Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17-бабының 1-тармағы 5-1 тармақшасына және 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37 баптарына сәйкес және "Қазақтелеком" акционерлік қоғамы филиалы–телекоммуникациялар және инфрақұрылым объектілерінің құрылыс дирекциясының 2022 жылғы 4 тамыздағы № 09-06-18/218, 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 09-06-18/254 хаттарына сәйкес, Сауран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына талшықты оптикалық байланыс желісін салу үшін осы қаулының қосымшасына сәйкес жер пайдаланушылардан алып қоймастан жер учаскелерінде 1 жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамы (келісімі бойынша) құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін бұзылған жерді қалпына келтіру жұмыстарын бір ай мерзімнен кешіктірілмей жүргізуге және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі экологиялық талаптарды сақтай отырып жүргізуді қамтамасыз етсін.
3. "Сауран ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Сауран ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Садибаевқа жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сауран ауданының әкімі | Ғ. Рысбеков |
Сауран ауданы әкімдігінің 2022 жылғы "08"желтоқсандағы № 398 қаулысына қосымша |
"Қазақтелеком" акционерлік қоғамына талшықты оптикалық байланыс желісін салу үшін қауымдық сервитут белгілейтін жерлердің
ЭКСПЛИКАЦИЯСЫ
№ қ/с | Жер пайдаланушылар атауы | Кадастрлық номер | Нысаналы мақсаты | Жер учаскесінің орналасқан жері | Сервитуттың әрекет ету көлемі, (га) | Меншік түрі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | Кентау қаласы әкімдігінің "Үшқайық ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі | 19-304-114-123 | Елді мекен жайылым үшін | Үшқайық ауыл округі | 2,31 | жалға |
2 | Акилбеков Каликоз | 19-304-099-119 | шаруа қожалағын жүргізу үшін | Үшқайық ауыл округі | 0,39 | жалға |
3 | Пиримбетов Нышанбек | 19-304-099-077 | шаруа қожалағын жүргізу үшін | Үшқайық ауыл округі | 0,30 | жеке меншік |
4 | Қайназаров Мейірхан Тұрсынханұлы | 19-331-048-012 | шаруа қожалағын жүргізу үшін | Үшқайық ауыл округі | 0,14 | жалға |
5 | Даулетов Алжан Дуйсенбаевич | 19-304-099-170 | шаруа қожалағын жүргізу үшін | Үшқайық ауыл округі | 1,52 | жалға |
6 | Турысбеков Данияр Бектурсынович | 19-304-114-118 | шаруа қожалағын жүргізу үшін | Үшқайық ауыл округі | 1,41 | жалға |
7 | Турысбеков Данияр Бектурсынович | 19-304-114-117 | шаруа қожалағын жүргізу үшін | Үшқайық ауыл округі | 0,28 | жалға |
8 | Арысов Сабанбай | 19-304-114-053 | шаруа қожалағын жүргізу үшін | Үшқайық ауыл округі | 0,32 | жалға |
9 | Пазылбеков Жанибек | 19-304-099-044 | шаруа қожалағын жүргізу үшін | Үшқайық ауыл округі | 0,58 | жалға |
10 | Рамазанов Абай Серикбаевич | 19-304-099-305 | шаруа қожалағын жүргізу үшін | Үшқайық ауыл округі | 0,69 | жалға |
11 | Карабалаев Саби Амангелдиевич | 19-304-114-121 | шаруа қожалағын жүргізу үшін | Үшқайық ауыл округі | 0,012 | жалға |
Аудан бойынша барлығы: | 7,952 |