Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабының 2), 3), 4) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес сәйкес, Отырар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2022 жылға квотасы 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2022 жылға квотасы 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
3. Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2022 жылға квотасы 3-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Оралбайға жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Отырар ауданы әкімінің | |
міндетін атқарушы | П. Жаппарқұлов |
Отырар ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 24 қаңтардағы № 79 қаулысына 1-қосымша |
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2022 жылға квотасы
Ұйым атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік санынан) | Жұмыс орындарының саны |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны | 81 | 1 (0,81) | 1 |
Отырар ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 24 қаңтардағы № 79 қаулысына 2-қосымша |
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2022 жылға квотасы
Ұйым атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны) | Жұмыс орындарының саны |
Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар-2050" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 45 | (1)0,45 | 1 |
Отырар ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 24 қаңтардағы № 79 қаулысына 3-қосымша |
Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2022 жылға квотасы
Ұйым атауы | Жұмыскер лердің тізімдік саны | Квотаның мөлшері (% жұмыскер лердің тізімдік саны) | Жұмыс орындарының саны |
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Отырар аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 62 | (1)0,62 | 1 |