"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 23 маусымдағы қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Ақмола облысы Жақсы ауданы Беловод ауылдық округі Беловод ауылының құрамдас бөліктері қайта аталсын:
Ленин көшесін Амангелді Иманов көшесіне;
Чкалов көшесін Мәншүк Мәметова көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін кұнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | Ж.Дахай |