"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8)-тармақшасына, 124-бабына, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Мақат ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Мақат аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
2. "Мақат аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1) осы қаулыны ресми жариялап және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жолдасын;
2) осы қаулыны Мақат ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырсын;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қолдансын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау "Мақат аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мақат ауданының әкімі | Р. Ибрагимов |
Мақат ауданы әкімдігінің 2022 жылғы "19" сәуірдегі № 76 қаулысына қосымша |
"Мақат аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлiмi" мемлекеттiк мекемесінің Ережесі
1. Жалпы ережелер
1. "Мақат аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрі – мекеме) кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Мекеменің ведомстволары жоқ.
3. Мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы мемлекеттік тілде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6. Мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Мекеменің орналасқан жері: 060600, Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Мақат ауданы, Мақат кенті, Қ. Сатпаев көшесі, ғимарат №3А.
10. Осы Ереже мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Мекеменің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12.Мекеменің кәсіпкерлік субъектілерімен мекеменің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Мекемеге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2. Мекеменің мақсаттары мен өкілеттіктері
13. Мақсаттары:
- Мекеме ауданның атқарушы органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді және кәсіпкерлік, туризм және ауыл шаруашылық саласындағы мемлекеттік саясатты өзінің шектеулі құзыретінде жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
- Ауданының кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығын дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын орындауды қамтамасыз ету, шағын және орта бизнес кәсіпкерлерінің мүддесін қорғауға бағытталған қаржы, несие, салық және мемлекеттік саясатты жүзеге асырады;
- Мақат ауданының аумағында кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылық үйлестіру мәселелерінде мемлекеттік саясатты аудандық деңгейде жүзеге асырады.
14. Өкілеттіктері:
1) Құқықтары:
- мемлекеттік органдар және басқа да ұйымдардан, лауазымдық тұлғалардан алдына қойылған міндеттерді орындауға байланысты өтеусіз негізде қажетті ақпаратты, құжаттар мен басқа да материалдарды сұрауға және алуға;
-жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың ұйымдастырушылық қызметін жетілдіру бойынша Мақат ауданының әкімі мен әкімдігіне ұсыныстар енгізуге;
- шарттар жасауға;
- қолданыстағы заң актілерінде және осы Ереженің функцияларында көзделген басқа да құқықтарды жүзеге асыруға.
2) Міндеттері:
- кәсіпкерлік, туризм және ауыл шаруашылығы салаларын дамытудың басымдық аймақтық бағдарламаларын әзірлеу, оларды іске асыруға қатысу;
- Мақат ауданының аумағында кәсіпкерлік қызмет, туризм саласы және ауыл шаруашылықты дамыту үшін жағдайлар жасау;
- қолданыстағы заңнамаға, мемлекеттік, салалық (секторлық), аймақтық бағдарламаларға сәйкес агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру және тұрғындар қажеттілігін қанағаттандыру үшін ауыл шаруашылық өнімдерінің іске асырылуына жәрдемдесу;
- Мақат ауданының аумағында мемлекеттік сауда саясатын жүргізу;
- туристік қызметінің үйлестіру жұмысын жүргізу.
