"Мәслихаттың Үлгілік регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Өскемен қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қоса беріліп отырған Ережесі бекітілсін.
2 Өскемен қалалық мәслихатының 2010 жылғы 29 желтоқсандағы №29/20 "Өскемен қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы, 2021 жылғы 11 қазандағы №11/4-VII, "Өскемен қалалық мәслихатының 2010 жылғы 29 желтоқсандағы № 29/20 "Өскемен қалалық мәслихатының ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімінің күші жойылсын"
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Өскемен қалалық мәслихатының хатшысы | А. Светаш |
Өскемен қалалық мәслихатының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 32/13 - VII шешімімен бекітілген |
"Өскемен қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер.
1. "Өскемен қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-қалалық мәслихаттың аппараты) Өскемен қалалық мәслихатының, оның органдарының қызметін қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемесі болып табылады және депутаттарға олардың өкілеттіктерін жүзеге асыруға көмек көрсетеді.
2. Қалалық мәслихат аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Қалалық мәслихат аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға, өз атауы мемлекеттік тілде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлер және өз атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандар, белгіленген үлгідегі бланкілер, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттар болып табылады.
4. Қалалық мәслихат аппараты өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
5. Қалалық мәслихат аппаратының, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Қалалық мәслихат аппараты өз құзыретінің мәселелері бойынша заңда белгіленген тәртіппен мәслихат төрағасының өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Қалалық мәслихат аппаратының құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 070019, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Пермитин көшесі, 17.
9. Осы ереже қалалық мәслихат аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.
10. Қалалық мәслихат аппаратының қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
11. Қалалық мәслихат аппаратына кәсіпкерлік субъектілерімен өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
12. Мәслихат өкілеттігінің мерзімі өткеннен кейін, мәслихат өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған және оның депутаттарының жаңа құрамы сайланған жағдайларда, мәслихат аппараты мемлекеттік қызметшілерінің қызметі тоқтатылмайды.
2-тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері.
13. Міндеттері:
1) мәслихат пен оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асыру.
2) депутаттарға өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға көмек көрсету.
14. Өкілеттіктері:
1) Құқықтары:
- мемлекеттік органдар мен басшы лауазымды адамдардан өз міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті ақпаратты сұрату және алу;
- мәслихат депутаттарынан олардың қызметі мәселелері бойынша мәліметтерді, ақпаратты сұратуға;
- азаматтардың депутаттық сауалдарын, ұсыныстарын, өтініштерін қарау үшін мемлекеттік органдарға, қоғамдық бірлестіктерге, өзге де ұйымдарға жіберуге;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
2) Міндеттері:
Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жүктелген функциялардың орындалуын қамтамасыз ету.
15. Функциялары:
1) мәслихат сессияларын, тұрақты комиссиялардың отырыстарын дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру-техникалық іс-шараларды жүзеге асыруға;
2) сессия жұмысына, тұрақты комиссия отырыстарына қатысуға депутаттарға қаулы жобаларын, сессия хаттамаларын, комиссия қорытындылары мен мәслихат шешімдерін ресімдеуде көмек көрсетеді;
3) қалалық мәслихат қызметінде заңдылықтың сақталуын бақылау;
4) "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мәслихаттың нормативтік құқықтық сипаттағы шешімдерін ресімдеуге және әділет органдарына мемлекеттік тіркеуге ұсынуға;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын, сұрау салуларын, ұсыныстарын, үн қосуларын, хабарлары мен петицияларын қарауға;
6) мәслихат сессиясының шешімінің және тұрақты (уақытша) комиссияның қаулысының орындалуын бақылауды жүзеге асыруға;
7) мәслихат шешімдерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға дайындауға;
8) мәслихат қызметіне қатысты талдамалық және өзге де ақпаратты, материалдарды дайындауға ;
9) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес қалалық мәслихат депутаттарының және мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің біліктілігін арттыруға арналған шығыстарды жоспарлауға;
10) мәслихатқа келіп түсетін хат-хабарларды іс қағаздарын жүргізуді және өңдеуді жүргізуге, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес ақпарат алмасуды қамтамасыз етуге;
11) сот органдарында мәслихат мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге;
12) мәслихат актілері мен құжаттамаларының сақталуын және мұрағатқа берілуін қамтамасыз етуге міндетті
Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 16.07.2024 № 23/7-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).3-тарау. Бірінші басшының мәртебесі, өкілеттігі.
16. Қалалық мәслихат аппаратына басшылықты қалалық мәслихат аппаратына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болатын қалалық мәслихат төрағасы жүзеге асырады.
17. Мәслихат төрағасы тұрақты негізде жұмыс істейтін лауазымды тұлға болып табылады. Ол депутаттар арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттардың жалпы санының көпшілік даусымен сайланады және мәслихат сессияда қызметінен босатылады. Мәслихат төрағасы мәслихат өкілеттігі мерзіміне сайланады.
18. Мәслихат төрағасының өкілеттіктері:
1) мәслихат сессиясын және оның қарауына енгізілетін мәселелерді дайындауды ұйымдастырады, сессияның күн тәртібін қалыптастырады, хаттама жасауды қамтамасыз етеді, мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекітілген шешімдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;
2) мәслихат сессиясын шақыру туралы шешім қабылдайды;
3) мәслихат сессиясының отырыстарын жүргізеді, мәслихат регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді;
4) мәслихаттың өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимылын ұйымдастырады;
5) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметін үйлестіреді;
6) қалалық мәслихат аппаратының қызметіне басшылық жасайды, оның қызметшілерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
7) заңнамада белгіленген тәртіппен және өз құзыреті шегінде қалалық мәслихат аппаратының қызметкерлерін көтермелейді және тәртіптік жаза қолданады;
8) "Өскемен қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдауға дербес жауапты болады.
9) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, Қазақстан Республикасының заңнамасында, мәслихаттың регламенті мен шешімдерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайды.
Мәслихат төрағасы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
19. Қалалық мәслихат аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және босатылатын аппарат басшысы басқарады.
4-тарау. Мемлекеттік мекеменің мүлкі.
20. Қалалық мәслихат аппаратының заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Қалалық мәслихат аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
21. Қалалық мәслихат аппаратына бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
22. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, қалалық мәслихат аппаратының өзіне бекітілген, қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5- тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату.
23. Қалалық мәслихат аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.