Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес Жаңақала ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жаңақала ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 16 қарашадағы №213"Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" қаулысы жойылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Д.Закарин |