Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Қарақозы Әбдәлиев ауылдық округі әкімінің 16.01.2023 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қазығұрт аудандық аумақтық инспекция басшысының 2022 жылғы 11 қарашадағы № 02-05/359 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Қарақозы Әбдәлиев ауылдық округі Рабат елді мекені М.Өзтүрік № 1-17 көшелерінің аумағында бір бас иттің басынан құтыру ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округінің әкімі | О.Қазыбаев |