Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Сепе ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Атбасар ауданы Сепе ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне, қазаншұңқырдан су төгетін мұнарасына су құбырын салу үшін, жер учаскелерін алып қоймай жалпы 5 жыл мерзімге, ауданы 0,5353 гектар жер учаскесіне шектеулі нысаналы пайдалану (қауымдық сервитут) құқығы белгіленсін.
2. "Атбасар ауданы Сепе ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне қазаншұңқырдан су төгетін мұнарасына су құбырын салу кезінде жер учаскесін пайдаланған сәтте Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сепе ауылдық округінің әкімі | М.Тасымов |