"Батыс Қазақстан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 3 маусымдағы № 104 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабын, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 17-бабын басшылыққа ала отырып және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Батыс Қазақстан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

      2. "Батыс Қазақстан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 17 қарашадағы №339 "Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" қаулысы жойылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Т.Е. Каюповқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Ғ. Есқалиев

  2022 жылғы 3 маусымдағы № 104
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысымен бекітілген

"Батыс Қазақстан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Батыс Қазақстан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі облыстың әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын қалыптастыруға және қол жеткізуге ықпал ететін, мемлекеттік жоспарлау жүйесін іске асыруды мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Батыс Қазақстан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

      3. "Батыс Қазақстан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Батыс Қазақстан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. "Батыс Қазақстан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. "Батыс Қазақстан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. "Батыс Қазақстан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Батыс Қазақстан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Батыс Қазақстан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 090006, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, № 201 үй.

      10. Осы Ереже "Батыс Қазақстан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. "Батыс Қазақстан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. "Батыс Қазақстан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен "Батыс Қазақстан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер "Батыс Қазақстан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2. "Батыс Қазақстан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мақсаттары мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      1) стратегиялық жоспарлау және Батыс Қазақстан облысының əлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі басымдықтарын қалыптастыру;

      2) Батыс Қазақстан облысының өңірлік дамуының мемлекеттік саясатын іске асыру.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардан қажетті ақпарат пен құжаттарды сұрату және алу;

      өз құзыреті шегінде мемлекеттің қатысуымен ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру, сондай-ақ тарату мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу;

      сараптамалар жүргізу және консультациялар беру үшін орталық және жергілікті атқарушы органдардан мамандар, сондай-ақ тәуелсіз сарапшылар тарту.

      2) Міндеттері:

      "Батыс Қазақстан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің және әкімінің актілері жобаларын әзірлеу.

      15. Функциялары:

      1) бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын жыл сайын әзірлеу;

      2) стратегиялық жəне бағдарламалық құжаттарды жəне Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Жолдауын ескере отырып, бесжылдық кезеңге арналған Батыс Қазақстан облысының даму жоспарын әзірлеу,жоғары тұрған орталық мемлекеттік органдармен келісу және Батыс Қазақстан облыстық мәслихат сессиясының қарауына енгізу;

      3) стратегиялық жəне бағдарламалық құжаттарды жəне Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын ескере отырып, Батыс Қазақстан облысының даму жоспарын жыл сайын түзету;

      4) Батыс Қазақстан облысының даму жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу;

      5) жыл сайын Батыс Қазақстан облысының даму жоспарын іске асыру туралы есепті қалыптастыру жəне мониторингілеу;

      6) мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      7) жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін бағалау шеңберінде Батыс Қазақстан облысының даму жоспарының стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу және іске асыру бойынша қызметтің нəтижелілігі мен тиімділігін арттыру бойынша ұсынымдар мен ұсыныстарды іске асыру;

      8) Мемлекет Басшысының Жолдауын, экономикалық жəне əлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларды орындау үшін əзірленген құжаттарды іске асыру жəне мониторингілеу;

      9) Батыс Қазақстан облысы бойынша 100 нақты қадам – Ұлт Жоспарын іс жүзінде іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау бойынша мониторинг жүргізу;

      10) Батыс Қазақстан облысының əлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарын іске асыру мониторингілеу және орталық мемлекеттік органдарға ақпарат ұсыну;

      11) жыл сайынғы негізгі нысаналы индикаторларға қол жеткізу бойынша облыс әкімі мен Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі арасындағы Меморандумды әзірлеу, талдау жəне оның іске асырылуын мониторингілеу;

      12) Батыс Қазақстан облысы облысының, қаласының және аудандарының әлеуметтік-экономикалық дамуының ай сайынғы көрсеткіштерін талдау;

      13) ҚР Президенті Әкімшілігіне, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесіне жіберілетін облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары бойынша ай сайынғы есептерді дайындау;

      14) облыстың ауылдық елді мекендерінің əлеуметтік-экономикалық дамуын талдау жəне мониторингілеу, мониторинг қорытындыларын орталық мемлекеттік органдарға ұсыну;

      15) өңірлік стандарттар жүйесін анықтау үшін облыстың барлық ауылдық елді мекендері бойынша деректерді талдау және жинау;

