"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8)-тармақшасына, 124-бабына, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Қызылқоға ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Қызылқоға аудандық ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
2. "Қызылқоға аудандық ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1) осы қаулыны ресми жариялап және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жолдасын;
2) осы қаулыны Қызылқоға ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырсын;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қолдансын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау "Қызылқоға аудандық ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.
4. Қызылқоға ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 2 сәуірдегі № 81 "Аудан әкімдігінің 2012 жылғы 21 қарашадағы № 222 "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың ережелерін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылқоға ауданының әкімі | Н. Бисембиев |
Қызылқоға ауданы әкімдігінің 2022 жылғы "28" сәуірдегі № 69 қаулысына қосымша |
"Қызылқоға аудандық ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
1. "Қызылқоға аудандық ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі- Мемлекеттік мекеме) аудан бойынша ішкі саясат саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемесі болып табылады.
2. Мемлекеттік мекемеге қарасты мынадай ведомствосы бар:
"Қызылқоға аудандық ішкі саясат бөлімінің "Қызылқоға аудандық жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
3. Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Мемлекеттік мекеме, ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы мемлекеттік тілде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Мемлекеттік мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Мемлекеттік мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Мемлекеттік мекеменің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылы, Абай Құнанбаев көшесі 4, индексі: 060500
10. Осы Ереже Мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Мемлекеттік мекеменің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Мемлекеттік мекемеге кәсіпкерлік субъектілерімен бөлімінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Мемлекеттік мекемеге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2. Мемлекеттік мекеменің мақсаттары мен өкілеттіктері
13. Мақсаттары:
1) Қоғамның демократиялық институттарын нығайтуға қатысу, Қазақстанның Стратегиялық дамуының негізгі басымдылықтарын, Қазақстан халқына Мемлекет Басшысының жыл сайынғы Жолдауын насихаттау мен түсіндіру;
2) әлеуметтік-экономикалық, мәдени және қоғамдық-саяси салалардағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарын іске асыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру;
3) ауданда мемлекеттік ақпараттық саясатты тиімді іске асыруды қамтамасыз ету, соның ішінде мемлекеттік тапсырысты орындау бойынша БАҚ қызметін үйлестіру және әдістемелік қолдау, заңнаманы сақтауға БАҚ қызметіне мониторинг жүргізу.
14. Өкілеттіктері:
1) Құқықтары:
Аудан әкімдігі мәжілісіне ауданның ішкі саяси мәселері бойынша құжаттарды дайындауға араласу;
Ішкі саясат жүйесі мен ұлтаралық қатынастар, Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты белгілейтін тұжырымдарды, бағдарламаларды дайындауға және жүзеге асыруға қатысу;
Ақпараттық мәліметтер базасын (компьютерлік, мәтіндік) әзірлеу, жинақтау, қорыту және жіктеу жұмыстарын жүзеге асыру;
Саяси партиялармен, ұлттық-мәдени бірлестіктермен, адам құқығын қорғау, діни және өзге де қоғамдық ұйымдармен байланысты істерді жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасы Заңнамасында қарастырылған өзге де құқықтарды жүзеге асырады.
2) Міндеттері:
Ішкі саяси процестерді мемлекеттік тұрғыдан реттеп отыруға қатысу, аудандағы қоғамдық саяси ахуалды, саяси партиялар мен басқа да қоғамдық бірлестіктердің қызметін талдау мен болжауды, мониторинг жүргізуді ұйымдастыру, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге, қоғамды топтастыруға бағытталған ұсынымдар беріп, жұмыстарды ұйымдастыру және қазақстандық патриотизмді насихаттау мен тәрбиелеуді жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмаларының, облыс, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, тапсырмаларының орындалуына бақылау жасау;
Тұжырымдамалық құжаттарды әзірлеуге қатысады, бөлім құзырына жататын мәселелер бойынша қабылданатын аудан әкімінің шешімдері, өкімдері жобаларын дайындайды және сараптама жүргізу;
Ауданда қоғамдық – саяси және экономикалық саладағы билік органдарының қызметі туралы ақпарат тарату жүйесін жетілдіру жөніндегі әкімдік жұмысына қатысу;
Бөлім құзырына жататын мәселелер бойынша ауылдық әкімдіктермен қызметтерін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді және жұмысын үйлестіру;
Республикалық, облыстық және жергілікті деңгейде өтетін қоғамдық – саяси, мәдени шараларды саяси жағынан қамтамасыз ету;
Мемлекеттің ішкі саяси мәселелері бойынша, ауылдық округ әкімдерінің, аудандық бұқаралық ақпарат құралдарының қызметі мен ақпараттық – насихаттық жұмыстарының жүру барысын үйлестіру және бақылау.
