Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабы 4-тармағының 6) тармақшасына сәйкес Казталов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Казталов ауданы бойынша қоса беріліп отырған коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидалары бекітілсін.
2."Казталов ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте осы қаулының Казталов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3.Осы қаулының орындалуын бақылау Казталов ауданының жетекшілік ететін әкімнің орынбасарына жүктелсін.
4.Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Р.Зулкашев |
Казталов ауданы әкімідігінің 2022 жылғы 6 қаңтардағы №220 қаулысына қосымша |
Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларынесептеудің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабы 4-тармағының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021жылғы 1 қыркүйектегі № 347 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №24212 болып тіркелген) бекітілген коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларына сәйкес әзірленді және коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің тәртібін айқындайды.
2. Коммуналдық қалдықтар деп мынадай тұтыну қалдықтары түсініледі:
1) өзгелермен қатар қағаз бен картонды, шыныны, металдарды,пластмассаны, органикалық қалдықтарды, сүректі, тоқыманы, қаптаманы,пайдаланылған электр және электрондық жабдықтарды, батареялар мен аккумуляторларды қоса алғанда,үй шаруашылықтарының аралас қалдықтарымен бөлек жиналған қалдықтары;
2) егер аралас қалдықтар және басқа көздерден бөлек жиналған қалдықтар өзінің сипаты мен құрамы бойынша үй шаруашылықтарының қалдықтарына ұқсас болса,осындай қалдықтар.
Коммуналдық қалдықтарға өндіріс, ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы,балық аулау,септиктер мен кәріз желілері,сондай-ақ сарқынды судың тұнбасын қоса алғанда, тазарту құрылыс жайлары қалдықтары,пайдаланудан шығып қалған көлік құралдары немесе құрылыс қалдықтары кірмейді.
Тұтыну қалдықтарына адамның тыныс-тіршілік әрекеті нәтижесінде түзілген қалдықтар, өзінің тұтыну қасиеттерін толық немесе ішінара жоғалтқан өнімдер және (немесе) бұйымдар, олардың қаптамасы және агрегаттық жай-күйіне қарамастан жарамдылық не пайдалану мерзімі біткен, сондай-ақ меншік иесі өз бетінше физикалық түрде құтылған нетұтыну қалдықтарының қатарына құжатпен аударған өзге де заттар немесе олардың қалдықтары жатады.
3. ҚР 2021 жылғы 2 қаңтардағы Экология кодексінің 365 бабының 6-тармақшасына сәйкес коммуналдық қалдықтардың қауіпті құрауыштары (электрондық және электр жабдықтар, құрамында сынап бар қалдықтар, батарейкалар, аккумуляторлар және өзге де қауіпті құрамдастар) бөлек жиналуға және арнайы бейімделген кәсіпорындарға қалпына келтіруге берілуге тиіс.
2-тарау. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу тәртібі
4. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары тұрғын үй қорының барлық объектілері, тұрғын емес үй-жайлар үшін жеке-жеке белгіленеді.
5. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тұрғын үй қорының барлық объектілері үшін және тұрғын емес үй-жайлар бойынша анықталады.
6. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары кейіннен есептік бірлікке жинақталу көлемін кейін есептей отырып, заттай өлшеу жүргізу жолымен анықталады.
7. Заттай өлшеулер жүргізу үшін көріктендіру әр түрлі деңгейі бар екі үлгідегі тұрғын үй қорының объектілері бөлінеді:
1) Тұтынушыларға коммуналдық қызметтерді ұсыну үшін пайдаланылатын үйішілік инженерлік коммуникацияларымен жабдықтары бар жайлы тұрғын үй;
2) Тұтынушыларға коммуналдық қызмет көрсету үшін пайдаланылатын үйішілік инженерлік коммуникациялары мен жабдықтары жоқ жайлы емес тұрғын үй.
8. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын айқындау үшін тұрғын халықтың мынадай саны бар учаскелер бөлінеді: тұрғындарының саны 300 мың адамға дейінгі елді мекендерде учаскелер абаттандырудың әрбір түрі бойынша тұрғындардың жалпы санының 2%-ын қамти отырып таңдалады.
