"Қарғалы аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 маусымдағы № 48 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6, 25 баптарына, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" қаулысы негізінде Қарғалы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Қарғалы аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарғалы аудандық
мәслихатының төрағасы
С. Аманжолов

  Қарғалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 маусымдағы № 48 шешімімен бекітілген

"Қарғалы аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің
Е Р Е Ж Е С І 1. Жалпы ережелер

      1. "Қарғалы аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі мәслихат пен оның органдарының қызметін ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, депутаттарға өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға жәрдемдесетін мемлекеттік орган болып табылады.

      2. "Қарғалы аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

      3. "Қарғалы аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мәслихат аппараты) өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады

      4. Мәслихат аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген мөрі, мемлекеттік және орыс тілдерінде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Қарғалы аудандық қазынашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінде шоттары болады.

      5. Мәслихат аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. Мәслихат аппараты, егер Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Мәслихат аппараты өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңында және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының өзге де актілерімен көзделетін Қарғалы аудандық мәслихаты төрағасының және Қарғалы аудандық мәслихаты аппараты басшысының өкімдерімен рәсімделетін шешiмдер қабылдайды.

      8. Мәслихат аппаратының құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 030050, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы, Бадамша ауылы, Әбілқайыр хан көшесі, 38 үй.

      10. Осы Ереже мәслихат аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Мәслихат аппаратының қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес аудандық бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Мәслихат аппаратына кәсіпкерлік субъектілерімен мәслихат аппаратының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер мәслихат аппаратына заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

      13.Мемлекеттік органның толық атауы: мемлекеттік тілде: "Қарғалы аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі; орыс тілінде: государственное учреждение "Аппарат Каргалинского районного маслихата".

2. Мәслихат аппаратының мақсаты, міндеттері және өкілеттігі

      14. Мәслихат аппаратының стратегиялық мақсаты аудандық мәслихаттың сессиялары мен тұрақты комиссияларының отырыстарын дайындау және өткізу болып табылады.

      15. Міндеттері: азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, Қазақстан Республикасын заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдесу.

      Мәслихат аппараты: Қарғалы аудандық мәслихатының тиімді қызметін қамтамасыз ету.

      16.Өкілеттігі: Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде жүзеге асыру.

      17. Құқықтары:

      1) аудандық мәслихат депутаттарынан олардың қызметі туралы мәліметтерді, ақпараттарды сұрату;

      2) аудандық мәслихат қызметі процесінде туындайтын ұсыныстарды аудандық мәслихат басшылығының қарауына енгізу;

      3) тиісті мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардан жұмыс үшін құжаттар мен материалдарды сұрату;

      4) аудандық мәслихаттың және оның органдарының қарауына енгізілетін мәселелерді дайындауға қатысу үшін келісім бойынша мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың қызметкерлерін тарту; аудандық мәслихаттың және оның органдарының қарауына енгізілетін мәселелерді дайындауға қатысу үшін мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың қызметкерлерін келісім бойынша тарту

      5) аудан әкіміне, тиісті аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелеріне, прокурорға және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларына азаматтардың депутаттық сауалдарын, өтініштері мен шағымдарын мәні бойынша қарау үшін жіберу;

      6) мәслихат аппараты өзінің иелігіндегі міндеттемелері бойынша қаржы қаражатқа жауап береді.

      18. Міндеттері:

      1) мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан аудандық мәслихаттың жоспарланатын сессияларының және тұрақты (уақытша) комиссиялар отырыстарының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ақпарат сұрату;

      2) аудандық мәслихат және оның тұрақты (уақытша) комиссиялары актілерінің орындалу мерзімдері мен нәтижесіне бақылауды жүзеге асыру;

      3) аудандық мәслихатқа жіберілген заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін орындау мерзімдері мен нәтижесіне бақылауды жүзеге асыру;

      4) аудандық мәслихаттың сессиялары мен тұрақты комиссиялардың отырыстарын хаттамаларын жүргізуді қамтамасыз ету.

