Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Шардара ауданы әкiмдiгiнiң 08.09.2023 № 250 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 18-бабы 7-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2-тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 2-тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 7, 8, 9-тармақшаларына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, Шардара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2023 жылға квотасы 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2023 жылға квотасы 2 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
3. Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2023 жылға квотасы 3 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
4. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды 1 қосымшаға сәйкес және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды 2 қосымшаға сәйкес жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2023 жылға квотасын белгілеуде Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 26-бабы 2-бөлігі 3-тармағының талаптары қатаң сақталсын.
5. Осы қаулының қабылдануына орай заңнамаларда белгіленген тәртіппен тиісті жұмыстарды жүргізіп, жүзеге асыру Шардара ауданы әкімдігінің "Шардара аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (Ж.Турлыбеков) тапсырылсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Шардара ауданы әкiмiнiң жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсiн.
7. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | К.Жолдыбай |
Шардара ауданы әкімдігінің 2022 жылғы "27" желтоқсандағы № 351 қаулысына 1 қосымша |
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2023 жылға квота
№ | Ұйым атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны) | Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының саны |
1. | Түркістан облысының табиғи ресустар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Шардара орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 114 | 0,87 | 1 |
3 | Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының "Шардара аудандық ветеринарлық қызметі" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын | 82 | 1,22 | 1 |
3. | "Хамит" ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі | 250 | 0,40 | 1 |
4. | Жеке кәсіпкер "Жалгасбаев Талгат Серикбаевич" | 42 | 2,38 | 1 |
Барлығы | 488 | 4 |
Шардара ауданы әкімдігінің 2022 жылғы "27" желтоқсандағы № 351 қаулысына 2 қосымша |
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2023 жылға квота
№ | Ұйым атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны) | Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының саны |
1. | Шардара ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Шардара сервис" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны | 49 | 2,04 | 1 |
| "Хамит" ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі | 250 | 0,80 | 2 |
3. | Жеке кәсіпкер "Жалгасбаев Талгат Серикбаевич" | 42 | 2,38 | 1 |
Барлығы | 341 | 4 |
Шардара ауданы әкімдігінің 2022 жылғы "27" желтоқсандағы № 351 қаулысына 3 қосымша |
Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2023 жылға квота
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны) | Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының саны |
1. | Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының "№16 Колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 136 | 0,73 | 1 |
2. | Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Шардара аудандық №3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 78 | 1,28 | 1 |
3. | Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Шардара аудандық №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі"" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 53 | 1,88 | 1 |
4. | Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Шардара ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Оқушылар үй" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 106 | 0,94 | 1 |
Барлығы | 373 | 4 |