Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 8, 9-тармақтарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы" қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. 2022 жылға арналған Махамбет ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне келесідей әлеуметтік қолдау көрсетілсін:
1) жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит.
2. Осы шешімнің 1-тармағының күші ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ветеринария пункттерінің ветеринария мамандарына қолданылады.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың заңдылықты сақтау, депутаттық этика, экономика және қаржы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасына (Қ. Қазиев) жүктелсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат хатшысы | К. Мажиев |