Атырау облысының аумағында үй жануарларын ұстау және серуендету қағидаларын бекіту туралы

Атырау облыстық мәслихатының 2022 жылғы 19 тамыздағы № 178-VII шешімі

      "Жануарларға жауапкершілік пен қарау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 8 – бабының 1) тармақшасына сәйкес, Атырау облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, Атырау облысының аумағында үй жануарларын ұстау және серуендету қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ескерту. 2-тармақ орыс тілінде жаңа редакцияда, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді – Атырау облыстық мәслихатының 31.05.2024 № 92-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Мәслихат хатшысының
міндетін атқарушысы
Қ. Қоныс

  Атырау облыстық
мәслихатының 2022 жылғы 19
тамыздағы № 178-VII шешіміне
қосымша

Атырау облысының аумағында үй жануарларын ұстау және серуендету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Атырау облысының аумағында үй жануарларын ұстау және серуендету қағидалары (бұданәрі – Қағидалар) "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 9 – бабының 1 тармағының 1) тармақшасына және "Үй жануарларын ұстаудың және серуендетудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 20 мамырдағы № 168 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 20 мамырда № 28138 болып тіркелген) сәйкес әзірленді және үй жануарларын ұстаудың және серуендетудің тәртібін белгілейді.

      2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:

      1) жануардың иесі – жануар меншік құқығымен немесе өзгедей заттық құқықпен тиесілі болатын жеке немесе заңды тұлға;

      2) жауапты адам – жануар иесінің осы Заңда белгіленген құқықтары мен міндеттерін жануар иесінің жазбаша тапсырмасы бойынша өзіне алатын адам;

      3) иттерге арналған үйрету алаңы – иттерді үйрету үшін арнайы бөлінген, жаттығуға арналған арнаулы құралдармен жабдықталған қоршалған аумақ;

      4) үй жануарлары (компаньон жануарлар) (бұдан әрі – үй жануарлары) – қай түрге жататынына қарамастан, адам эстетикалық қажеттіліктері мен қарым-қатынас қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін дәстүрлі түрде асырайтын және өсіретін жануарлар;

      5) үй жануарларын серуендету – жануар иесінің және (немесе) жауапты адамның жануарды ұстау орнының шегінен тыс жерге шығаруды көздейтін және жануардың қозғалыс белсенділігіне, табиғи қажеттіліктерін атқаруға деген физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған әрекеттері;

      6) үй жануарларының (иттердің) еркін жүруі – жануардың тұмылдырықсыз және қарғыбаусыз ұстау иесінің қатысуымен үй-жайынан немесе аумағынан тыс жерде арнайы бөлінген аумақтарда, иттерді серуендетуге арналған алаңда немесе жануардың табиғи дене және физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін үйрету алаңында болуы;

      7) үй жануарларының өз бетінше серуендеуі – үй жануарларының ұстау орнынан тыс жерде жануар иесінсіз және (немесе) жауапты адамсыз өз бетінше болуы;

      8) ұстау орны – жануардың иесі және (немесе) жауапты адам пайдаланатын, жануар ұсталатын ғимараттар, құрылыстар, құрылысжайлар, үй-жайлар немесе жер учаскелері.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Атырау облыстық мәслихатының 31.05.2024 № 92-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

2-тарау. Үй жануарларын ұстау тәртібі

      3. Үй жануарларын ұстау жөніндегі талаптарға мыналар жатады:

      1) үй жануарларын күтіп-бағу жағдайлары олардың биологиялық, түрлік және жеке ерекшеліктеріне сәйкес келуге, олардың табиғи қажеттерін қанағаттандырады;

      2) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес үй жануарлары ауруларының профилактикасын, диагностикасын, оларды емдеуді және жоюды қамтамасыз ету болып табылады.

      4. Үй жануарының иесі және жауапты адамы, адамдар мен жануарлардың денсаулығына қауіп төндіруге, айналадағыларға зиян келтіруге жол бермейтін жағдайларды қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Атырау облыстық мәслихатының 31.05.2024 № 92-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      5. Үй жануарларын төмендегідей орындарда ұстауға рұқсат етілмейді:

      1) Қазақстан Республикасының жануарларға жауапкершілікпен қарау және денсаулық сақтау салаларындағы заңнамасының талаптары бұзылған кезде қоғамдық орындарда, ұстау орындарында;

      2) ортақ пайдаланылатын орындарда (баспалдақ алаңдары, жер төлелер, шатырлар, шектес балкондар, лоджиялар және ортақ пайдаланылатын қосалқы үй – жайлар);

      3) үй маңындағы аумақтарда (жеке тұрғын үйлердің үй маңындағы аумақтарынан басқа);

      4) асүйлер мен жатақхана дәліздерінде.

