590 "О некоторых вопросах организации деятельности государственных органов и их структурных подразделений", акимат Тайыншинского района Северо-Казахстанской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить Положение о коммунальном государственном учреждении "Аппарат акима Летовочного сельского округа Тайыншинского района Северо-Казахстанской области".

      2. Коммунальному государственному учреждению "Аппарат акима Летовочного сельского округа Тайыншинского района Северо-Казахстанской области" обеспечить:

      в течение двадцати календарных дней со дня подписания настоящего постановления направление его копии в электронном виде на казахском и русском языках в филиал республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан по Северо-Казахстанской области для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акима Летовочного сельского округа Тайыншинского района Северо-Казахстанской области после его официального опубликования;

      произвести регистрацию вышеуказанного Положения в регистрирующем органе в установленном законодательством порядке.

      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким Тайыншинского района Б. Альжанов

  Утверждено
  постановлением акимата
  Тайыншинского района
  Северо-Казахстанской области
  от "___" ________________ 2022 года № ____

ПОЛОЖЕНИЕ о коммунальном государственном учреждении "Аппарат акима Летовочного сельского округа Тайыншинского района Северо - Казахстанской области"

Глава 1. Общие положения

      1. Коммунальное государственное учреждение "Аппарат акима Летовочного сельского округа Тайыншинсого района Северо - Казахстанской области" (далее – аппарат акима) является государственным учреждением, обеспечивающим деятельность акима Летовочного сельского округа (далее – аким) и осуществляющим функции, предусмотренные законодательством Республики Казахстан.

      2. Аппарат акима Летовочного сельского округа не имеет ведомств.

      3. Аппарат акима Летовочного сельского округа осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением об аппарате акима.

      4. Аппарат акима Летовочного сельского округа является юридическим лицом в организационно - правовой форме государственного учреждения, в соответствии с законодательством Республики Казахстан имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, счета в органах казначейства в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      5. Аппарат акима Летовочного сельского округа вступает в гражданско - правовые отношения от собственного имени.

      6. Аппарат акима Летовочного сельского округа имеет право выступать стороной гражданско - правовых отношений от имени государства если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      7. Аппарат акима Летовочного сельского округа по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые решениями руководителя и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.

      8. Структура и лимит штатной численности аппарата Летовочного сельского округа утверждаются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      9. Местонахождение юридического лица: 151027, Республика Казахстан, Северо - Казахстанская область, Тайыншинский район, село Летовочное, улица Гагарина, 3.

      10. Настоящее положение является учредительным документом аппарата акима Летовочного сельского округа.

      11. Финансирование деятельности аппарата акима Летовочного сельского округа осуществляется из местного бюджета.

      12. Аппарату акима Летовочного сельского округа запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями аппарата акима города.

Глава 2. Задачи и полномочия государственного органа

      13. Задачи:

      1) информационно - аналитическое, организационно - правовое, материально - техническое и финансово - хозяйственное обеспечение деятельности акима;

      2) проведение кадровой работы в соответствии с требованиями Трудового кодекса Республики Казахстан, Закона Республики Казахстан "О государственной службе Республики Казахстан", иных нормативных правовых актов;

      3) организация работы по контролю за исполнением Законов Республики Казахстан, Указов Президента Республики Казахстан и Постановлений Правительства Республики Казахстан, постановлений, решений и распоряжений вышестоящих представительных и исполнительных органов, акима области, района;

      4) разработка проектов правовых и нормативных правовых актов акима сельского округа в соответствии с требованиями Закона Республики Казахстан "О правовых актах";

      5) регистрация и рассмотрение обращений, заявлений, жалоб физических и юридических лиц в соответствии с Кодексом Республики Казахстан "Административный процедурно-процессуальный кодекс Республики Казахстан", подпунктом 2) пункта 1 статьи 35 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан";

      6) разработка проектов бюджетных программ, администратором которых выступает аппарат акима Летовочного сельского округа в соответствии с Бюджетным Кодексом Республики Казахстан, подпунктом 4-1) пункта 1 статьи 35 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан";

      7) ведение первичного учета военнообязанных, лиц, подлежащих приписке к призывному участку и призыву на срочную воинскую службу, организация работы в пределах компетенции акима города по вопросам соблюдения законодательства о воинской обязанности и воинской службе, гражданской обороне, а также мобилизационной подготовке и мобилизации в соответствии с пунктом 3 статьи 9 Закона Республики Казахстан "О мобилизационной подготовке и мобилизации", подпунктом 9) пункта 1 статьи 35 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан";