15.Функциялары:
1) мемлекеттік саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, мемлекеттік дербестікті қалыптастыру, қоғамдық қозғалысты, демократияландыруды қалыптастыруға қатысу;
2) аудан көлемінде мемлекеттік органдармен лауазым иелерінің ішкі саясаттың орындалуына бақылау жасау;
3) 2030 жылға дейінгі Қазақстанның даму Стратегиясының негіздерін түсіндіру және насихаттау, қоғамдық демократияландыру институттарын нығайтуға қатысу;
4) мемлекеттік ішкі саясатты, қоғамдық саяси саладағы жұмыстарды жүзеге асырудағы Қазақстан Республикасындағы Заңдылықтарды жүйелендіру жұмыстарымен насихаттау шараларын жүзеге асыру;
5) азаматтық бостандықты сақтау негізінде, Қазақстанның көп жылдарға өсу- өркендеуі туралы концептуалдық негіздегі және тәжірибелік нұсқама негізінде ішкі саясат саласындағы, сондай-ақ қоғамды қалыптастыру туралы негіздеме дайындау;
6) аумақтағы қоғамдық-саяси процесі мен тағылымының өсуін жан-жақты объективті оқып талдау;
7) мемлекеттік ақпарат саясатын аймақта тарату деңгейі, мемлекеттік тапсырысты орындаудағы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін үйлестіру;
8) аумақтағы қоғамдық-саяси жағдай жөнінде әлеуметтік–саяси зерттеу жүргізу;
9) отандық өрлеу, өркендеу саласының көп жылдық саяси мемлекеттік жастар және әйелдер істері және отбасылық – демографиялық саясатын жүзеге асыруға жұмыстану;
10) мерзімді жергілікті баспасөзге жаздыруды ұйымдастыру;
11) қажеттілігіне орай аудан әкімінің құттықтау және аудан көлемінде басқа да ақпараттарды (некролог, жедел хабарламалар) жергілікті, облыстық баспа беттеріне жариялауды ұйымдастыру;
12) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 489-1 бабында, 490 бабында, 418 баптың 1-1 бөлігінде көзделген құқық бұзушылықтарды анықтау, сондай-ақ әкімшілік хаттамалар толтыру.
3. Мемлекеттік мекеменің қызметін ұйымдастыру
16. Мемлекеттік мекемені басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына жауапты болады.
17. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
18. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының өкілеттіктері:
- бөлімнің жұмыстарын ұйымдастырады және басшылық етеді, бөлімге берілген тапсырмаларды дербес жауапкершілікпен орындайды, олардың функцияларын атқарады, бұйрық шығарады;
- Заңнамаға сәйкес бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
- бөлім қызметкерлерінің функционалдық өкілеттіктерін және міндеттерін анықтайды;
- белгіленген заңға сәйкес бөлім қызметкерлеріне тәртіптік шаралар қолданады;
- құжаттарға бөлім басшысы ретінде қол қояды;
- тұрғындарды жеке қабылдауды ұйымдастырады;
- мемлекеттік органдарда, басқа ұйымдарда бөлімнің мүддесін білдіреді;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады.
Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
19. Мемлекеттік мекемені Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын мекеме басшысы басқарады.
4. Мемлекеттік мекеменің мүлкі
20. Мемлекеттік мекеменің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
21. Мемлекеттік мекемеге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе Мемлекеттік мекеме өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату
23. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.