Монополияға қарсы органның ұқсас тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндіруді жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жоқтығы туралы қорытынды беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 8 шiлдедегi № 190/НҚ бұйрығы

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабы 3-тармағының 27 тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған монополияға қарсы органның ұқсас тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндіруді жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жоқтығы туралы қорытындысын беру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Экономикалық шоғырлану және мемлекеттік кәсіпорындарды бақылау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Агенттік төрағасының орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Төраға С. Жұманғарин

  Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі төрағасының
2022 жылғы 8 шілдедегі
№ 190/НҚ бұйрығымен
бекітілген

Монополияға қарсы органның ұқсас тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндіруді жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жоқтығы туралы қорытынды беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы монополияға қарсы органның ұқсас тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндіруді жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жоқтығы туралы қорытындысын беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабы 3-тармағының 27) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғым пайдаланылады:

      әлеуетті өнім беруші - Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында белгіленген, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі акционерлік қоғам, жауапкершілігі шектеулі серіктестік және өзі оларға қатысты Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорын.

      Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде және өзге де нормативтік құқықтық актілерде айқындалған.

2-тарау. Монополияға қарсы органның ұқсас тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндіруді жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жоқтығы туралы қорытындысын беру тәртібі

      3. Монополияға қарсы органның ұқсас тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндіруді жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жоқтығы туралы қорытындысын (бұдан әрі – қорытынды) алу үшін мемлекеттік орган монополияға қарсы органға не оның аумақтық бөлімшесіне (бұдан әрі – уәкілетті орган) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішхатты электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі арқылы ұсынады.

      4. Уәкілетті орган қорытындыны өтінішхат келіп түскен кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде береді.

      5. Уәкілетті орган өтінішхатты қарау барысында нарық субъектілерінен және (немесе) мемлекеттік органдардан қорытынды беру үшін қажетті қосымша мәліметтерді және (немесе) құжаттарды бес жұмыс күнінен кем болмайтын мерзімде сұратуға құқылы.

      Қосымша мәліметтерді және (немесе) құжаттарды ұсыну кезеңінде өтінішхатты қарау мерзімі тоқтатыла тұрады, бұл туралы уәкілетті орган өтінішхат берген мемлекеттік органды мерзім тоқтатыла тұрған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабардар етеді.

      6. Уәкілетті орган қорытындыны беру кезінде мыналарды пайдалана алады:

      1) жеке зерттеулер;

      2) маркетингтік, әлеуметтік зерттеулер, іріктеп сауалнамалар және нарық субъектілеріне, азаматтарға, қоғамдық ұйымдарға сауалнама жүргізу;

      3) мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан алынған мәліметтер;

      4) ресми статистикалық ақпарат;

      қауымдастықтардың, қоғамдық бірлестіктердің, "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының деректері.

      7. Қорытынды беру мынадай кезеңдерден тұрады:

      1) тауар нарығын және оның географиялық шекараларын айқындау;

      2) тиісті тауар нарығында жұмыс істейтін нарық субъектілерінің санын айқындау;

      3) қорытынды беру.

      8. Уәкілетті орган өтінішхатты қарау нәтижелері бойынша көрсетілген қорытындыны:

      1) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауын;

      2) ұқсас тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндіруді жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жоқтығы туралы тұжырымын көрсете отырып береді.

      9. Қорытындыға уәкілетті орган басшысының жетекшілік ететін орынбасары немесе уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің басшысы қол қояды.

      10. Ұқсас тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндіруді жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілері болған кезде уәкілетті орган өтініш берген мемлекеттік органға қорытынды беруден дәлелді бас тартуды жібереді.

  Монополияға қарсы органның
ұқсас тауарларды, жұмыстарды,
көрсетілетін қызметтерді өндіруді
жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік
субъектілерінің жоқтығы туралы
қорытындысын беру
қағидаларына
қосымша
 
Нысан
  __________________________
(уәкілетті органның толық атауы)
__________________________
(мемлекеттік органның толық атауы)

Монополияға қарсы органның ұқсас тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндіруді жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жоқтығы туралы қорытындысын беру туралы өтінішхат

      Монополияға қарсы органның ұқсас тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін
қызметтерді өндіруді жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жоқтығы туралы
қорытындысын беруіңізді сұраймын.
Осы өтінішхатқа осы нысанға қосымшаға сәйкес материалдар қоса беріледі.
Қоса берілген құжаттардың толықтығы мен дұрыстығын растаймын.
Мемлекеттік орган басшысының, орынбасарының қолы
"__" ___________ 20___ж. (қолы).

