Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес Жаңақала аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Жаңақала аудандық мәслихатының 2022 жылғы 23 ақпандағы № 17-3
"Жаңақала ауданының азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелерін белгілеу туралы" шешімі жойылсын.
2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат хатшысының міндетін уақытша атқарушы |
С. Жардемалиев |