      19. Функциялары:

      1) аудандық мәслихаттың регламентіне сәйкес аудандық мәслихаттың сессияларын, тұрақты комиссияларының отырыстарын өткізуге дайындық және ұйымдастыру-техникалық жұмыстарды қамтамасыз етеді;

      2) депутаттарды сессиялардың, тұрақты комиссиялардың қарауына енгізілетін мәселелер бойынша шешімдер жобаларымен және басқа да материалдармен қамтамасыз етеді;

      3) тұрақты комиссиялардың ұсыныстары негізінде аудандық мәслихаттың жұмыс жоспарларын жасайды, оның қызметі туралы есептер дайындайды;

      4) мәслихат депутаттарына олардың өкілеттіктерін жүзеге асыруға жәрдемдеседі, консультациялық және әдістемелік көмек көрсетеді, депутаттардың сауалдарын, ұсыныстары мен ескертулерін қарау мен іске асырудың уақтылылығын бақылайды;

      5) депутаттар өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде енгізілген ұсыныстар мен ескертулердің есебін жүргізеді және жинақтайды, оларды іске асыру жөніндегі іс-шараларды әзірлейді және орындалуын бақылайды;

      6) сессияларда қаралатын мәселелерді тұрақты комиссиялардың отырыстарында алдын ала талқылауды ұйымдастырады, депутаттарға шешімдер мен қорытындылардың жобаларын сапалы дайындауға көмек көрсетеді;

      7) аудандық мәслихаттың актілерін әзірлеуге қатысады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жағдайларда оларды әділет органдарына мемлекеттік тіркеуге жібереді;

      8) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделетін тәртіппен жағдайларда аудандық мәслихат шешімдерінің бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етеді;

      9) аудандық мәслихаттың шешімдері мен басқа да құжаттарының тиісті органдарға таратуын қамтамасыз етеді;

      10) аудандық мәслихат сессияларының және оның органдары отырыстарының хаттамаларын жүргізеді;

      11) "Қоғамдық кеңестер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық және материалдық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

3.Мәслихат аппаратының бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      20. Мәслихат аппаратына басшылықты бірінші басшы – Қарғалы аудандық мәслихатының төрағасы (бұдан әрі – аудандық мәслихаттың төрағасы) жүзеге асырады, ол мәслихат аппаратына жүктелген міндеттердің орындалуына және Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңының 22-бабының 1-1-тармағына сәйкес өз қызметі мен өкілеттіктерін жүзеге асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын қолдану, сондай-ақ қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу жөніндегі қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін дербес жауапты болады. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мәслихат аппаратының қызметіне басшылық жасайды.

      21. Аудандық мәслихаттың төрағасы депутаттар арасынан депутаттардың жалпы санының көпшілік даусымен ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы сайланады және мәслихат сессиясында қызметінен босатылады.

      22. Аудандық мәслихат төрағасының орынбасарлары жоқ.

      23. Аудандық мәслихат төрағасының өкілеттігі:

      1) мемлекеттік мекеменің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

      2) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүдделерін білдіреді;

      3) шарттар жасайды;

      4) сенімхат береді;

      5) мемлекеттік мекеменің іссапарлар, тағылымдамалар, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердің біліктілігін арттырудың өзге де түрлері жөніндегі тәртібі мен жоспарларын бекітеді;

      6) банк шоттарын ашады;

      7) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша барлық қызметкерлер үшін міндетті өкімдер шығарады және нұсқаулар береді;

      8) қызметшілерді қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеменің қызметшілерін көтермелеу шараларын және тәртіптік жаза қолданады;

      10) аудандық мәслихат аппараты басшысының міндеттері мен өкілеттіктерінің шеңберін айқындайды;

      11) мәслихат сессиясын және оның қарауына енгізілетін мәселелерді дайындауды ұйымдастырады, сессияның күн тәртібін қалыптастырады, сессия хаттамасының жасалуын қамтамасыз етеді, мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекітілген шешімдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;

      12) мәслихат сессиясын шақыру туралы шешім қабылдайды;

      13) мәслихат сессиясының отырыстарын жүргізеді, мәслихат регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді;

      14) мәслихат депутаттарының өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына жәрдемдеседі, оларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының жұмысына қатысу үшін қызметтік міндеттерін орындаудан босатуға байланысты мәселелерді қарайды;

      15) депутаттардың сауалдары мен депутаттық өтініштердің қаралуын бақылайды;

      16) сайлаушылардың өтініштері және олар бойынша қабылданған шаралар туралы ақпаратты мәслихатқа тұрақты түрде ұсынады;

      17) мәслихаттың өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимылын ұйымдастырады;

      18) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңның 24-бабының 1-тармағына сәйкес әкімге сенімсіздік білдіру туралы мәселеге бастамашы болған мәслихат депутаттарының жиналған қолдарының түпнұсқалығын тексеруді ұйымдастырады;

      19) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметін үйлестіреді;

      20) мәслихат шешімдерінің жариялануын қамтамасыз етеді, олардың орындалуын бақылау жөніндегі шараларды айқындайды;

      21) Қазақстан Республикасының заңнамасында, мәслихат регламенті және шешімдерімен көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайды.

