Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға ауданы Сағыз ауылдық округі әкімінің 29.07.2022 № 59 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қызылқоға ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық- санитариялық инспекторының 2022 жылғы 15 наурыздағы № 11-10/70 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Атырау облысы Қызылқоға ауданы Сағыз ауылдық округіне қарасты Қоңыраулы елді мекенінің тұрғыны А. Боранхановтың иелегіндегі мүйізді ұсақ қара малынан құтырық ауруының шығуына байланысты, аулақораларының аумағына шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі | У. Адилов |