9. Таңдап алынған объектілерде өлшеу жүргізу алдында "Казталов ауданының тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары" ММ-сі жергілікті атқарушы органдар коммуналдық қалдықтарды жинау мен шығаруды жүзеге асыратын ұйымдармен бірлесіп, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша тұрғын қорымен тұрғын емес үй-жайлардың коммуналдық паспортын жасайды.
10. Түзілген және жинақталған коммуналдық қалдықтардың массасымен көлемін анықтау үшін өлшеу сызғышы мен салмақ өлшеу жабдығы пайдаланылады.
11. Өлшеу алдында контейнердегі қалдықтар коммуналдық қалдықтарды жинау мен шығаруды жүзеге асыратын ұйыммен теңестіріледі және өлшеу сызғышының көмегімен қалдықтардың көлемі анықталады.
12. Жинақталған қалдықтардың массасы толтырылған контейнерлерді өлшеу және коммуналдық қалдықтарды жинаумен шығаруды жүзеге асыратын ұйымның бос контейнердің массасын одан әрі шегеру жолымен айқындалады.
13. Бір учаскеде түзілген және жинақталған қалдықтардың жалпы көлеміарнайы техниканың (қоқыс тасығыштың) шанағын толтырған және басқаучаскелерден қоқысты тиеу мүмкін болмаған кезде, қалдықтардың массасын қоқыс тиелген және бос машиналарды автомобиль таразысында өлшеу жолымен анықтауға жол беріледі.
14. Түзілген және жинақталған қалдықтардың массасымен көлемі жөніндегі деректерді "Казталов ауданының тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары" ММ-сі Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бастапқы жазба бланкісіне енгізеді.
15. Өлшеу бойынша бастапқы материалдарды өңдегеннен кейін әрбіробъектінің алынған деректері (массасы, көлемі) аптаның күндері бойынша қосылады және жергілікті атқарушы орган Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының жиынтық маусымдық ведомосына енгізеді.
16. Маусымдық өлшеулер жүргізілгеннен кейін "Казталов ауданының тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары" ММ-сі осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуімен жинақталуының жиынтық жылдық ведомосына деректерді (масса,көлем) енгізеді.
17. Белгілі бір объекті бойынша өлшеу болжанып отырған коммуналдық қалдықтарды жинағанда басқа объектілердің коммуналдық қалдықтары араласып кетпеуге.
18. Қалдықтардың жинақталуын анықтаған кезде бірдей сыйымдылық тағы стандартты контейнерлер пайдаланылады. Қалдықтарды барынша толық есепкеалу және бір келкі емес түзілу мен жинақталу коэффициентін анықтауға қосымша контейнерлер орнату көзделеді, оларды орнату қажеттілігі мен олардың санытандап алынған учаскелерді тексерген кезде нақтыланады.
Барлық контейнерлер толығымен тазалануы керек:
1) Күн сайын әкету кезінде–өлшеу басталғанға дейін бір тәулік бұрын;
2) Кесте бойынша әкету кезінде күн сайын–кесте бойынша әкетудің соңғы күні өлшеу аптасының алдында.
19. Өлшеу басталғанға дейін бір тәулік бұрын коммуналдық қалдықтарды жинау мен шығаруды жүзеге асыратын ұйым барлық контейнерлерді толық тазартуы тиіс.
20. Өлшеу бойынша бастапқы материалдарды өңдеу олар жүргізілгеннен кейін келесі жұмыс күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
3 тарау. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу
21. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу былайша жүргізіледі:
1) бір тәулікте объектіде коммуналдық қалдықтарды жинақтауға арналған бір контейнерде түзілген және жинақталған қалдықтардың көлемін анықтау (Vконт.,М3):
Vконт=h*S
мұндағыһ-контейнердің түбінен бастап жинақталған коммуналдық қалдықтардың жоғарғы нүктесіне дейінгі биіктік,м;
S – контейнер түбінің алаңы, м2;
2) контейнерлік алаңда коммуналдық қалдықтардың түзілуі менжинақталуының жалпы көлемін анықтау (Vтәу, м3), егер контейнерлік алаңда коммуналдық қалдықтарды жинақтауға арналған контейнерлердің саны бірден артық болса:
Vтәу=Vконт1+Vконт2+Vконт3...