      6. Үй жануарларының иесі және жауапты адам тұрғын және тұрғын емес үй – жайлардың, оның ішінде кондоминиум объектілерінің, қоғамдық орындардың үй жануарларымен ластануына, қоршаған ортаға зиян келтіруіне жол берілмейді.

      7. Бірнеше отбасы тұратын тұрғынжайда (жеке тұрғын үй, пәтер, жатақханадағы бөлме, модульдік (мобильді) тұрғын үй) үй жануарларын ұстау медициналық қарсы көрсетілімдерді ескере отырып, барлық тұратын кәмелетке толған отбасы мүшелерінің келісімімен жүзеге асырылады.

      8. Бау – бақша, саяжай кооперативтерінің, демалыс үйлерінің аумақтарында санитариялық-гигиеналық ережелердің талаптарын сақтай отырып, үй жануарларын ұстауға жол беріледі.

      8-1. Үй жануарларының иесі немесе жауапты адамы осы аумаққа кіреберісте жануар иесінің ерекше жауапкершілігін талап ететін үй жануарының бар екендігі туралы ескерту жазбаны жүзеге асырады.

      Ескерту. Қағида 8-1 тармақпен толықтырылды - Атырау облыстық мәслихатының 31.05.2024 № 92-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      9. Қонақүйге әкімшілікпен келісім бойынша иесіне итпен немесе мысықпен қоныстануға рұқсат етіледі.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - Атырау облыстық мәслихатының 31.05.2024 № 92-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      10. Үй жануарларын қараусыз қалдыруға жол берілмейді. Қарау мүмкін болмаған жағдайда үй жануарының иесі немесе жауапты тұлға:

      1) жануарды үй жануарларына арналған панажайға уақытша күтіп – бағуға орналастырады;

      2) үшінші адамдарға уақытша күтіп – бағуға береді;

      3) зоологиялық жатын жайға орналастырады.

      11. Үй жануарын одан әрі ұстау мүмкін болмаған жағдайда жануар иесі және жауапты адам үй жануарын одан әрі орналастыруға шаралар қабылдайды.

      11-1. Жануардан бас тарту оған басқа адам меншік құқығын иленгенге дейін иесінің үй жануарына қатысты міндеттерін тоқтатуға әкеп соқпайды.

      Ескерту. Қағида 11-1 тармақпен толықтырылды - Атырау облыстық мәслихатының 31.05.2024 № 92-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      12. Иттерді өздігінен серуендеуін және адамдар мен жануарларға шабуыл жасауды болдырмайтын жағдайларда ұсталады. Мұндай жағдайлар болмаған жағдайда ит байлануы немесе үйшікте болады.

3-тарау. Үйжануарларын серуендету тәртібі

      13. Үй жануарларын серуендету адамдардың, басқа жануарлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, адамдардың мүлкіне үй жануарларының зиян келтіруден қорғау талабымен жүзеге асырылады.

      14. Үй жануарларының иесі және жауапты адам қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында облыстың жергілікті өкілді органы белгілеген тәртіппен үй жануарларын серуендету ережелерін сақтайды.

      15. Жануар иесінің ерекше жауапкершілігін талап ететін үй жануары жануардың иесіне және (немесе) жауапты адамға меншік құқығымен немесе өзге де заңды негізде тиесілі қоршалған аумақта болатын жағдайларды қоспағанда, серуендету орнына қарамастан, жануар иесінің ерекше жауапкершілігін талап ететін үй жануарларын тұмылдырықсыз және 1,5 (бір жарым) метрден асатын қарғыбаусыз серуендетуге рұқсат етілмейді.

