"ERG Exploration" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қазбаларды барлау жұмыстарын жүргізу үшін қауымдық сервитут белгілеу туралы

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 118 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына және 71-1 бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына сәйкес, "ERG Exploration" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры А.Ж. Шалабаевтың 2023 жылғы 14 маусымдағы ЗТ-2023-01079858 жазған өтініші негізінде, Әйтеке би ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "ERG Exploration" жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен пайдалы қазбаларды барлау бойынша жұмыстарын жүргізу үшін, Әйтеке би ауданы аумағында орналасқан 2018-EL лицензиясы бойынша жалпы алаңы 7743,6072 гектар жер учаскелеріне жер пайдаланушылардан алып қоймай, 2029 жылдың 18 мамырына дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Әйтеке би аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Әйтеке би ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Әйтеке би ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы қол қойған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Әйтеке би ауданы әкімінің
міндетін атқарушы
А. Алдабергенов

Об установлении публичного сервитута для проведения работ по разведке полезных ископаемых товариществу с ограниченной ответственностью "ERG Exploration"

Постановление акимата Айтекебийского района Актюбинской области от 30 июня 2023 года № 118

      В соответствии с подпунктом 1-1) статьи 17, пунктом 4 статьи 69 и пунктом 2 статьи 71-1 Земельного кодекса Республики Казахстан от 20 июня 2003 года, статьей 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", на основании заявления директора товарищества с ограниченной ответственностью "ERG Exploration" А.Ж. Шалабаева ЗТ-2023-01079858 от 14 июня 2023 года акимат Айтекебийского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Товариществу с ограниченной ответственностью "ERG Exploration" установить публичный сервитут на земельный участок, расположенный в Айтекебийском районе общей площадью - 7743,6072 га для проведения работ по разведке полезных ископаемых, сроком до 18 мая 2029 года без изъятия у землепользователей.

      2. Государственному учреждению "Айтекебийский районный отдел сельского хозяйства и земельных отношений" в установленным законодательством порядке обеспечит:

      1) направление настоящего постановления на официальное опубликование в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Айтекебийского района после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима Айтекебийского района.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      И.о. акима Айтекебийского района А. Алдабергенов