"Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін қолданылатын түзету коэффициенттерінің 2024 жылға арналған мөлшерлерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 30 қазандағы № 79 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.01.2024 ж. бастап күшіне енеді.

      "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-5-бабы екінші бөлігінің 18-2) тармақшасына және "Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабы 3-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін қолданылатын түзету коэффициенттерінің 2024 жылға арналған мынадай мөлшерлері бекітілсін:

р/с

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атауы

Көлік құралы тіркелген аумақ бойынша түзету коэффициентінің мөлшері (астана, республикалық және облыстық маңызы бар қалалар үшін)

1

2

3

1.

Алматы облысы
(Жетісу облысы)

1,06

2.

Түркістан облысы

1,08

3.

Шығыс Қазақстан облысы
(Абай облысы)

0,82

4.

Қостанай облысы

0,95

5.

Қарағанды облысы
(Ұлытау облысы)

1

6.

Солтүстік Қазақстан облысы

0,8

7.

Ақмола облысы

0,92

8.

Павлодар облысы

0,88

9.

Жамбыл облысы

1,16

10.

Ақтөбе облысы

0,88

11.

Батыс Қазақстан облысы

0,96

12.

Қызылорда облысы

1,11

13.

Атырау облысы

0,71

14.

Маңғыстау облысы

0,88

15.

Алматы

0,82

16.

Астана

1,05

17.

Шымкент

1,09

      2. Сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      2) осы қаулыны "Мемлекеттік кредиттік бюро" акционерлік қоғамына және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мүдделі бөлімшелеріне жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту
агенттігінің Төрайымы
М. Әбілқасымова

Об утверждении размеров поправочных коэффициентов, используемых для расчета страховой премии по обязательному страхованию гражданско-правовой ответственности владельцев транспортных средств в соответствии с Законом Республики Казахстан "Об обязательном страховании гражданско-правовой ответственности владельцев транспортных средств", на 2024 год

Постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка от 30 октября 2023 года № 79

      Примечание ИЗПИ!
Вступает в силу с 01.01.2024 г.

      В соответствии с подпунктом 18-2) части второй статьи 6-5 Закона Республики Казахстан "О государственном регулировании, контроле и надзоре финансового рынка и финансовых организаций" и пунктом 3-1 статьи 19 Закона Республики Казахстан "Об обязательном страховании гражданско-правовой ответственности владельцев транспортных средств" Правление Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить следующие размеры поправочных коэффициентов, используемых для расчета страховой премии по обязательному страхованию гражданско-правовой ответственности владельцев транспортных средств, на 2024 год:

№ п/п

Наименование области, города республиканского значения, столицы

Размер поправочного коэффициента по территории регистрации транспортного средства (для столицы, городов республиканского и областного значения)

1

2

3

1.

Алматинская область
(Жетысуская область)

 
1,06

2.

Туркестанская область

1,08

3.

Восточно-Казахстанская область
(Абайская область)

 
0,82

4.

Костанайская область

0,95

5.

Карагандинская область
(Улытауская область)

 
1

6.

Северо-Казахстанская область

0,8

7.

Акмолинская область

0,92

8.

Павлодарская область

0,88

9.

Жамбылская область

1,16

10.

Актюбинская область

0,88

11.

Западно-Казахстанская область

0,96

12.

Кызылординская область

1,11

13.

Атырауская область

0,71

14.

Мангистауская область

0,88

15.

Алматы

0,82

16.

Астана

1,05

17.

Шымкент

1,09

      2. Департаменту страхового рынка и актуарных расчетов в установленном законодательством Республики Казахстан порядке:

      1) обеспечить размещение настоящего постановления на официальном интернет-ресурсе Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка;

      2) довести настоящее постановление до сведения Акционерного общества "Государственное кредитное бюро" и заинтересованных подразделений Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка.

      4. Настоящее постановление вступает в силу с 1 января 2024 года.

      Председатель Агентства
Республики Казахстан по регулированию
и развитию финансового рынка
М. Абылкасымова