      22) аудандық мәслихат төрағасы болмаған кезде оның өкілеттіктерін мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірінің төрағасы немесе мәслихат депутаты уақытша жүзеге асырады.

      24. Мәслихат аппаратын заңнамада белгіленген тәртіппен аудандық мәслихат төрағасы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын аппарат басшысы басқарады.

      25. Мәслихат аппаратының басшысы:

      1) сессиялардың жалпы отырыстарын дайындауды және өткізуді, Аппарат қызметінде жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз етеді;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аппарат қызметшілерін қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы мәслихат төрағасына ұсыныстар енгізеді;

      3) мәслихат аппаратының қызметкерлеріне басшылықты жүзеге асырады, олардың жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;

      4) аппарат қызметкерлерін іссапарға жіберу, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру және сыйақы беру мәселелері бойынша ұсыныстарды келіседі және мәслихат төрағасына ұсынады;

      5) шешімдердің, өкімдердің жобаларын, сондай-ақ мәслихат төрағасына жолданатын құжаттар мен материалдарды қол қоюға және мәслихат төрағасының қарауына ұсынады.

      6) аппарат қызметкерлерінің қызметтік құжаттамасына, еңбек кітапшаларына қол қояды;

      7) мәслихат аппаратының әкімшілік-шаруашылық және қаржы қызметіне бақылауды жүзеге асырады;

      8) мәслихат аппаратының басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзіне жүктелген міндеттердің орындалуына жауапты болады.

4. "Қарғалы аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      26. Мәслихат аппаратының жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.

      Мәслихат аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      27. Мәслихат аппаратына бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады. Қарғалы аудандық қаржы бөлімі мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган болып табылады.

      28. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мәслихат аппаратының өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті дербес иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5.Мәслихат аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату

      29. Мәслихат аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения государственного учреждения "Аппарат Каргалинского районного маслихата"

Решение Каргалинского районного маслихата Актюбинской области от 26 июня 2023 года № 48

      В соответствии со статьями 6, 25 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Закона Республики Казахстан "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам реализации Послания Главы государства от 16 марта 2022 года" и на основании Постановления Правительства Республики Казахстан от 1 сентября 2021 года №590 "О некоторых вопросах организации деятельности государственных органов и их структурных подразделений" Каргалинский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемое Положение государственного учреждения "Аппарат Каргалинского районного маслихата".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Каргалинского
районного маслихата
С. Аманжолов

  Утверждено решением Каргалинского районного маслихата от 26 июня 2023 года № 48

ПОЛОЖЕНИЕ
государственного учреждения "Аппарат Каргалинского районного маслихата" 1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Аппарат Каргалинского районного маслихата" является государственным органом, осуществляет организационное, правовое, материально-техническое и иное обеспечение маслихата и его органов, оказывает помощь депутатам в осуществлении их полномочий.

      2. Государственное учреждение "Аппарат Каргалинского районного маслихата" не имеет ведомств.

      3. Государственное учреждение "Аппарат Каргалинского районного маслихата" (далее - аппарат маслихата) осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.

      4. Аппарат маслихата является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, в соответствии с законодательством Республики Казахстан имеет печати с изображением государственного герба Республики Казахстан, штампы со своим наименованием на государственном и русском языках, бланки установленного образца, счета в государственном учреждении "Каргалинское районное управление казначейства Департамент казначейства по Актюбинской области Комитета казначейства Министерства финансов Республики Казахстан".

      5. Аппарат маслихата вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.

      6. Аппарат маслихата имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с гражданским законодательством Республики Казахстан.

      7. Аппарат маслихата по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые распоряжениями председателя Каргалинского районного маслихата и руководителя аппарата Каргалинского районного маслихата и другими актами предусмотренными трудовым законодательством Республики Казахстан, законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" .

      8.Структура и лимит штатной численности аппарата маслихата утверждаются в соответствии с законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан".

      9.Местонахождение юридического лица: индекс 030500, Республика Казахстан, Актюбинская область, Каргалинский район, село Бадамша, улица Абылхайыр хана, дом 38.

      10.Настоящее Положение является учредительным документом аппарата маслихата.

      11.Финансирование деятельности аппарата маслихата осуществляется из районного бюджета в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

      12.Аппарату маслихата запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями аппарата маслихата. Если аппарату маслихата законодательными актами представлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляется в доход государственного бюджета.

