Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 69-бабының 4-тармағына сәйкес "Abay Gold" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының 2023 жылғы 4 қазандағы № ЗТ-2023-01963459 өтініші негізінде, Шортанды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Abay Gold" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне осы қаулының қосымшасына сәйкес қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін 2029 жылғы 4 сәуірге дейінгі мерзімге жалпы ауданы 1067,3679 гектар жер учаскелеріне шектеулі пайдалану құқығы (жария сервитут) белгіленсін.
2. "Abay Gold" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне:
1) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмейтін мерзімде меншік иелері мен жер пайдаланушыларға шектеулі пайдалану құқығын белгілеу туралы жазбаша хабарламалар (жария сервитут) жіберілсін;
2) "Шортанды ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жария сервитут шарты жасалсын;
3) Жұмыс аяқталғаннан кейін бұзылған жер учаскелерін тікелей мақсаты бойынша одан әрі пайдалануға жарамды күйге келтіру.
3. Шортанды ауданының "Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне:
1) Осы қаулы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялауға жіберілсін;
2) Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Шортанды ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Шортанды ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шортанды ауданының әкімі | С.Шабаров |
Қосымша Шортанды ауданының әкімінің қаулысына "21" қазан 2023 жылғы № А-5/218 |
Шортанды ауданында орналасқан жер учаскелерінің жария сервитуты қатты пайдалы қазбаларды барлау бойынша операцияларды жүргізу үшін
№ | Жер пайдаланушының/меншік иесінің атауы | Жария сервитутпен ауыртпалық салынған жер учаскесінің ауданы |
1 | "Раевка" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 943,1520 га |
2 | Егемен ауылы | 124,2159 га |
Жалпы | 1067,3679 га |