Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға ауданы Сағыз ауылдық округі әкімінің 12.07.2022 № 51 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қызылқоға ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 4 мамырдағы № 11-10/126 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Атырау облысы Қызылқоға ауданы Сағыз ауылдық округіне қарасты "Мұқатай" шаруа қожалығының ұсақ қара малдары арасында инфекциялық энтеротоксемия ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3.Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі | У. Адилов |