  Монополияға қарсы органның
ұқсас тауарларды, жұмыстарды,
көрсетілетін қызметтерді өндіруді
жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік
субъектілерінің жоқтығы туралы
қорытындысын беру туралы
өтінішхат нысанына
қосымша

Монополияға қарсы органның ұқсас тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндіруді жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жоқтығы туралы қорытындысын алу үшін ұсынылатын материалдардың тізбесі

1.

Байланысушы адам

Оның өкілеттігін растайтын құжатты қоса бере отырып, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, мекенжайы, телефоны көрсетіледі

2.

Бір көзден сатып алуды жүзеге асыру мақсаты

Негіздемелер мен мақсаттар санамаланады. Жоспарланатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бір көзден алу тәсілімен жүзеге асырылатын себептер көрсетіледі.

3.

Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) бір көзден сатып алу жоспарланатын тауар нарығының шекаралары

Тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алынатын аумақтардағы әкімшілік шекаралар (аудан, қала, облыс, республика)

4.

Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді бір көзден сатып алудың жоспарланған көлемі

Мәліметтер заттай және құндық мәнде беріледі

5.

Әлеуетті өнім берушіден сатып алынатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді көрсету кезеңі

Әлеуетті өнім берушіден сатып алынатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді көрсетудің болжамды мерзімі көрсетіледі

      Ескертпе. Әрбір сұраққа толық жауап беріледі. Толық ақпарат беру мүмкін болмаған кезде бағалау немесе болжамдық ақпарат оның бағалау немесе болжамдық болып табылатыны көрсетіле отырып ұсынылады, сондай-ақ оны алу көздері және бағалау мен болжамның пайдаланылған әдістері көрсетіледі.

Об утверждении Правил выдачи заключения антимонопольного органа об отсутствии субъектов частного предпринимательства, осуществляющих производство аналогичных товаров, работ, услуг

Приказ Председателя Агентства по защите и развитию конкуренции Республики Казахстан от 8 июля 2022 года № 190/НҚ

      В соответствии с подпунктом 27) пункта 3 статьи 39 Закона Республики Казахстан "О государственных закупках" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила выдачи заключения антимонопольного органа об отсутствии субъектов частного предпринимательства, осуществляющих производство аналогичных товаров, работ, услуг.

      2. Департаменту экономической концентрации и контроля государственных предприятий Агентства по защите и развитию конкуренции Республики Казахстан (далее – Агентство) в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) в течение десяти календарных дней после подписания настоящего приказа направление его на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Агентства по защите и развитию конкуренции Республики Казахстан.

      2. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего заместителя Председателя Агентства.

      3. Настоящий приказ вступает в силу со дня его подписания.

      Председатель С. Жумангарин

  Утвержден
приказом Председателя
Агентства по защите и
развитию конкуренции
Республики Казахстан
от 8 июля 2022 года № 190/НҚ

Правила выдачи заключения антимонопольного органа об отсутствии субъектов частного предпринимательства, осуществляющих производство аналогичных товаров, работ, услуг

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила выдачи заключения антимонопольного органа об отсутствии субъектов частного предпринимательства, осуществляющих производство аналогичных товаров, работ, услуг (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 27) пункта 3 статьи 39 Закона Республики Казахстан "О государственных закупках".

      2. В настоящих Правилах используется следующее понятие:

      потенциальный поставщик – акционерное общество, товарищество с ограниченной ответственностью, сто процентов голосующих акций (долей участия в уставном капитале) которых принадлежат государству, и государственное предприятие, в отношении которого государственный орган осуществляет управление в соответствии с законодательством Республики Казахстан о государственном имуществе, соответствующие полномочия которых, в том числе государственного органа, установлены законами Республики Казахстан, указами Президента Республики Казахстан.

      Иные понятия, используемые в настоящих Правилах, определены в Предпринимательском кодексе Республики Казахстан и иных нормативных правовых актах.

Глава 2. Порядок выдачи заключения антимонопольного органа об отсутствии субъектов частного предпринимательства, осуществляющих производство аналогичных товаров, работ, услуг

      3. Для получения заключения антимонопольного органа об отсутствии субъектов частного предпринимательства, осуществляющих производство аналогичных товаров, работ, услуг (далее – заключение) государственный орган представляет в антимонопольный орган либо его территориальное подразделение (далее – уполномоченный орган) ходатайство по форме согласно приложению к настоящим Правилам через Единую систему электронного документооборота.

