"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-тармағының 8) тармақшасына, "Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімшелеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13418 тіркелген) бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Ақтөбе облысы бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2023-2024 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.
2. "Ақтөбе облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе облысының әкімі | Е. Тоғжанов |
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2023 жылғы 24 тамыздағы № 222 қаулысына қосымша |
Ақтөбе облысы бойынша жергілікті бюджет есебінен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2023-2024 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
№ | Білім беру саласының коды және сыныпталуы | Жоғары білім берудің даярлау бағытының коды және атауы | 2023-2024 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырыс көлемі | Оқу жылына 1 студентті оқытуға жұмсалатын орташа шығыстар (теңге) | |
ұлттық жоғары білім беру ұйымдарында | ұлттық жоғары білім беру ұйымдарында | ||||
1 |
Бакалавр | 6В013 Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау | 3 | 1 010 900 | 901 000 |
6В014 Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау | 2 | 1 010 900 | 901 000 | ||
6В015 Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау | 13 | 1 010 900 | 901 000 | ||
2 |
Бакалавр | 6В021 Өнер | 3 | 1 049 300 | 922 500 |
6B022 Гуманитарлық ғылымдар | 10 | 1 049 300 | 922 500 | ||
3 |
Бакалавр | 6B041 Бизнес және басқару | 2 | 799 100 | 714 900 |
4 |
Бакалавр | 6B073 Сәулет және құрылыс | 2 | 1 004 700 | 920 500 |
5 |
Бакалавр | 6B114 Әлеуметтік жұмыс | 2 | 799 100 | 714 900 |
6 |
Резидентура | 7R09 Денсаулық сақтау | 43 | 1 939 900 | 1 398 900 |
Барлығы: | 80 | - | - |