мұндағы Vконт1, Vконт2, Vконт3 – контейнерлік алаңда орналасқан әрбірконтейнер бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының тәуліктік көлемі.Есептеу контейнерлік алаңда орналасқан контейнердің санына байланысты жүргізіледі;
3) коммуналдық қалдықтарды жинақтауға арналған контейнерде жинақталған коммуналдық қалдықтардың тәуліктік массасын анықтау (mконт.,кг) мынадай формула бойынша жүргізіледі:
mконт=m3-mп
мұндағы m3–қалдықтар тиелген контейнердің массасы,кг;mп–қалдықтардан бос контейнердің массасы,кг;
4) объектіде түзілген коммуналдық қалдықтардың тәуліктік массасын анықтау(mтәу.,кг) мынадай формула бойынша жүргізіледі:
mтәу=mконт1+mконт2+mконт3...
мұндағы mконт1, mконт2, mконт3 - контейнерлік алаңда орналасқан әрбірконтейнер бойынша коммуналдық қалдықтардың тәуліктік массасы. Есептеу контейнерлік алаңда орналасқан контейнерлердің санына байланысты жүргізіледі;
5) өлшеулер контейнерлік алаңнан қалдықтарды шығарғанға дейін тәуліктің бір уақытында жүргізіледі.Өлшеулерді жүргізу кезеңі:жетікүн(үзіліссіз).
Өлшеулерді жүргізу мерзімдері: қыс-желтоқсан, қаңтар, ақпан; көктем-наурыз,сәуір,мамыр;жаз-маусым,шілде,тамыз;күз-қыркүйек,қазан,қараша.
Маусымдық кезең ішінде объектіде түзілген коммуналдық қалдықтардың көлемін анықтау(Vмаус,м3)мынадай формула бойынша жүргізіледі:
Vмаус=Vтәу1+Vтәу2+. +Vтәу7
мұндағы Vтәу1, Vтәу2 – белгілі бір маусымда әр тәулік ішінде объектіде пайда болған коммуналдық қалдықтардың көлемі;
6) маусымдық кезең ішінде объектіде пайда болған коммуналдық қалдықтардың көлемін анықтау(mмаус,кг)мынадай формула бойынша жүргізіледі:
mмаус=mтәу1+mтәу2+...+mтәу7
мұндағыmтәу1mтәу2–белгілі бір маусымда тәулік ішінде объектідегі коммуналдық қалдықтардың массасы;
7) объектіде коммуналдық қалдықтардың түзілу көздерінің санынан коммуналдық қалдықтардың орташа маусымдық нормасын анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі:
көлемі бойынша(Vтм,м3):
Vтм=Vмаус/(nxa)
Массасы бойынша(mтм,кг):
mтм=mмаус/(nxa)
мұндағыn-маусымдық кезең ішінде бақылау тәулігінің саны; а–есептік бірліктің саны.
8) Объектіде есептік бірлікке коммуналдық қалдықтардың тәуліктік орташа жылдық нормасын анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі:
көлемібойынша(Vтом,м3):
Vтом=(Vктм+Vктм+Vжтм+Vкүтм)/nмассасыбойынша(mтом,кг):
mтом=(mктм+mктм+mжтм+mкүтм)/n
мұндағы жоғарғы индекстер"қ","к","ж","кү"–қыста–"қ",көктемде–"к",жазда – "ж", күзде "кү" – есептік бірлікте тиісінше қалдықтар пайда болуының тәуліктік орташа маусымдық нормативтерін білдіреді;
n–қалдықтар пайда болған маусымның саны(n=4).
9) Объектіде есептік бірлікте коммуналдық қалдықтардың пайда болуымен жинақталуының жылдық нормасын анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі:
Көлемі бойынша(Vж,м3):
Vж=Vтожхnк
Массасы бойынша(mж,кг):
mж=mтожXnк
мұндағыnк–жылдағы күннің саны.