      Үй жануарларын серуендету кезінде иелері мен жауапты адамдар мынадай талаптарды сақтайды (ерекше жауапкершілікті талап ететін үй жануарларын қоспағанда):

      1) ит қоғамдық орындарда 2 (екі) метрден аспайтын қарғыбауда болуы керек;

      2) тұмылдырық итке оны тасымалдау кезінде, адамдар көп жиналатын жерде, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар, мекемелер белгілеген орындарда кигізіледі;

      3) кез келген тұқымды мысықтар мен олардың местизосы әбзел мен қарғыбаумен жүреді;

      4) магистральдар маңындағы көшелер арқылы өту кезінде жол-көлік оқиғаларын және жолдың жүріс бөлігінде оның өлуін болдырмау үшін үй жануарлары 1,5 (бір жарым) метрден аспайтын қысқа қарғыбауға алынады;

      5) иесі итті иесінің осы ғимараттың ішінде болған уақытына ғимараттың жанында ерікті түрде шешілуін болдырмайтын байламда және 1,5 (бір жарым) метрден аспайтын қысқа қарғыбаумен тұмылдырықта қалдыра алады;

      6) иттерді серуендетуге тыйым салынған жерлерде ит иесі немесе жауапты адам айналасындағыларға қауіп төндірмей, тұмылдырықпен және 1,5 (бір жарым) метрден аспайтын қысқа қарғыбауда итпен аумақты кесіп өтуіне болады;

      7) иттерді еркін серуендетуге арнайы бөлінген аумақтарда, алаңда иттерді еркін серуендетуге жол беріледі.

      Иттерді серуендетуге тыйым салынатын орындар тиісті белгімен белгіленуге тиіс.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - Атырау облыстық мәслихатының 31.05.2024 № 92-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      16. Иттермен қорғалатын бекітілген аумақтары бар иелер иттерді өздерінің базаларында, қоймаларында, өндірістік үй – жайларында тек түнгі уақытта және қоршалған аумақта еркін серуендетеді. Күндізгі уақытта иттер байлауда немесе үйшікте болады.

      17. Елді мекен аумағында мыналарға:

      1) иттердің еркін жүруі;

      2) өздерінің мінез-құлқын ұстауға қауқарсыз, оның ішінде алкагольден, есірткіден, уытқұмарлықтан мас күйдегі адамдарға үй жануарларын серуендетуге және олармен қоғамдық орындарда және көлікте бірге болуға;

      3) әкімшілікпен келісім бойынша спорттық және өзге де іс-шаралар ұйымдарын қоспағанда мектепке дейінгі балалар, білім беру, дене шынықтыру-спорт және медициналық, емдеу ұйымдарының, мәдениет ұйымдарының, балалар және спорттық ойын алаңдарының аумақтарында және серуендеуге арналмаған тыйым салу белгілері белгіленген аумақтарда үй жануарларын серуендетуге;

      4) адамдарға шомылуға рұқсат етілген аумақта, тоғандарда, фонтандар мен су қабылдағыштарда үй жануарларын шомылдыруға және жуындыруға рұқсат етілмейді.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - Атырау облыстық мәслихатының 31.05.2024 № 92-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      17-1. Коммерциялық, коммерциялық емес, діни ұйымдардың, балалар, медициналық немесе білім беру ұйымдарының аумағында үй жануарларының болуын және оларды күтіп-ұстауды осы ұйымдар мен мекемелердің меншік иесі (әкімшілік) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес айқындайды.

      Ескерту. Қағида 17-1 тармақпен толықтырылды - Атырау облыстық мәслихатының 31.05.2024 № 92-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      18. Жануарларға жауапкершілікпен қарау саласында үй жануарларын серуендетуге не өзге мақсатта жануарлармен жүруге тыйым салынған орындарды айқындайды, сондай – ақ қажет болған кезде үй жануарларын серуендетуге арналған орындарды облыстың жергілікті атқарушы органдары жабдықтайды.

Об утверждении правил содержания и выгула домашних животных на территории Атырауской области

Решение Атырауского областного маслихата от 19 августа 2022 года № 178-VII

      В соответствии с подпунктом 1) статьи 8 Закона Республики Казахстан "Об ответственном обращении с животными", Атырауский областной маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемые правила содержания и выгула домашних животных на территории Атырауской области, согласно приложению к настоящему решению.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Сноска. Пункт 2 - в редакции решения Атырауского областного маслихата от 31.05.2024 № 92-VIII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Исполняющий обязанности
секретаря маслихата
К. Коныс

  Приложение к решению
Атырауского областного
маслихата от 19 августа 2022
года № 178-VII

Правила содержания и выгула домашних животных на территории Атырауской области

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие правила содержания и выгула домашних животных на территории Атырауской области (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 1) пункта 1 статьи 9 Закона Республики Казахстан "Об ответственном обращении с животными" (далее – Закон) и приказом Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 20 мая 2022 года № 168 "Об утверждении типовых правил содержания и выгула домашних животных" (зарегистрированное в Министерстве юстиции Республики Казахстан 20 мая 2022 года № 28138) и определяют порядок содержания и выгула домашних животных.

