"Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Атырау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Атырау қаласы тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережесі бекітілсін.
2. Атырау қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі № 1803 "Атырау қаласы тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін жаңа мазмұнда редакциялау туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. "Атырау қаласы тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімінің міндетін атқарушы | Е. Умаров |
Атырау қаласы әкімдігінің 2022 жылғы "29" cәуірдегі № 944 қаулысына қосымша |
|
Атырау қаласы әкімдігінің 2022 жылғы "29" cәуірдегі № 944 қаулысымен бекітілді |
"Атырау қаласы тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Атырау қаласы тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (мемлекеттік органы) (бұдан әрі – Бөлім) жергілікті мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Бөлімнің ведомстволары жоқ.
3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы мемлекеттік тілде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Бөлім құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 060005, Атырау облысы, Атырау қаласы, Қ.Смағұлов көшесі 52А үй.
10. Осы ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Бөлім қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.
12. Бөлім кәсіпкерлік субъектілерімен Мекеменің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
13. Мақсаттары:
1) пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері өтініш берген кезде кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі есептің болуына тексеру жүргізу жатады.
2) жергілікті бюджет қаражаты есебінен кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жобалау ұйымын анықтауға және жобалау-сметалық құжаттаманы дайындауға конкурс өткізуге;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
14. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
Өз құзіреті шегінде мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан ақпаратты,құжаттарды және де өзге де материалдарды сұратуға және алуға;
Өзінің құзіретіне жатқызылған мәселелер бойынша сотта талапкер және жауапкер болуға құқығы бар;
2) Міндеттер;
Қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнама нормаларынсақтау;
Қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа міндеттерді орындауға;
15. Функциялары:
1) пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің кондоминиум нысанын басқару нысанын таңдау рәсімінің сақтауына, ағымдағы және жинақ шоттарын ашуына;
2) объектіде және көппәтерлі тұрғын үйдің маңындағы аумақта пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің ортақ мүлкін қолдану, күтіп ұстау, пайдалану және жөндеу тәртібінің сақталуына;
3) көппәтерлі тұрғын үйлерде (тұрғын ғимараттарда) үйге ортақ жылу, энергия, газ және су ресурстарын есепке алу аспаптарының болуы;
4) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің және оның инженерлік жабдықтарының техникалық жай-күйіне, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы қолданыстағы нормативтік-техникалық және жобалау құжаттарына сәйкес оны күтіп-ұстау және жөндеу бойынша жұмыстарды уақтылы орындалуына;
5) көппәтерлі тұрғын үйді маусымдық пайдалануға дайындау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға;
6) анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қабылданған шешімдер мен нұсқамалардың орындалуына;
7) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстардың сапасына;
8) елді мекеннің шекарасы шегінде тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газбен жабдықтау жүйелерінің тұрмыстық баллондары мен объектілерін қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылау функцияларын жүзеге асырады.
16. Бөлім өзіне жүктелген өкілеттіктерге сәйкес қауіпті техникалық құрылғыларды, атап айтқанда 0,07 мегаПаскальдан астам қысыммен және (немесе) 115 Цельсий градустан астам судың қайнау температурасы кезінде (жылумен жабдықтау ұйымдары) жұмыс істейтін бу және су жылыту қазандықтарын, 0,07 мегаПаскальдан астам қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды, жүк көтергіш механизмдерді, эскалаторларды, аспалы жолдарды, фуникулерлерді, әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі лифтілерді қауіпсіз пайдалануға мемлекеттік қадағалауды жүзеге асырады.
17. Бөлім әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің қауіпті техникалық құрылғыларын есепке қоюды және есептен шығаруды жүзеге асырады.
18. Бөлім елді мекендердің шекаралары шегінде тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде мемлекеттік бақылауды, сондай елді мекендердің шекаралары шегінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру кезінде жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында:
1) мемлекеттік бақылау және мемлекеттік қадағалау объектілері мен субъектілері туралы;
2) тексеру кестелері және олардың нәтижелері туралы;
3) анықталған кемшіліктер туралы, сондай-ақ әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарын сақтау туралы жасалған актілер мен шығарылған нұсқамалар туралы;
4) елді мекеннің шегінде құрылған жай серіктестіктердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу туралы ақпаратты орналастыру жолымен өз қызметінің ашықтығын қамтамасыз етеді.
19. Бөлім кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін, көппәтерлі тұрғын үйдің үй жанындағы жер учаскесін күтіп-ұстау сапасын бақылау және коммуналдық қызметтерді ұсыну бойынша нормативтік және әдістемелік құжаттарды дайындауға қатысады, сондай-ақ бақыланатын объектілердің иелеріне, көппәтерлі тұрғын үйлерді, әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін басқаруды және күтіп-ұстауды жүзеге асыратын кәсіпорындарға, ұйымдарға немесе азаматтарға, оның ішінде жеке және заңды тұлғаларға "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келіп түскен өтініштер бойынша консультациялық көмек көрсетеді.
20. Бөлім "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды ұсынады.
21. Кәсіпкерлік субъектілерін тексеру және профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес, ал пәтерлерді, тұрғын емес үй-жайларды тексеру "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
22. Бөлімге жарғыда (ережеде) бекітілген оның қызметінің мәні мен мақсаттарына жауап бермейтін қызметті жүзеге асыруына, сондай-ақ мәмілелер жасауға жол берілмейді.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
23. функциялары
1) Бөлімнің міндеті елді мекендердің шекаралары шегіндегі әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде:
2) тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау саласында мемлекеттік бақылау;
3) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын мемлекеттік қадағалау болып табылады.
4) Бөлімнің негізгі функциясы елді мекендердің шекаралары шегінде тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде бақылау субъектілеріне қатысты мемлекеттiк бақылау, сондай-ақ елді мекендердің шекаралары шегінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қадағалау субъектілеріне қатысты қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік қадағалау болып табылады.
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
3-тарау. Бөлімнің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
24. Бөлімді басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
25. Бөлімнің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
26. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) Бөлім мүддесін сенімхатсыз мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда ұсынады;
2) қала әкімі аппаратының жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды және оған жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуына дербес жауап береді;
3) қаржы құжаттарына бірінші қол қою құқығына ие, шарттар жасайды, сенімхаттар береді;
қабылдау кестесіне сәйкес азаматтардың жеке қабылдауын өткізеді, заңнамада белгіленген мерзімде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды, олар бойынша қажетті шаралар қабылдайды;
4) "Атырау қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (мемлекеттік органы) туралы Ережені, әкім аппаратының құрылымы мен штаттық саны туралы ұсыныстарды әзірлейді және оларды әкімнің бекітуіне енгізеді, мемлекеттік қызметшілерге қосымша ақылар, материалдық көтерме ақылар (сыйақылар), материалдық көмек көрсетуді белгілейді;
5) әкім аппаратындағы ішкі еңбек тәртібімен келіседі;
6) әкім аппаратының техникалық қызметкерлерін еңбек туралы заңнамаға сәйкес тәртіптік жауапкершілікке тартады, босатады және қабылдайды;
7) әкім аппаратында мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын бақылайды;
8) әкім аппараты бойынша бұйрықтар мен нұсқаулықтар шығарады;
9) мемлекеттік қызмет туралы қолданыстағы заңнамаға және еңбек заңнамасына сәйкес кадрлар бойынша жұмысты ұйымдастырады;
10) әкім аппаратының құзыреті шегінде қызметтік құжаттамаларға қол қояды;
11) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады;
12) жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
13) қала әкімінің кадр саясатын жүзеге асыруды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
14) әкім аппаратының қызметкерлері орындауға міндетті нұсқаулар береді;
15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды орындайды.
4-тарау. Тұрғын үй инспекциясы бөлімінің мүлкі
27. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
28. Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
29. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
30. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
31. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.