      16) облыстың моноқаласын дамыту бойынша іс-шараларды іске асыру мониторингі;

      17) шекара маңындағы аумақтарды дамыту жөніндегі ұсыныстар әзірлеу;

      18) облыстың әкімшілік-аумақтық құрылысы бойынша мәселелерді пысықтау;

      19) "Ауыл – ел бесігі" арнайы жобасын іске асыру мониторингі;

      20) ауылдық жерлерде әлеуметтік сала мамандарын әлеуметтік қолдау жөніндегі ("Дипломмен ауылға") бюджеттік бағдарламалардың мониторингін үйлестіру және жүргізу;

      21) "Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері" ұлттық жобасы бойынша есеп пен ақпарат дайындау;

      22) Батыс Қазақстан облысы бойынша "Amanat" партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асырудың Жол картасының мониторингі бойынша есепті қалыптастыру;

      23) жетекшілік ететін бағыттар бойынша облыс əкімдігінің отырыстарына материалдар дайындау;

      24) мемлекеттік жоспарлаудың ақпараттық жүйесін енгізу жәнетолтыру;

      25) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

3. "Батыс Қазақстан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. "Батыс Қазақстан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесін басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол "Батыс Қазақстан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      17. "Батыс Қазақстан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Батыс Қазасқтан облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      18. "Батыс Қазақстан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.

      19. "Батыс Қазақстан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) "Батыс Қазақстан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады және "Батыс Қазақстан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;

      2) "Батыс Қазақстан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бөлім басшыларының және қызметкерлерінің өкілеттіктерін айқындайды;

      3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша жұмыс жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауапты болады;

      4) қолданыстағы заңнамаға сәйкес "Батыс Қазақстан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

      5) заңнамада белгіленген тәртіппен "Батыс Қазақстан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін ынталандыру, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;

      6) "Батыс Қазақстан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бөлімдері туралы ережелерді және қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

      7) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;

      8) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда "Батыс Қазақстан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі атынан өкілдік етеді;

      9) гендерлік саясатты іске асыру мәселелері жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағытта дербес жауапты болады;

      10) белгіленген тәртіппен қаржы-экономикалық және шаруашылық қызмет мәселелерін шешеді, бюджеттік қаражаттардың тиімді және мақсатты жұмсалуын бақылайды.

      "Батыс Қазақстан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      20. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

4. "Батыс Қазақстан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      21. "Батыс Қазақстан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      "Батыс Қазақстан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      22. "Батыс Қазақстан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Батыс Қазақстан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. "Батыс Қазақстан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      24. "Батыс Қазақстан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения государственного учреждения "Управление стратегии и экономического развития Западно-Казахстанской области"

Постановление акимата Западно-Казахстанской области от 3 июня 2022 года № 104

      Руководствуясь статьей 27 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 17 Закона Республики Казахстан "О государственном имуществе" и в соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 сентября 2021 года №590 "О некоторых вопросах организации деятельности государственных органов и их структурных подразделений" акимат Западно-Казахстанской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить Положение государственного учреждения "Управление стратегии и экономического развития Западно-Казахстанской области" согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Государственному учреждению "Управление стратегии и экономического развития Западно-Казахстанской области" в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в органах юстиции;

      2) принятие иных мер вытекающих из настоящего постановления.

      3. Отменить постановление акимата Западно-Казахстанской области от 17 ноября 2016 года № 339 "Об утверждении Положения государственного учреждения "Управление экономики и бюджетного планирования Западно-Казахстанской области".

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима Западно-Казахстанской области Каюпова Т.Е.

      5. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким области Г. Искалиев

  Утверждено
постановлением акимата
Западно-Казахстанской области
от от 3 июня 2022 года № 104

Положение о государственном учреждении "Управление стратегии и экономического развития Западно-Казахстанской области"

1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Управление стратегии и экономического развития Западно-Казахстанской области" является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сфере государственного управления реализации системы государственного планирования, способствующей формированию и достижению приоритетов социально-экономического развития области.

      2. Государственное учреждение "Управление стратегии и экономического развития Западно-Казахстанской области" ведомств не имеет.

      3. Государственное учреждение "Управление стратегии и экономического развития Западно-Казахстанской области" осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.

      4. Государственное учреждение "Управление стратегии и экономического развития Западно-Казахстанской области" является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного управления, имеет печати с изображением Государственного Герба Республики Казахстан и штампы со своим наименованием на казахском и русском языках, бланки установленного образца, счета в органах казначейства в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      5. Государственное учреждение "Управление стратегии и экономического развития Западно-Казахстанской области" вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.

      6. Государственное учреждение "Управление стратегии и экономического развития Западно-Казахстанской области" имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      7. Государственное учреждение "Управление стратегии и экономического развития Западно-Казахстанской области" по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя государственного учреждения "Управление стратегии и экономического развития Западно-Казахстанской области" и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.

      8. Структура и лимит штатной численности государственного учреждения "Управление стратегии и экономического развития Западно-Казахстанской области" утверждаются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      9. Местонахождение юридического лица: 090006, Западно-Казахстанская область, город Уральск, проспект Н.Назарбаева, дом № 201.

      10. Настоящее положение является учредительным документом государственного учреждения "Управление стратегии и экономического развития Западно-Казахстанской области".

      11. Финансирование деятельности государственного учреждения "Управление стратегии и экономического развития Западно-Казахстанской области" осуществляется из местного бюджета в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      12. Государственному учреждению "Управление стратегии и экономического развития Западно-Казахстанской области" запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся полномочиями государственного учреждения "Управление стратегии и экономического развития Западно-Казахстанской области".

      Если государственному учреждению "Управление стратегии и экономического развития Западно-Казахстанской области" законодательными актами представлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то полученные доходы направляются в государственный бюджет, если иное не установлено законодательством Республики Казахстан.

2. Задачи и полномочия государственного учреждения "Управление стратегии и экономического развития Западно-Казахстанской области"

      13. Задачи:

      1) стратегическое планирование и формирование основных приоритетов социально-экономического развития Западно-Казахстанской области;

      2) реализация государственной политики регионального развития Западно-Казахстанской области;

      14. Полномочия:

      1) права:

      - в пределах своей компетенции запрашивать и получать у государственных органов и юридических лиц с участием государства необходимую информацию и документы;

      - в пределах своей компетенции вносить предложения по вопросам создания, реорганизации, а также ликвидации организаций с участием государства;

      - привлекать для проведения экспертиз и консультаций специалистов центральных и местных исполнительных органов, а также независимых экспертов.

      2) обязанности:

      - разработка проектов актов акимата и акима Западно-Казахстанской области по вопросам, входящим в компетенцию государственного учреждения "Управление стратегии и экономического развития Западно-Казахстанской области".

      15. Функции:

      1) ежегодная разработка Прогноза социально-экономического развития на пятилетний период;

      2) разработка Плана развития Западно-Казахстанской области на пятилетний период с учетом стратегических и программных документов, ежегодного Послания Президента Республики Казахстан, согласование с вышестоящими центральными госорганами и внесение на рассмотрение сессии Западно-Казахстанского областного маслихата;

      3) ежегодная корректировка Плана развития Западно-Казахстанской области с учетом стратегических и программных документов и Послания Президента Республики Казахстан;

      4) разработка Плана мероприятий по реализации Плана развития Западно-Казахстанской области;

      5) ежегодный мониторинг и формирование Отчета о реализации Плана развития Западно-Казахстанской области;

      6) выработка предложений по совершенствованию системы государственного планирования;

      7) реализация рекомендаций и предложений по повышению результативности и эффективности деятельности по достижению и реализации стратегических целей Плана развития Западно-Казахстанской области в рамках оценки эффективности деятельности местных исполнительных органов;

      8) реализация и мониторинг документов, разработанных во исполнение Послания Главы государства, поручений по обеспечению экономической и социальной стабильности;

      9) проведение мониторинга по исполнению Плана мероприятий по практической реализации Плана нации – 100 конкретных шагов по Западно-Казахстанской области;

      10) мониторинг реализации Комплексного плана социально- экономического развития Западно-Казахстанской области и представление информации в центральные государственные органы;

      11) разработка, анализ и мониторинг реализации Меморандума между Акимом области и Премьер-Министром Республики Казахстан по достижению ежегодных ключевых целевых индикаторов;

      12) анализ ежемесячных показателей социально-экономического развития области, города и районов Западно-Казахстанской области;

      13) подготовка ежемесячных отчетов по итогам социально-экономического развития области, направляемых в Администрацию Президента РК, канцелярию Премьер-Министра РК;

      14) анализ и мониторинг социально-экономического развития сельских населенных пунктов области, представление итогов мониторинга в центральные государственные органы;

      15) анализ и сбор данных по всем сельским населенным пунктам области для определения Системы региональных стандартов;

      16) мониторинг реализации мероприятий по развитию моногорода области;

      17) выработка предложений по развитию приграничных территорий;

      18) проработка вопросов по административно-территориальному устройству области;

      19) мониторинг реализации специального проекта "Ауыл Ел бесігі";

      20) координация и проведение мониторинга бюджетных программ по социальной поддержке специалистов социальной сферы в сельской местности ("С дипломом в село");

      21) подготовка отчета и информации по национальному проекту "Сильные регионы - драйвер развития страны";

      22) формирование отчета по мониторингу Дорожной карты реализации Предвыборной программы партии "Аmanat" по Западно-Казахстанской области;

      23) подготовка материалов на заседания акимата области по курируемым направлениям;

      24) внедрение и заполнение информационной системы государственного планирования;

      25) реализует иные полномочия, возлагаемые законодательством Республики Казахстан местным исполнительным органом в интересах местного государственного управления.

3. Статус, полномочия первого руководителя государственного учреждения "Управление стратегии и экономического развития Западно-Казахстанской области"

      16. Руководство государственного учреждения "Управление стратегии и экономического развития Западно-Казахстанской области" осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на государственное учреждение "Управление стратегии и экономического развития Западно-Казахстанской области" задач и осуществление им своих функций.

      17. Первый руководитель государственного учреждения "Управление стратегии и экономического развития Западно-Казахстанской области" назначается на должность и освобождается от должности акимом Западно-Казахстанской области в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      18. Первый руководитель государственного учреждения "Управление стратегии и экономического развития Западно-Казахстанской области" имеет заместителей, которые назначаются на должности и освобождаются от должностей в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      19. Полномочия первого руководителя государственного учреждения "Управление стратегии и экономического развития Западно-Казахстанской области":

      1) организует и руководит работой государственного учреждения "Управление стратегии и экономического развития Западно-Казахстанской области" и несет персональную ответственность за выполнение возложенных на государственное учреждение "Управление стратегии и экономического развития Западно-Казахстанской области" задач и осуществления им своих функций.

      2) определяет полномочия руководителей отделов и работников государственного учреждения "Управление стратегии и экономического развития Западно-Казахстанской области";

      3) ведет работу по борьбе с коррупцией и несет персональную ответственность за работу в этом направлении;

      4) в соответствии с действующим законодательством назначает и освобождает от должностей работников государственного учреждения "Управление стратегии и экономического развития Западно-Казахстанской области";

      5) в установленном законодательством порядке решает вопросы поощрения, оказания материальной помощи, наложения дисциплинарных взысканий на работников государственного учреждения "Управление стратегии и экономического развития Западно-Казахстанской области";

      6) утверждает положения об отделах и должностные инструкции работников государственного учреждения "Управление стратегии и экономического развития Западно-Казахстанской области";

      7) в пределах своей компетенции издает приказы, дает указания, подписывает служебную документацию;

      8) представляет государственное учреждение "Управление стратегии и экономического развития Западно-Казахстанской области" в государственных органах и иных организациях;

      9) проводит работу по вопросам гендерной политики и несет персональную ответственность в этом направлении;

      10) в установленном порядке решает вопросы финансово-экономической и хозяйственной деятельности, контролирует рациональное и целевое исполнение бюджетных средств.

      Исполнение полномочий первого руководителя государственного учреждения "Управление стратегии и экономического развития Западно-Казахстанской области" в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.

      20. Первый руководитель определяет полномочия своих заместителей в соответствии с действующим законодательством.

4. Имущество государственного учреждения "Управление стратегии и экономического развития Западно-Казахстанской области"

      21. Государственное учреждение "Управление стратегии и экономического развития Западно-Казахстанской области" может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.

      Имущество государственного учреждения "Управление стратегии и экономического развития Западно-Казахстанской области" формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.

      22. Имущество, закрепленное за государственным учреждением "Управление стратегии и экономического развития Западно-Казахстанской области", относится к коммунальной собственности.

      23. Государственное учреждение "Управление стратегии и экономического развития Западно-Казахстанской области" не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение государственного учреждения "Управление стратегии и экономического развития Западно-Казахстанской области"

      24. Реорганизация и упразднение государственного учреждения "Управление стратегии и экономического развития Западно-Казахстанской области" осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.