Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 140-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 8-тармағына сәйкес, Катонқарағай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Катонкарағай ауданының шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативтері осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Катонқарағай ауданының әкімдігінің 2022 жылғы 20 қазандағы № 323 "Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативтерін бекіту туралы" қаулысы жойылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Аудан әкімі | Д. Қалиқан |
Катонқарағай ауданының әкімдігінің 2022 жылғы "8" желтоқсандағы № 370 қаулысына қосымша |
Катонқарағай ауданының шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативтері
Таза кіріс 3000000 теңгеге дейін | таза кіріс сомасынан 5 пайыз |
Таза кіріс 3000001 теңгеден 50000000 теңгеге дейін | 150000 теңге + 3000000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 10 пайыз |
Таза кірістің қалған бөлігі коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың дамуына жұмсалады.