БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінде қызметтік пайдаланудағы техникалық құралдарды (ұялы байланыс абоненттік құрылғыларын және мобильді құрылғыларды) кіргізу, шығару және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 17 тамыздағы № 663қбп бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінде қызметтік пайдаланудағы техникалық құралдарды (ұялы байланыс абоненттік құрылғыларын және мобильді құрылғыларды) кіргізу, шығару және пайдалану қағидаларында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Режимдік объектілер мен режимдік үй-жайларда:
1) фото және (немесе) бейнетүсірілім;
2) Интернетке (WAP, GPRS, E-GPRS, 3G, 4G, 5G модуліне) қосылатын;
3) спутниктік навигация және жаһандық танылған жүйелерге (GPS, Глонасс) қосылатын;
4) ақпаратқа сымсыз қолжетімділік және беру (Wi-Fi, Wi-Lan, Bluetooth, IR);
5) сыртқы машиналық ақпарат жеткізгіштерді қосу техникалық мүмкіндігі бар жеке пайдаланудағы техникалық құралдарды (оның ішінде ұялы телефон, мобильді және сол сияқты құрылғылар) пайдалануға рұқсат етілмейді.
Режимдік үй-жайда мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғау құралдары (акустикалық сейф) бар болған кезде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен жоғарыда көрсетілген техникалық мүмкіндігі жоқ техникалық құралдарды кіргізуге рұқсат етілген лауазымдар тізбесі бекітіледі.".
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Мемлекеттік құпияларды қорғау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидалары 10-тармағының талаптарына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33059 болып тіркелген) осы бұйрықты қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
2) қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) тармақшасының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-полковник |
Р. Жақсылықов |