Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12 бабының 5-1 тармақшасына, Ақтөбе облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылдың 26 желтоқсандағы қорытындысы және тиісті аумақ халқының пiкiрiн ескере отырып, Алға ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Алға аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Алға қаласының келесі көшелері:
"Комсомол" көшесі – "Жастық" көшесіне;
"Ленин" көшесі – "Республика" көшесіне;
"Фрунзе" көшесі – "Шапағат" көшесіне;
"Чапаев" көшесі – "Азаттық" көшесіне қайта аталсын.
2. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысының және мәслихаттың шешімінің орындалуын бақылау Алға ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Н. Ержанов |
Алға аудандық мәслихатының төрағасы |
М. Тулеуов |