      13. Полное наименование государственного органа: на государственном языке: "Қарғалы аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі; на русском языке: государственное учреждение "Аппарат Каргалинского районного маслихата".

2. Цель, задачи и полномочия аппарата маслихата

      14. Стратегической целью аппарата маслихата является подготовка и проведение заседаний сессий и постоянных комиссий районного маслихата.

      15. Задачи: содействие исполнению гражданами и организациями норм Конституцией Республики Казахстан, законов Республики Казахстан, актов Президента и Правительства Республики Казахстан, нормативных правовых актов центральных и местных государственных органов. Обеспечение эффективной деятельности Каргалинского районного маслихата.

      16. Полномочие: осуществление деятельности в пределах компетенций, установленных законодательством Республики Казахстан.

      17. Права:

      1) запрашивать у депутатов районного маслихата сведения, информации по вопросам их деятельности;

      2) вносить на рассмотрение руководству районного маслихата предложения, возникающие в процессе деятельности маслихата;

      3) запрашивать для работы документы и материалы у соответствующих государственных и общественных организаций; 4) привлекать работников государственных органов, общественных организаций по согласованию, для участия в подготовке вопросов вносимых на рассмотрение районного маслихата и его органов; 5) направлять по принадлежности к акиму района, председателю и члену соответствующей территориальной избирательной комиссии, прокурору и должностным лицам территориальных подразделений центральных государственных органов, исполнительных органов, финансируемых из местных бюджетов, для рассмотрения по существу депутатские запросы, обращение и жалобы граждан;

      6) аппарат маслихата отвечает по своим обязательствам находящимися в его распоряжении финансовыми средствами.

      18. Обязанности:

      1) запрашивать от государственных органов и должностных лиц информации, по вопросам повестки дня планируемых сессий районного маслихата и заседаний постоянных (временных) комиссий;

      2) осуществлять контроль за сроками и результатом исполнения актов районного маслихата и его постоянных (временных) комиссий; 3) осуществлять контроль за сроками и результатом исполнения обращений юридических и физических лиц, направленных в районный маслихат; 4) обеспечивать протоколирование сессий районного маслихата и заседаний постоянных (временных) комиссий.

      19. Функции:

      1) в соответствии с регламентом районного маслихата обеспечивает подготовительную и организационно-техническую работу проведения сессий, заседаний постоянных (временных) комиссий районного маслихата; 2) обеспечивает депутатов проектами решений и другими материалами по вопросам, вносимым на рассмотрение сессий, постоянных комиссий; 3) составляет на основании предложений постоянных комиссий планы работы районного маслихата, готовит отчеты о его деятельности;

      4) содействует депутатам маслихата в осуществлении их полномочий, оказывает консультативную и методическую помощь, контролирует своевременность рассмотрения и реализации запросов, предложений и замечаний депутатов;

      5) ведет учет и обобщение предложений и замечаний, внесенных депутатами при осуществлении ими своих полномочий, составляет и контролирует выполнение мероприятий по их реализации; 6) организует предварительное обсуждение рассматриваемых на сессиях вопросов на заседаниях постоянных комиссий, оказывает помощь депутатам в вопросах качественной подготовки проектов решений и заключений; 7) участвует в разработке актов районного маслихата, а также направляет их на государственную регистрацию в органы юстиции в случаях, предусмотренных действующим законодательством Республики Казахстан; 8) в случаях и порядке, предусмотренных законодательством Республики Казахстан, обеспечивает публикацию решений районного маслихата в средствах массовой информации;

      9) обеспечивает рассылку решений и других документов районного маслихата соответствующим органам;

      10) ведет протоколы заседаний сессий районного маслихата и его органов;

      11) осуществляет организационное и материальное обеспечение деятельности общественного совета, создаваемого в соответствии с Законом Республики Казахстан "Об общественных советах".

3. Статус, полномочия первого руководителя аппарата маслихата

      20. Руководство аппаратом маслихата осуществляется первым руководителем – председателем Каргалинского районного маслихата (далее - Председатель районного маслихата), который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на аппарат маслихата задач и осуществление им своей деятельности и полномочий, за принятие антикоррупционных мер, а также за неисполнение или ненадлежащее исполнение должностных обязанностей по предупреждению совершения коррупционных правонарушений подчиненными сотрудниками в соответствии с пунктом 1-1 статьи 22 Закона Республики Казахстан "О противодействии коррупции". Руководит деятельностью аппарата маслихата в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

      21. Председатель районного маслихата избирается из числа депутатов открытым или тайным голосованием большинством голосов от общего числа депутатов и освобождается от должности маслихатом на сессии.