22. Коммуналдық қалдықтардың орташа тығыздығын анықтау,коммуналдық қалдықтардың түзілуімен жинақталуының маусымдық және тәуліктік біртекті емес коэффициентін анықтауға қосымша мынадай есеп жүргізіледі:
1) коммуналдық қалдықтардың орташа тығыздығын анықтау (gop, кг/м3)мынадай формула бойынша жүргізіледі:
qcp=m/V,
мұндағы mжәнеV-есептік бірлікте тиісінше массасымен көлемі бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының жылдық немесе орташа маусымдық нормативтері;
2) коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының маусымдық біртекті емес коэффициентін (kбе) анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі:
көлемі бойынша:
Кбе= Vом/Vжмассасыбойынша:
Кбе=mом/mж
3) коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының тәуліктік маусымдық біртекті емес коэффициентін анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі:
көлемі бойынша:
Кмбе=Vmax.тәу./Voм
мұндағыVmax.тәу.–маусымда объектідегі коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының ең жоғарғы тәуліктік көлемі,м3массасы бойынша:
kсн=mmaxтәу./moм
мұндағыmmax.тәу.–маусымда объектідегі коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының ең жоғарғы тәуліктік массасы,кг.
23. Нақты және есептік жылдық көлемді салыстыру үшін коммуналдық қалдықтардың пайда болуы мен жинақталуының есептік бірлікте белгіленген жылдық нормативтері есептік бірліктің санына көбейтіледі. Алынған коммуналдық қалдықтардың түзілуінің есептік жылдық көлемінің айырмасы олардың дәл сол объектіде бір жыл ішінде нақты жинақталуының бес пайызынан аспауға тиіс. Есепті және нақты деректерде бес пайыздан артық айырма болған жағдайда коммуналдық қалдықтардың түзілуінің сараланған нормативтері олартүзілетін негізгі объектілер бойынша талап етілген қателіктермен нәтижеге шыққанға дейін түзетіледі.
Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидалары 1-қосымша |
Тұрғын үй қорымен тұрғын емес үй-жайлар объектілерінің түрлері
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер | Есептік бірлік |
1 | Жайлы және жайлы емесүйлер | 1 тұрғын |
2 | Жатақханалар, интернаттар, балаларүйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар | 1 орын |
3 | Қонақүйлер, санаторийлер, демалысүйлері | 1 орын |
4 | Балабақшалар, бөбекжайлар | 1 орын |
5 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақбанктері, байланысбөлімшелері | 1 қызметкер |
6 | Емханалар | 1 келіпкету |
7 | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек -орын |
8 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы |
9 | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын |
10 | Кинотеатрлар, концерт залдары, ойынавтоматтарының залы, мұражай | 1 отыратын орын |
11 | Стадиондар, спорталаңдары | Жоба бойынша 1 орын |
12 | Спорттық, би жәнеойынзалдары | Жалпы алаңы 1м² |
13 | Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер | Сауда алаңы 1м² |
14 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | Сауда алаңы 1м² |
15 | Дәріханалар | Сауда алаңы 1м² |
16 | Автотұрақтар, автомобильдіжууорындары, АЖС, гараждар | 1 машина-орын |
17 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы |
18 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмысорны |
19 | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | Жалпы алаңы 1м² |
20 | Зергерлік, аяқкиімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | Жалпы алаңы 1м² |
21 | Моншалар, сауналар | Жалпы алаңы 1м² |
Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын қағидаларына 2-қосымша |
Тұрғын үй қоры объектісінің коммуналдық паспорты
Нысан
Елдімекен,аудан,облыс_____________________________________________
1. Мекен жайы_____________________________________________________
2. Қабаттылығы___________________________________________________
3. Үйдің нөмірі__________________________________________________
4. Тұрып жатқан адамдардың саны,адам________________________________
5. Жайлылық деңгейі:________________________________________________
а) су құбырының,газдың,кәріздің болуы________________________________
б) жылу беру түрі(орталықтан,пешпен,жергілікті)_________________________
в) отынның түрі-көмір(таскөмір,қоңыртемір),ағаш отын,газ_______________________
г) қоқыс құбырының болуы______________________________________________
д) аула аумағының алаңы,м2 ______________________________________________
жасыл екпелер бар______________________________________________________
жабыны қатты___________________________________________________
оның ішінде жаяу соқпақтар______________________________________