      8) организация работы по выявлению малообеспеченных лиц, внесению в вышестоящие органы предложений по обеспечению занятости, оказанию адресной социальной помощи, по обслуживанию одиноких престарелых и нетрудоспособных граждан на дому в соответствии с подпунктом 12 пункта 1 статьи 35 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан";

      9) осуществление похозяйственного учета в соответствии с подпунктом 16 пункта 1 статьи 35 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан";

      10) обеспечение деятельности организаций дошкольного воспитания и обучения, учреждений культуры, находящихся на территории сельского округа в соответствии с подпунктом 18 пункта 1 статьи 35 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан";

      11) оказание государственных услуг в соответствии с требованиями Закона Республики Казахстан "О государственных услугах", иных нормативных правовых актов;

      12) организация работы по исполнению Закона Республики Казахстан "О медиации";

      13) проведение сходов местного сообщества и собраний местного сообщества на территории Летовочного сельского округа, в соответствии с Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан".

      14. Полномочия:

      1) права:

      запрашивать и получать необходимую информацию, документы и иные материалы от должностных лиц государственных органов и других организаций;

      приобретать и осуществлять имущественные и неимущественные права;

      пользоваться информационными базами данных органов государственного управления, архивов, научных учреждений;

      заключать договора, соглашения;

      иметь права, предусмотренные в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      2) обязанности:

      качественно оказывать государственные услуги населению в соответствии с действующим законодательством;

      качественно и своевременно исполнять акты и поручения Президента, Правительства Республики Казахстан и иных центральных исполнительных органов, акима и акимата области;

      осуществлять обязанности, предусмотренные действующим законодательством.

      15. Функции:

      1) Аппарат акима Летовочного сельского округа в рамках своей компетенции:

      обеспечивает организацию проведения схода местного сообщества, раздельного схода местного сообщества жителей села, улицы, многоквартирного жилого дома, собрания местного сообщества;

      оповещает о времени, месте созыва раздельного схода местного сообщества, схода и собрания местного сообщества и обсуждаемых вопросах не позднее чем за десять календарных дней до дня их проведения через средства массовой информации, интернерт-ресурсе (сайте аппарата акима сельского округа, Facebook);

      обеспечивает исполнение решений, принятых на сходе местного сообщества или собрании местного сообщества и одобренных акимом Летовочного сельского округа;

      обеспечивает планирование и исполнение бюджета Летовочного сельского округа;

      представляет собранию местного сообщества и в маслихат района (города областного значения) отчет об исполнении бюджета Летовочного сельского округа;

      принимает решение о реализации бюджета Летовочного сельского округа;

      разрабатывает и представляет на утверждение собрания местного сообщества программу развития местного сообщества;

      выступает заказчиком по строительству, реконструкции и ремонту объектов, относящихся к коммунальному имуществу Летовочного сельского округа;

      осуществляет контроль за целевым и эффективным использованием коммунального имущества местного самоуправления;

      осуществляет права субъекта права коммунальной собственности по отношению к коммунальным юридическим лицам местного самоуправления;

      устанавливает коммунальному государственному предприятию, имущество которого находится в коммунальной собственности Летовочного сельского округа, срок содержания и обеспечения сохранности изъятого имущества до его передачи иному лицу с последующим списанием с баланса;

      представляет интересы государства по вопросам коммунального имущества местного самоуправления, осуществляет защиту права собственности Летовочного сельского округа;

      осуществляет контроль за выполнением доверительным управляющим обязательств по договору доверительного управления коммунальным имуществом местного самоуправления;

      осуществляет контроль и анализ выполнения планов развития коммунальных государственных предприятий, имущество которых находится в коммунальной собственности Летовочного сельского округа;

      организует учет коммунального имущества местного самоуправления, обеспечивает его эффективное использование;

      2) Аппарат акима Летовочного сельского округа по согласованию с собранием местного сообщества:

      разрабатывает проекты правовых актов в сфере управления коммунальным имуществом местного самоуправления в пределах своей компетенции;

      управляет коммунальным имуществом местного самоуправления, если иное не предусмотрено законами Республики Казахстан, осуществляет меры по его защите;

