"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8)-тармақшасына, 124-бабына, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Мақат ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Мақат аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
2. "Мақат аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1) осы қаулыны ресми жариялап және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жолдасын;
2) осы қаулыны Мақат ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырсын;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қолдансын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау "Мақат аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мақат ауданының әкімі | Р. Ибрагимов |
Мақат ауданы әкімдігінің 2022 жылы "19" сәуірдегі № 77 қаулысына қосымша |
"Мақат аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
1. "Мақат аудандық құрылыс бөлімі" мемлкеттік мекемесі (бұдан әрі – Мекеме) құрылыс көлеміндегі мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Мекеменің ведомстволары жоқ.
3. Мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Мекеме ұйымдық – құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы мемлекеттік тілде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6. Мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Мекеменің орналасқан жері: 060600, Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Мақат ауданы, Мақат кенті, Қ.Сәтбаев көшесі, 1.
10. Осы ереже Мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Мекеменің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Мекемеге кәсіпкерлік субьектілерімен мекеменің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Мекемеге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2. Мекеменің мақсаттары мен өкілеттіктері
13. Мақсаттары:
Бюджеттен қаржыландырылатын аудан көлемінде жүргізілетін құрылыс жұмыстары бойынша жұмыс қажеттіліктері мен жұмыс көлемдерін, жұмыстың сапалы жүргізілуін қадағалау.
14. Өкілеттіктері:
1) Құқықтары;
- өндірістік құрылыс – монтаж жұмыстарына техникалық бақылауды жүзеге асыру, құрылыс нормасы мен ережесінің сақталуын қамтамасыз ету және қажет болған жағдайда, құрылыстың жүру барысына жұмысты тоқтатуға дейін нұсқаулар мен ескертулер беру;
- жер телімдерін бөлуді экологиялық, санитарлық, техникалық шарттарға және инженерлік – коммуналдық обьектілердің нормативтерінің нормаға сәйкес жүргізілуін бақылау және кент әкімдерінің жер телімдерін бөлуге жасалған шешімдерінің жобаларына қол қою.
2) Міндеттері:
- құрылыс бойынша жұмыс қажеттіліктері мен жұмыс көлемдерін, өндірістік және тұрғын-үй обьектілерінің жыл бойғы және болашақтағы құрылыс, күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарының қажеттіліктерін анықтау;
- аудан көлеміндегі құрылыс және жөндеу жұмыстарын орындауда мүмкіндігі бар мердігерлерді анықтауда өткізілетін тендерлерге қатысу;
- кәсіпорын мен мекемелердің жобалау-смета құжаттарының дұрыстығын және сенімділігін, аудан көлеміндегі тиісті ғимараттар мен құрылғылардың құрылысын және жөндеу жұмыстарын тексеру;
- аяқталған құрылыс және обьектілерді жөндеудің техникалық орындау құжаттамаларын рәсімдеуге, сондай-ақ обьектілерді эксплуатацияға қабылдауға жұмысшы және мемлекеттік комиссияларға қатысу.
15. Функциялары:
- құрылыс және жөндеу объектілері бойынша техникалық тапсырмалар жинағымен қамтамасыз ету, мердігерлермен келісім-шартқа отырып, оның орындалуын бақылау;
- жаңа обьектілердің құрылысы мен бұрыңғы обьектілердің жөндеу жұмыстарына тапсырысшы болу;
- жергілікті бюджеттен және демеушілік көмектен берілген жұмыс көлемінің орындауын талдау, №2 "Жүргізілген құрылыстардың, жөндеулердің аралық орындалысы жөнінде", №3 "Жүргізілген құрылыстардың толық орындалысы жөнінде" формалар мен берілген рәсімдеу және көлемдерді тексеріп, бұрыштама соғу;
- аудан, облыс әкімдігінде жасалған бағдарламаларды жүзеге асыруда аудан әкімі аппаратының бөлімдерімен өзара байланыста әрекет ете отырып өз жұмысының бағдарын анықтау;
- жеке адамдар мен заңды тұлғалардан түскен арыздарды, өтініштер мен ұсыныстарды тексеруді ұйымдастыру және соған қатысу;
- аудан әкімдігінің отырысында қаралатын мәліметтерді дайындау, мәліметтерді жинап анализ жасау;
- аудан әкімдігінің өкімдерінің, шешімдерінің және аудан әкімдігінің қаулыларының жобаларын дайындау;
- аудан әкімдігі бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдерін бірыңғай ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асыру.
3. Мекеменің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. Мекемені басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
17. Мекеменің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
18. Мекеменің бірінші басшысының өкілеттіктері:
- өзінің қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіліктерін айқындайды;
- Мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдауына дербес жауапты болады;
- заңнамаға сәйкес Мекеменің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бөлімнің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады және көтермелеу жөнінде шаралар қабылдайды;
- мекеменің актілеріне қол қояды;
- мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда мекеменің мүддесін білдіреді;
- мекеме жұмысының регламентін және штаттық кестесін бекітеді:
- өз құзыреті шегінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
Мекеменің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
19. Мекемені Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын мекеме басшысы басқарады.
4. Мекеменің мүлкі
20. Мекеменің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
21. Мекемеге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мекеме өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату
23. Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.