      22. Председатель районного маслихата не имеет заместителей.

      23. Полномочия Председателя районного маслихата:

      1) без доверенности действует от имени государственного учреждения;

      2) представляет интересы государственного учреждения в государственных органах, иных организациях;

      3) заключает договоры;

      4) выдает доверенности;

      5) утверждает порядок и планы государственного учреждения по командировкам, стажировкам, обучению сотрудников в казахстанских и зарубежных учебных центрах и иным видам повышения квалификации сотрудников;

      6) открывает банковские счета;

      7) по вопросам своей компетенции издает распоряжения и дает указания, обязательные для всех работников;

      8) назначает на должность и освобождает от должности его служащих; 9) применяет меры поощрения и налагает дисциплинарные взыскания на служащих государственного учреждения в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан;

      10) определяет обязанности и круг полномочий руководителя аппарата районного маслихата;

      11) организует подготовку сессии маслихата и вопросов, вносимых на ее рассмотрение, формирует повестку дня сессии, обеспечивает составление протокола сессии, подписывает решения, иные документы, принятые или утвержденные на сессии маслихата;

      12) принимает решение о созыве сессии маслихата;

      13) ведет заседания сессии маслихата, обеспечивает соблюдение регламента маслихата;

      14) содействует депутатам маслихата в осуществлении ими своих полномочий, обеспечивает их необходимой информацией, рассматривает вопросы, связанные с освобождением депутатов от выполнения служебных обязанностей для участия в сессиях маслихата, в работе его постоянных комиссий и иных органов;

      15) контролирует рассмотрение запросов депутатов и депутатских обращений;

      16) регулярно представляет в маслихат информацию об обращениях избирателей и о принятых по ним мерах;

      17) организует взаимодействие маслихата с иными органами местного самоуправления;

      18) организует проверку подлинности собранных подписей депутатов маслихата, инициирующих вопрос о выражении недоверия акиму в соответствии с пунктом 1 статьи 24 закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан".

      19) координирует деятельность постоянных комиссий, иных органов маслихата и депутатских групп;

      20) обеспечивает опубликование решений маслихата, определяет меры по контролю за их исполнением;

      21) выполняет иные полномочия, предусмотренные настоящим Законом, законодательством Республики Казахстан, регламентом и решением маслихата;

      22) При отсутствии председателя маслихата района его полномочия временно осуществляются председателем одной из постоянных комиссий маслихата или депутатом маслихата.

      24. Аппарат маслихата возглавляется руководителем аппарата, назначаемым и освобождаемым от должности председателем районного маслихата, в установленном законодательством порядке.

      25. Руководитель аппарата маслихата:

      1) обеспечивает подготовку и проведения пленарных заседаний сессий, соблюдение законодательства о местном государственном управлении и самоуправлении в деятельности аппарата;

      2) вносит предложения председателю маслихата о назначении на должность и освобождении от должности служащих аппарата, в порядке установленном законодательством Республики Казахстан; 3) осуществляет руководство работниками аппарата маслихата, организует, координирует и контролирует их работу;

      4) согласовывает и представляет председателю маслихата предложения по вопросам командирования, предоставления отпусков, оказания материальной помощи, подготовки (переподготовки), повышения квалификации и премирования работников аппарата;

      5) предоставляет на подпись и рассмотрение председателю маслихата проекты решений, распоряжений, а также, адресуемые председателю маслихата, документы и материалы.

      6) подписывает служебную документацию, трудовые книжки работников аппарата;

      7) осуществляет контроль за административно-хозяйственной и финансовой деятельностью аппарата маслихата;

      8) руководитель аппарата маслихата в соответствии с законодательством Республики Казахстан несет ответственность за выполнение возложенных на него обязанностей.

4. Имущество государственного учреждения

      "Аппарат Каргалинского районного маслихата"

      26. Аппарат маслихата имеет на праве оперативного управления обособленное имущество. Имущество аппарата маслихата формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.

      27. Имущество, закрепленное за аппаратом маслихата, относится к коммунальной собственности. Уполномоченным органом по управлению государственным имуществом является Каргалинский районный отдел финансов.

      28. Аппарат маслихата не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством Республики Казахстан.

5. Реорганизация и упразднение аппарата маслихата

      29. Реорганизация и упразднение аппарата маслихата осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.