      2. В Правилах используются следующие основные понятия и термины:

      1) владелец животного – физическое или юридическое лицо, которому животное принадлежит на праве собственности или ином вещном праве;

      2) ответственное лицо – лицо, которое несет права и обязанности владельца животного, установленные Законом, по письменному поручению владельца животного;

      3) дрессировочная площадка для собак – огороженная территория, оборудованная специальными снарядами для тренировки, специально отведенная для дрессировки собак;

      4) домашние животные (животные-компаньоны) (далее - домашние животные) – животные вне зависимости от вида, которые традиционно содержатся и разводятся человеком для удовлетворения эстетических потребностей и потребностей в общении;

      5) выгул домашних животных – действия владельца животного и (или) ответственного лица, предполагающие выведение животного за пределы места его содержания и направленные на удовлетворение физиологических потребностей животного в двигательной активности, отправление естественных потребностей;

      6) свободный выгул домашних животных (собак) – пребывание животного без намордника и поводка вне помещения или территории содержания, в присутствии владельца, на специально отведенных территориях, на площадке для выгула собак или на дрессировочной площадке для удовлетворения естественных физических и физиологических потребностей животного;

      7) самовыгул домашних животных – самостоятельное пребывание домашних животных вне места содержания без присутствия владельца животного и (или) ответственного лица;

      8) место содержания – используемые владельцем животного и (или) ответственным лицом здания, строения, сооружения, помещения или земельные участки, где животное содержится.

      Сноска. Пункт 2 - в редакции решения Атырауского областного маслихата от 31.05.2024 № 92-VIII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 2. Порядок содержания домашних животных

      3. К требованиям по содержанию домашних животных относятся:

      1) условия содержания домашних животных, соответствуют их биологическим, видовым и индивидуальным особенностями, удовлетворяют их естественные потребности;

      2) обеспечение профилактики, диагностики, лечения и ликвидации болезней домашних животных в соответствии с требованиями законодательства Республики Казахстан в области ветеринарии.

      4. Владельцем и ответственным лицом домашнего животного обеспечиваются условия, не допускающие возникновения опасности здоровью людей, животных и вред окружающим.

      Сноска. Пункт 4 - в редакции решения Атырауского областного маслихата от 31.05.2024 № 92-VIII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      5. Не допускается содержание домашнего животного:

      1) в общественных местах, в местах содержания при нарушении требований законодательства Республики Казахстан в области ответственного обращения с животными и здравоохранения;

      2) в местах общего пользования (лестничные площадки, подвалы, чердаки, сопредельные балконы, лоджии и подсобные помещения общего пользования);

      3) на придомовых территориях (кроме придомовых территорий индивидуальных жилых домов);

      4) в кухнях и коридорах общежитий.

      6. Владельцем домашнего животного и ответственным лицом не допускается загрязнение домашними животными жилых и нежилых помещений, в том числе объектов кондоминиума, общественных мест и нанесения вреда окружающей среде.

      7. Содержание домашних животных в жилище (индивидуальный жилой дом, квартира, комната в общежитии, модульный (мобильный) жилой дом), занятых несколькими семьями, осуществляется с согласия всех проживающих совершеннолетних членов семей, с учетом медицинских противопоказаний.

      8. Содержание домашних животных на территориях садоводческих, огороднических, дачных кооперативов, домов отдыха допускается с соблюдением требований законодательства Республики Казахстан в области здравоохранения.

      8-1. Владелец домашнего животного или ответственное лицо при наличии домашнего животного, требующего особой ответственности владельца животного, осуществляет предупредительную надпись при входе на данную территорию.

      Сноска. Правила дополнены пунктом 8-1 в соответствии с решением Атырауского областного маслихата от 31.05.2024 № 92-VIII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      9. Допускается заселение в гостинице владельца с собакой или кошкой по согласованию с администрацией.

      Сноска. Пункт 9 - в редакции решения Атырауского областного маслихата от 31.05.2024 № 92-VIII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      10. Не допускается оставление домашних животных без присмотра. В случае невозможности присмотра, владелец домашнего животного или ответственное лицо:

      1) помещает животное на временное содержание в приют для домашних животных;

      2) передает его на временное содержание третьим лицам;

      3) помещает в зоологическую гостиницу.