      4. Уполномоченный орган выдает заключение в течение тридцати календарных дней с момента поступления ходатайства.

      5. В ходе рассмотрения ходатайства уполномоченный орган вправе запросить в сроки, которые не могут быть менее пяти рабочих дней, от субъектов рынка и (или) государственных органов дополнительные сведения и (или) документы, необходимые для выдачи заключения.

      На период предоставления дополнительных сведений и (или) документов срок рассмотрения ходатайства приостанавливается, о чем уполномоченный орган в течение трех рабочих дней со дня приостановления срока извещает государственный орган, подавший ходатайство.

      6. Уполномоченный орган при выдаче заключения может использовать:

      1) собственные исследования;

      2) маркетинговые, социологические исследования, выборочные опросы и анкетирование субъектов рынка, граждан, общественных организаций;

      3) сведения, полученные от государственных органов, физических и юридических лиц;

      4) данные:

      официальной статистической информации;

      ассоциаций, общественных объединений, Национальной палаты предпринимателей Республики Казахстан "Атамекен".

      7. Выдача заключения состоит из следующих этапов:

      1) определение товарного рынка и его географических границ;

      2) определение количества субъектов рынка, действующих на соответствующем товарном рынке;

      3) выдача заключения.

      8. По результатам рассмотрения ходатайства уполномоченный орган выдает заключение с указанием:

      1) наименования закупаемых товаров, работ, услуг;

      2) вывода об отсутствии субъектов частного предпринимательства, осуществляющих производство аналогичных товаров, работ, услуг.

      9. Заключение подписывается курирующим заместителем руководителя уполномоченного органа или руководителем территориального подразделения уполномоченного органа.

      10. При наличии субъектов частного предпринимательства, осуществляющих производство аналогичных товаров, работ, услуг уполномоченный орган направляет государственному органу, подавшему ходатайство, мотивированный отказ в выдаче заключения.

  Приложение
к Правилам выдачи заключения
антимонопольного органа об
отсутствии субъектов частного
предпринимательства,
осуществляющих производство
аналогичных товаров, работ,
услуг
  Форма

                                                В __________________________
                                                      (полное наименование
                                                уполномоченного органа)
                                                от__________________________
                                                      (полное наименование
                                                государственного органа)

Ходатайство о выдаче заключения антимонопольного органа об отсутствии субъектов частного предпринимательства, осуществляющих производство аналогичных товаров, работ, услуг

      Прошу предоставить заключение антимонопольного органа об отсутствии субъектов частного предпринимательства, осуществляющих производство аналогичных товаров, работ, услуг.

      К настоящему ходатайству прилагаются материалы согласно приложению к настоящей форме.

      Полноту и достоверность прилагаемых документов подтверждаю.

      Подпись руководителя, заместителя государственного органа

      "__" ___________ 20___г. (подпись).

  Приложение
к форме ходатайства о выдаче
заключения антимонопольного
органа об отсутствии субъектов
частного предпринимательства,
осуществляющих производство
аналогичных товаров, работ,
услуг

Перечень материалов, предоставляемых для получения заключения антимонопольного органа об отсутствии субъектов частного предпринимательства, осуществляющих производство аналогичных товаров, работ, услуг

1.

Контактное лицо

Указывается фамилия, имя, отчество (при его наличии), должность, адрес, телефон с приложением документа, подтверждающего его полномочия

2.

Цель осуществления закупки из одного источника

Перечисляются обоснования и цели. Указываются причины, по которым планируемые товары, работы, услуги осуществляются способом из одного источника.

3.

Границы товарного рынка, в которых планируется приобретение из одного источника товаров (работ, услуг)

Административные границы (район, город, область, республика) на территории, которых будут приобретаться товары, работы, услуги

4.

Планируемые объемы товаров работ, услуг закупок из одного источника

Сведения предоставляются в натуральном и стоимостном выражении

5.

Период оказания товаров, работ, услуг, закупаемых у потенциального поставщика

Указываются предполагаемый срок оказания товаров, работ, услуг, закупаемых у потенциального поставщика

      Примечание. На каждый вопрос представляется исчерпывающий ответ. При невозможности предоставить полную информацию предоставляется оценочная или прогнозная информация с указанием на то, что она является оценочной или прогнозной, а также указываются источники ее получения и использованные методы оценки и прогноза.