6. Контейнерлердің түрі,олардың саны және сыйымдылығы_____________________________
7. Қалдықтарды шығару кезеңділігі_____________________________________________
8. Тамақ қалдықтарымен қайталама шикізатты бөлек жинау жүргізілеме
(қандайжәнеқанша)_________________________________________________________
9. Қайталама шикізатты шығару кезеңділігі______________________________________ __________________________________________________________________________
10. Тамақ қалдықтарын шығару кезеңділігі_________________________________________ ___________________________________________________________________________
11. Қауіпті қалдықтарды бөлек жинау жүргізілеме (қандай және қанша
фракция)___________________________________________________________________
Қолдары:
Т.А.Ә.(болған жағдайда), лауазымы
Нысан
Тұрғын емес үй-жайлар объектілерінің коммуналдық паспорты
Елдімекен, аудан, облыс ____________________________________________
1. Объектініңатауы ________________________________________________
2. Мекен жайы _____________________________________________________
3. Жапсарлас салынған немесе жекетұрған (соңғысының қабатын көрсету қажет) ___________________________________________________________
4. Есеп айырысу бірліктерінің саны (қызметкерлер және т. б.) ____________
5. Тәулігіне өткізу қабілеті: _______________________________________
ойын-сауық кәсіпорындары үшін (орын саны) _________________________
қоғамдық тамақтану кәсіпорындары үшін (тағам түрі) __________________
6. Қызмет көрсететін персоналдың саны, адам _________________________
7. Үй-жайдың жалпы алаңы, м2 ______________________________________
Сауда алаңы ______________________________________________________
Қоймалық және қосалқы алаң ________________________________________
8. Аула аумағының алаңы, м2 ________________________________________
Жасыл екпелер бар _________________________________________________
Жабын қатты ______________________________________________________
9. Контейнерлердің типі, олардың саны және сыйымдылығы _____________
10. Қалдықтарды шығару кезеңділігі __________________________________
11. Тамақ қалдықтары мен қайталама шикізатты бөлек жинау жүргізілеме
(қандай және қанша) ____________________________________
12. Қайталама шикізатты шығару кезеңділігі ___________________________ _________________________________________________________________
13. Тамақ қалдықтарын шығару кезеңділігі_____________________________
_________________________________________________________________
14. Қауіпті қалдықтарды бөлек жинау жүргізілеме (қандай және қанша фракция) _________________________________________________________
Қолдары:
Т.А.Ә. (болған жағдайда), лауазымы
Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидаларына 3-қосымша |
Нысан
Бастапқы жазба бланкісі
Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидаларына 4-қосымша |
Нысан
Объектілердің топтары бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілумен жиналуының жиынтық айлық (маусымдық) ведомосі
20_________ жылғы_________________ бастап______________________ дейін
Жайлылық типі__________________________________________________________
Апта-ның күндері | Объек-тінің атауы | Объек-тінің қыз-меттүрі | Есептік бірліктіңсаны | Жинақталған коммуналдық қалдықтардың көлемі/масса-сы | Орташа тығыздығы,кг/м3 | Барлығы қайталам а шикізат іріктеп алынды (бөлек жинаған кезде) | ||||
жалпы | 1 есептік бірлікке | |||||||||
кг | м | кг | м3 | кг | м3 | |||||
Дүй-сенбі | 3 | |||||||||
Сейсен-бі | ||||||||||
Сәрсен-бі | ||||||||||
Бейсен-бі | ||||||||||
Жұма | ||||||||||
Сенбі | ||||||||||
Жек-сенбі | ||||||||||
Тәулігі-не ор-таша |
Қолдары
Т.А.Ә.(болған жағдайда),лауазымы
Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидаларына 5-қосымша |
Нысан
Коммуналдық қалдықтардың түзілуімен жинақталуының жиынтық жылдық ведомосі
Жайлылық типі____________________________________________________________________________
Объ-ект | Ай | Өлшенетін бірліктің са-ны | Қалдықтардың жиналуы | Біртекті емес коэффици-ент | Бөлек жинау,кг | |||||||
жалпы | өлшенетін 1 бір-лікке | жалпы | 1 өлшенетін бір-лікке | |||||||||
м | кг | м3 | кг | м3 | кг | м | кг | м3 | кг | |||
1 | 2 | 3 |
3 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
3 | 11 | 12 | 13 |
Барлығы____________________________________
Тәулігіне орташа________________________
Қолдары______________________________
Т.А.Ә.(болған жағдайда),лауазымы_______________________________________________