      11. В случае невозможности дальнейшего содержания домашнего животного владелец и ответственное лицо принимает меры к дальнейшему устройству домашнего животного.

      11-1. Отказ от животного не влечет прекращения обязанностей владельца в отношении домашнего животного до приобретения права собственности на него другим лицом.

      Сноска. Правила дополнены пунктом 11-1 в соответствии с решением Атырауского областного маслихата от 31.05.2024 № 92-VIII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      12. Собаки содержатся в условиях, исключающих их самовыгул и нападение на людей и животных. При отсутствии таких условий, собака находится в вольере или на привязи.

Глава 3. Порядок выгула домашних животных

      13. Выгул домашних животных осуществляется при условии обеспечения безопасности физических лиц и животных, а также защиты имущества физических или юридических лиц от нанесения вреда.

      14. Владелец домашнего животного и ответственное лицо в целях обеспечения общественной безопасности соблюдает выгул домашних животных в порядке, установленным местным представительным органом области.

      15. Выгул домашних животных, требующих особой ответственности владельца животного, без намордника и поводка, превышающего 1,5 (полутора) метра, независимо от места выгула не допускается, за исключением случаев, если домашнее животное, требующее особой ответственности владельца животного, находится на огороженной территории, принадлежащей владельцу животного и (или) ответственному лицу на праве собственности или ином законном основании.

      При выгуле домашних животных (за исключением домашних животных, требующих особой ответственности) владельцами и ответственными лицами соблюдаются следующие требования:

      1) собака находится в общественных местах на поводке не превышающего 2 (два) метра;

      2) намордник надевается на собаку при его транспортировке, в толпе людей, а также в местах, обозначенных местными исполнительными органами, организациями, учреждениями;

      3) кошки любых пород и их метисы выгуливаются на шлейке и поводке;

      4) при переходе через улицу, вблизи магистралей домашнее животное берется на короткий поводок не превышающий 1,5 (полутора) метров, во избежание дорожно-транспортных происшествий и его гибели на проезжей части;

      5) владелец может оставлять собаку на привязи и в наморднике на коротком поводке, не превышающем 1,5 (полутора) метра, исключающим произвольное развязывание, рядом со зданием на время, в течение которого владелец находится внутри этого здания;

      6) в местах, где выгул собак запрещен, владелец собаки или ответственное лицо может пересечь территорию с собакой в наморднике и на коротком поводке, не превышающем 1,5 (полутора) метра, не создавая опасности окружающим;

      7) свободный выгул собак допускается на специально отведенных территориях, на площадке для выгула собак.

      Места, запрещающие выгул собак, должны быть помечены соответствующим знаком.

      Сноска. Пункт 15 - в редакции решения Атырауского областного маслихата от 31.05.2024 № 92-VIII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      16. Владельцы и ответственные лица, имеющие закрепленные территории, охраняемые собаками содержат собак на своих базах, складах, производственных помещениях в свободном выгуле только в ночное время и на огороженной территории. В дневное время собаки находятся в вольере или на привязи.

      17. На территории населенного пункта не допускается:

      1) самовыгул собак;

      2) выгуливать домашних животных и находиться с ними в общественных местах и транспорте лицам, не способными контролировать их поведение, в том числе находящимися в состоянии алкогольного, наркотического, токсикоманического опьянения;

      3) выгуливать домашних животных на территориях детских дошкольных, образовательных, физкультурно-спортивных и медицинских, лечебных организаций, организаций культуры, детских и спортивных игровых площадок и на территориях, где установлены запрещающие знаки выгула домашних животных, кроме случаев организации спортивных и иных мероприятий по согласованию с администрацией;

      4) купать и мыть домашних животных на территории, где разрешено купание людей, в прудах, фонтанах и водозаборах.

      Сноска. Пункт 17 - в редакции решения Атырауского областного маслихата от 31.05.2024 № 92-VIII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      17-1. Нахождение и содержание домашних животных на территории коммерческих, некоммерческих, религиозных организаций, детских, лечебных или образовательных учреждений определяется собственником (администрацией) этих организаций и учреждений с соблюдением действующего законодательства Республики Казахстан.

      Сноска. Правила дополнены пунктом 17-1 в соответствии с решением Атырауского областного маслихата от 31.05.2024 № 92-VIII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      18. Местные исполнительные органы области в области ответственного обращения с животными определяют места, в которых запрещены выгул домашних животных либо нахождение с животными с иной целью, а также при необходимости оборудуют места для выгула домашних животных.