15. Функциялары:
- жекеменшік кәсіпкерлікті мемлекеттік саяси дамытудың және қолдаудың іске асуын жүзеге асыру;
- ауыл шаруашылығын, туризм және жекеменшік кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайлар жасау;
- аймақтардағы мемлекеттік бағдарламалардың іске асуы және орындалуы үшін жауапты болу және қамтамасыз ету;
- шағын кәсіпкерлікті қолдаудың аймақтық бағдарламаларын іске асыру және әзірлеу;
- инфрақұрылымдық объектілер аймағында шағын кәсіпкерлікті және инновациялық қызметке қолдау жасауды және дамытуды қамтамасыз ету;
- жекеменшік кәсіпкерлік субъектілер бірлестіктерімен және нарықтық инфрақұрылым объектілерімен жергілікті атқарушы органдардың өзара қатынасын дамытудың стратегиясын анықтау;
- сараптама кеңестерінің қызметтерін ұйымдастыру;
- жергілікті деңгейдегі кәсіпкерлікті және шаруа қожалығын мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету;
- кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті мемлекеттік қолдауды жүзеге асыруға бағытталған шараларды қалыптастыру және іске асыру;
- инвестициялық және инновациялық жобалар тізбесіне ұсыныстарды қалыптастыру, өнеркәсіп және кәсіпкерлік саласында инвестицияларды тартуға жәрдемдесу;
- сәйкесінше аумақта индустриалдық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;
- негізгі бағыттағы агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне және мемлекеттік агроөнеркәсіптік саясат тетігін түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізу;
- агроөнеркәсіптік кешендер саласында және ауылдық аумақтарда жедел ақпараттар жиынтығын жүргізу;
- өзінің құзыры шегінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат берілетін бөлшек бағалар мөлшерін сақтаумен мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
- аудан аумағында туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және үйлестіруді жүзеге асыру;
- аудан аумағында туризмді дамыту туралы ақпарат жинауды, талдауды жүзеге асыру және оны облыстық жергілікті атқарушы органына беру;
- аудандық туристік ресурстарды қорғау жөніндегі шараларды әзірлеу және енгізу;
- аудан аумағында туристік индустрия объектілерін жоспарлау және салу жөніндегі қызметті үйлестіру;
- балалар мен жастар лагерьлерінің, туристер бірлестіктерінің қызметіне және өз бетінше туризмді дамытуға жәрдем көрсету;
- туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру;
- аудандағы туристік маршруттар мен соқпақтардың тізілімін жүргізу;
- тиісті құжаттарды және мемлекеттік тіркеу нөмерлерінің белгілерін, аталған көлік құралдарын және тіркемелерді, оның ішінде сенімхат бойынша пайдаланатын тракторларды және олардың базасында құрастырылған өзі жүретін шассилер мен механизмдерді, олардың тіркемелерін, арнайы құралдар орналастырылған тіркемелерді қоса алғанда, өзі жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол құрылыс машиналары мен механизмдерін, жол талғамайтын арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеуге алу;
- тракторларды және олардың базасында құрастырылған өзі жүретін шассилер мен механизмдерді, олардың тіркемелерін, арнайы құралдар орналастырылған тіркемелерді қоса алғанда, өзі жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол құрылыс машиналары мен механизмдерін, жол талғамайтын арнайы машиналардың мемлекеттік кепілдігін тіркеуді жүзеге асыру;
- тракторларды және олардың базасында құрастырылған өзі жүретін шассилер мен механизмдерді, өзі жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол құрылыс машиналары мен механизмдерін жүргізуге құқық беретін емтихан қабылдауды және куәлік беруді жүзеге асыру;
- тракторларды және олардың базасында құрастырылған өзі жүретін шассилер мен механизмдерді, өзі жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол құрылыс машиналары мен механизмдерін жыл сайын мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу;
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы Заңнамасымен белгіленген мемлекеттік қызметтер көрсетудің қол жетімділігін және сапалылығын қамтамасыз ету.
3. Мекеменің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. Мекемені басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
17. Мекеменің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
18. Мекеме бірінші басшысының өкілеттіктері:
- Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерін, облыс және аудан әкімдігінің қаулыларын орындау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, жоғары тұрған органдарды олардың орындалу барысы туралы жүйелі түрде ақпарат етеді;
- бұйрықтарын шығарады;
- Мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдауына дербес жауапты болады;
- мемлекеттік органдарда, өзге ұйымдарда Мекеменiң мүддесiн білдіреді;
- заңнамамен белгіленген жағдайларда және шегінде мүлікке иелік етеді;
- белгіленген заңнама тәртібінде келісімдер және басқа да заңды мәмілелер жасайды;
- сенімхаттар береді;
- Мекеменің актілеріне қол қояды;
- Мекеменiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады;
- Мекеме қызметкерлерiнің міндеттері функцияларын анықтайды;
- Мекеме қызметкерлерiне мадақтау шараларын және тәртіптік жаза қолданады;
- заңнамамен және осы Ережемен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Мекеменің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
19. Мекеме аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын мекеме басшысы басқарады.
4. Мекеменің мүлкі
20. Мекеменің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.
Мекеменің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
21. Мекемеге бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мекеме өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
5. Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату
23. Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.