Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабын, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 17-бабын басшылыққа ала отырып және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №590 "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. "Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
3. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 4 мамырдағы №104 "Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта құру туралы" және Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 15 маусымдағы №149 "Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 4 мамырдағы №104 "Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта құру туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулылары жойылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары А.К. Утегуловқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Ғ. Есқалиев |
2022 жылғы 8 тамыздағы № 153 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысымен бекітілген |
"Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) Батыс Қазақстан облысының индустриалдық, технологиялық және инновациялық стратегиясын қалыптастыру, инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау, кәсіпкерлік, сауда, туризм, сыртқы экономикалық байланыстар, жүйе құраушы кәсіпорындардың сатып алуларында жергілікті қамтуды дамыту салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Басқарманың мынадай ведомствосы бар: "Aqjaiyq" әлеуметтік- кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы.
3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Басқарма ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ тілінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Х.Чурин көшесі, 116.
10. Осы ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
11. Басқарма қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2. Басқарманың мақсаттары мен өкілеттіктері
13. Мақсаттары:
Басқарманың мақсаты индустриалдық-инновациялық даму, кәсіпкерлік, сауда, туризмді қолдау, сондай-ақ сыртқы экономикалық ынтымақтастықты кеңейту және нығайту арқылы Батыс Қазақстан облысының өңдеу өнеркәсібі саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады.
14. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
Басқарманың алдына қойылған міндеттерді орындау бойынша ұсыныстар, қаулылар, өкімдер мен шешімдер жобаларын дайындауды және облыс әкімі мен әкімдігіне енгізуді жүзеге асыру;
залалды кәсіпорындарды қайта құру және тарату жөніндегі шараларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу.
2) міндеттері:
жеке кәсiпкерлiктi қолдау және дамытудың мемлекеттiк саясатын iске асыру;
Батыс Қазақстан облысының аумағында жеке кәсiпкерлiктi және инвестициялық жағдайды дамыту үшiн жағдайлар жасау.
15. Функциялары:
1) сарапшылық кеңестердiң қызметiн ұйымдастыру;
2) жергілікті деңгейде жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету;
3) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерін өз құзыреті шегінде мониторингілеу және бақылау;
4) тау-кен және өңдеу өнеркәсібі секторы мен шағын және орта бизнес кәсіпорындары өндіретін, соның ішінде экспортқа бағдарланған өнімдерді шығару, көлемін талдау, бағалау және болжам жасау;
5) шығарылатын өнімнің, орындалатын жұмыстың және көрсетілетін қызметтің сапасын арттыру мақсатында халықаралық стандарттар енгізуге жәрдем көрсету;
6) Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын Батыс Қазақстан облысында іске асыру, инновацияларды, жоғары технологиялы және экспортқа бағдарланған өндірістерді енгізуге, облыстың тау-кен және өңдеу өнеркәсібі секторын тиімді дамытуға бағытталған мемлекеттік және аймақтық саясатты жүргізу;
7) инвестициялық және инновациялық жобаларды іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау;
8) индустрияландыру картасы және өңірдің кәсіпкерлігін қолдау картасы шеңберінде инвестициялық жобаларды мониторингілеу;
9) жергілікті қамтуды дамыту бойынша жүйе құраушы кәсіпорындарды мониторингілеу;
10) туроператорлық қызметті лицензиялауды жүзеге асыру;
11) гидті (аудармашы гидті) кәсіптік даярлауды ұйымдастыруға ықпал ету;
12) уәкілетті органның келісімі бойынша туристік саланы дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту;
13) өз құзыреті шегінде рұқсаттық бақылауды жүзеге асыру;
14) ведомстволық бағынысты ұйымның қызметіне бақылау жүргізу;
15) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өкілеттіктерді жүзеге асыру.
3. Басқарманың бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. Басқарманы басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
17. Басқарманың бірінші басшысы лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
18. Басқарманың бірінші басшысының лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын орынбасарлары болады.
19. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) Басқарманың жұмысын ұйымдастырады және басқарады, Басқарманың жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;
2) Басқарманың бөлімдер басшылары және қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауап береді;
4) Басқарманың қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
5) заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарманың қызметкерлерін ынталандыру, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жазаға тарту және алып тастау мәселелерін шешеді;
6) Басқарманың бөлімдері туралы ережелерді, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
7) өз құзыреті шеңберінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;
8) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Басқарманың атынан өкілдік етеді;
9) гендерлік саясат мәселелері жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауап береді;
10) белгіленген тәртіппен қаржылық-экономикалық және шаруашылық қызмет мәселелерін шешеді, бюджеттік қаражаттардың тиімді және мақсатты жұмсалуын бақылайды;
11) Басқарманың құзырына кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің, бағдарламалар жобаларының және басқа да құжаттардың орындалу барысын бақылайды.
Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
20. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін айқындайды.
4. Басқарманың мүлкі
21. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату
24. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.