Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес Бөкей ордасы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 21 қарашадағы №150 "Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" қаулысы жойылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Бөкей ордасы ауданы әкімі аппаратының басшысы А.Ажғалиевке жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бөкей ордасы ауданының әкімі | Н. Даумов |