"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, халқының пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 22 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Ақмола облысы Зеренді ауданы Күсеп ауылдық округі Өзен ауылының құрамдас бөліктері қайта аталсын:
Речная көшесі Айғыржал көшесіне;
Зеленая мен Комсомольская көшелері Сертай Бектұрғанов көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | Қ.Сәрсенбаев |