      принимает решение и осуществляет приватизацию коммунального имущества местного самоуправления, в том числе обеспечивает его сохранность в процессе подготовки объекта к приватизации, привлекает посредника для организации процесса приватизации, обеспечивает оценку объекта приватизации, осуществляет подготовку и заключение договоров купли-продажи объекта приватизации и контроль за соблюдением условий договоров купли - продажи;

      определяет предмет и цели деятельности коммунального государственного предприятия, имущество которого находится в коммунальной собственности Летовочного сельского округа, а также вид коммунального государственного предприятия (на праве хозяйственного ведения или казенное предприятие), осуществляющего такую деятельность;

      осуществляет изъятие или перераспределение имущества, переданного коммунальному юридическому лицу местного самоуправления или приобретенного им в результате собственной хозяйственной деятельности;

      осуществляет изъятие излишнего, неиспользуемого либо используемого не по назначению имущества коммунальных юридических лиц местного самоуправления;

      предоставляет коммунальное имущество местного самоуправления в имущественный наем (аренду), доверительное управление физическим лицам и негосударственным юридическим лицам без права последующего выкупа либо с правом последующего выкупа;

      принимает решение о создании, реорганизации, изменении наименования и ликвидации коммунальных юридических лиц местного самоуправления по согласованию с акимом;

      дает согласие коммунальному государственному предприятию на отчуждение или распоряжение иным способом, закрепленным за ним имуществом (за исключением продажи произведенной им продукции), создание филиалов и представительств, а также на передачу и списание дебиторской задолженности;

      утверждает устав (положение) государственных юридических лиц местного самоуправления, внесение в него изменений и дополнений;

      определяет приоритетные направления деятельности и обязательные объемы работ (услуг), финансируемых из бюджета, коммунальных государственных предприятий, имущество которых находится в коммунальной собственности Летовочного сельского округа;

      рассматривает, согласовывает в случаях, предусмотренных Законом Республики Казахстан "О государственном имуществе", и утверждает планы развития государственных предприятий, имущество которых находится в коммунальной собственности Летовочного сельского округа, и отчеты по их исполнению;

      принимает решения об использовании коммунального имущества местного самоуправления, в том числе о передаче его в залог, аренду, безвозмездное пользование и доверительное управление;

      закрепляет коммунальное имущество местного самоуправления за коммунальными юридическими лицами местного самоуправления;

      принимает решение об отчуждении коммунального имущества местного самоуправления;

      осуществляет функции, предоставленные законодательством Республики Казахстан.

Глава 3. Статус, полномочия первого руководителя государственного органа

      16. Руководство аппарата акима Летовочного сельского округа осуществляется первым руководителем – акимом Летовочного сельского округа, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на аппарат акима Летовочного сельского округа задач и осуществление им своих полномочий.

      17. Аким Летовочного сельского округа назначается на должность и освобождается от должности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      18. Полномочия акима Летовочного сельского округа:

      организует работу аппарата акима, осуществляет руководство его деятельностью;

      рассматривает решения, принятые на сходе местного сообщества или собрании местного сообщества, обеспечивает их исполнение;

      принимает работников по трудовому договору за счет экономии бюджетных средств и (или) поступлений, предусмотренных законодательством Республики Казахстан о местном государственном управлении и самоуправлении;

      составляет и утверждает сводный план поступлений и расходов денег от реализации государственными учреждениями товаров (работ, услуг), остающихся в их распоряжении, в соответствии с бюджетным законодательством Республики Казахстан;

      проводит инвентаризацию жилищного фонда Летовочного сельского округа;

      организует по согласованию с акимом района и собранием местного сообщества снос аварийного жилья Летовочного сельского округа;

      оказывает содействие микрокредитованию сельского населения в рамках программных документов системы государственного планирования;

      осуществляет иные полномочия, возложенные законами и иными нормативными правовыми актами Республики Казахстан.

      Исполнение полномочий акима Летовочного сельского округа в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.

Глава 4. Имущество аппарата акима

      19. Аппарат акима Летовочного сельского округа может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.

      Имущество аппарата акима Летовочного сельского округа формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности, и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.

      20. Имущество, закрепленное за аппаратом акима Летовочного сельского округа относится к коммунальной собственности Летовочного сельского округа.

      21. Аппарат акима Летовочного сельского округа не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным заним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

Глава 5. Реорганизация и упразднение государственного органа

      22. Реорганизация и упразднение аппарата акима Летовочного сельского округа осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан.