"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес Жылыой ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жылыой ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 6 ақпандағы № 49 ""Жылыой ауданы құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" қаулысына төмендегідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Жылыой ауданы құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалып, бекітілсін.
2. "Жылыой ауданы құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Атырау облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жылыой ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Ж. Қаражанов |
Жылыой ауданы әкімдігінің 2022 жылғы "15" желтоқсандағы № 331 қаулысына қосымша |
|
Жылыой ауданы әкімдігінің 2020 жылғы "06" ақпандағы № 49 қаулысымен бекітілген |
"Жылыой ауданы құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1. Жалпы ережелер
1. "Жылыой ауданы құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мемлекеттік мекеме) құрылыс саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Мемлекеттік мекеменің ведомстволары жоқ.
3. Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан жасайды.
6. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Мемлекеттік мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Мемлекеттік мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 060100, Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, Жылқышы Ізтұрғанов көшесі №7.
10. Осы Ереже мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.
11.Мемлекеттік мекеменің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
12. Мемлекеттік мекемеге кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік мекемесінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Мемлекеттік мекемеге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2. Мемлекеттік мекеменің мақсаттары мен өкілеттіктері
13. Мемлекеттік мекеменің мақсаттары: жергілікті атқарушы органның және әкімнің қызметін қамтамасыз ету.
Бюджеттен қаржыландыратын, аудан көлемінде жүргізілетін құрылыс жұмыстары бойынша жұмыс қажеттіліктері мен жұмыс көлемдерін, жұмыстың сапалы жүргізілуін қадағалау.
14. Өкілеттіктері:
1) Құқықтары:
1.1) объектілерді жобалау, салу, реконструкциялау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру;
1.2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген өзге де міндеттер.
2) Міндеттері:
2.1) тұрғын үй құрылысы бойынша бюджеттік бағдарламаларға сәйкес аудандық және ауылдық объектілерді жобалау, салу, реконструкциялау бойынша жылдық перспективтік бағдарламаларды әзірлеу;
2.2) бекітілген бюджеттік мақсаттарға сәйкес азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою бойынша жергілікті бюджеттің атқарылуын қамтамасыз ету;
15. Функциялары:
1) құрылыс және жөндеу объектілері бойынша техникалы тапсырмалар жинағымен қамтамасыз етеді, мердігерлер мен келісім-шартқа отырып, оның орындалуын бақылайды;
2) жаңа объектілердің құрылысы мен бұрынғы объектілердің жұмыстарына тапсырысшы бола алады;
3) жергілікті бюджеттен және демеушілік көмектен берілген жұмыс көлемінің орындауын талдайды № 2 "Жүргізілген құрылыстардың, жөндеулердің аралық орындалысы жөнінде" және № 3 "Жүргізілген құрылыстарын толық орындалысы жөнінде" формалар мен берілген ресімдеу және көлемдерді тексеріп, бұрыштама соғады;
4) аудан, облыс әкімдігінде жасалған бағдарламаларды жүзеге асыруда аудан әкімі аппаратының бөлімдерімен өзара байланыста әрекет ете отырып өз жұмысының бағдарын анықтайды;
5) жеке және заңды тұлғалардан түскен арыздарды, өтініштер мен ұсыныстарды қарау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;
6) аудан әкімдігі отырысында мемлекеттік мекемеге қатысты қаралатын мәліметтерді дайындайды, мәліметтерді жинап талдау жасайды;
7) аудан әкімінің өкімдерімен, шешімдерінің және аудан әкімдігінің қаулыларының жобаларын дайындайды;
8) аудан көлемінде құрылыс жұмыстарын орындауға мүмкіндігі бар мердігерлерді анықтау бойынша өткізілетін сатып алуларды ұйымдастырады;
9) мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысы ретінде жұмыстарды жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. Мемлекеттік мекемені басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
17. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
18. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) бөлімнің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
2) мемлекеттік органдарда, өзге ұйымдарда бөлімнің мүддесін білдіреді;
3) шарттар жасасады;
4) сенімхаттар береді;
5) банк шоттарын ашады;
6) бөлімнің қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
7) бөлімнің қызметкерлерін көтермелеу шараларын қабылдайды және тәртіптік жаза қолданады;
8) қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіліктерін белгілейді;
9) өз қызметін жүзеге асыру кезінде аудан әкімі мен жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына есеп береді;
10) өз құзіреті шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік және қаржы құжаттарына қол қояды;
11) сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қолданады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қолданбағаны үшін дербес жауапкершілікте болады;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
4. Мемлекеттік мекеменің мүлкі
19. Мемлекеттік мекеменің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы. мүмкін.
Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
20. Мемлекеттік мекемеге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
21. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Мемлекеттік мекеме өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату
22. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.