Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына сәйкес, Зеренді ауданы Алексеевка кентінің Чаглинка станциясы тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2018 жылғы 18 сәуірдегі Ақмола облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Алексеевка кенттік округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ақмола облысы Зеренді ауданы Алексеевка кенттік округі Чаглинка станциясының келесі көшесі қайта аталсын:
Привольная көшесін Бәйтерек көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкімі | Қ.Алхатов |