"Қарғалы аудандық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 13 сәуірдегі № 60 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" № 590 қаулысына сәйкес, Қарғалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Қарғалы аудандық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.

      2. "Қарғалы аудандық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қарғалы ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) көрсетілген Ереженің заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қарғалы ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Жүсібалиев

  Қарғалы ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 13 сәуірдегі № 60 қаулысымен БЕКІТІЛДІ

"Қарғалы аудандық қаржы бөлімі"мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Қарғалы аудандық қаржы бөлімі"мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі –қаржы бөлімі) бюджетті орындау, аудандық бюджетті орындау бойынша бюджеттік есепке алуды және есептілікті жүргізу саласында басшылықты жүзеге асыратын, коммуналдық меншік объектілерін басқару функцияларын, сондай-ақ уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Қарғалы аудандық қаржы бөлімі"мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

      3. Қарғалы аудандық қаржы бөлімі өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Қаржы бөлімі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және мемлекеттік тілде өз атауы бар мөртаңбаны, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Қаржы бөлімі азаматтық- құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. Қаржы бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Қаржы бөлімі өз құзыретінің мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Қаржы бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.

      8. "Қарғалы аудандық қаржы бөлімі"мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.

      9. Бөлімнің заңды мекенжайы: 030500, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы, Бадамша ауылдық округі, Бадамша ауылы, Әйтеке Би көшесі,32 үйі.

      10. Осы ереже Қаржы бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Қаржы бөлімінің қызметiн каржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Қаржы бөліміне кәсіпкерлік субъектiлерiмен қаржы бөлімінің өкілеттіктері болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысынан шарттық қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер Қаржы бөліміне заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзгеше белгіленбесе, алынған кірістер мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері

      13. Мiндеттерi:

      1) бюджетті орындау және коммуналдық меншікту басқару саласындағы басқару функцияларын, уәкілетті орган айқындайтын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесі бойынша тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының функцияларын жүзеге асырады;

      2) қаржы және әлеуметтiк – экономикалық реформалар мәселелерi жөнiнде аудан аумағында бiрыңғай мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру;

      3) мемлекеттiк макроэкономикалық көрсеткiштерi және ақшалай – кредиттiк саясаты негiзiнде қысқа және орта мерзiмдiк болашаққа аудан бюджетiнiң кiрiстерi мен шығыстары бойынша ұсыныстарды әзiрлеу;

      4) бюджеттiк-қаржылық жоспарлау мен реттеудiң әдiстерiн жетiлдiру;

      5) мемлекеттiк коммуналдық меншiктi мемлекет мүддесiнде тиiмдi басқару;

      6) уәкілетті орган айқындайтын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер тізбесі бойынша тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз ету;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асырады.

      14. Өкілеттіктер:

      1) Құқық:

      өз құзыреті шегінде құқықтық актілер шығару;

      жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша секвестр белгіленетін бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша төлемдерді жүзеге асыруды тоқтата тұру;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзгеде өкілеттіктерді жүзеге асыру;

      2) Мiндеттерi:

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;

      Президенттің, Үкіметтің және өзгеде орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ облыс, аудан әкімімен әкімдігінің актілерімен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау.

      15. Функциялар:

      1) Қарғалы ауданының қаржысын басқаруды жүзеге асырады;

      2) шараларды әзірлеуге қатысады және аудан әкіміне экономиканы қаржылық сауықтыру бойынша ұсыныстар енгізеді;

      3) аудандық бюджеттің атқарылуын ұйымдастырады;

      4) қарыз алушылардың бюджеттік кредиттерді пайдалануына және қайтаруына мониторинг жүргізеді;

      5) тиісті қаржы жылына арналған аудандық бюджет туралы мәслихаттың шешімімен бекітілген сомалар шегінде бюджеттік бағдарламалардың толық және уақтылы орындалуына бағытталған іс-шараларды жүзеге асырады;

      6) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің келісімі бойынша түсімдердің болжамды көлемдерін ескере отырып, бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша төлемдерді жүзеге асырудың ай сайынғы кестесіне өзгерістер енгізеді;

      7) түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасайды және бекітеді;

      8) Жылдық сомаларды қоса алғанда, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;

      9) төлемдердің уақтылығымен толықтығын қамтамасыз ету үшін алдағы кезеңде бюджетке түсетін ақша түсімдерінің күтілетін көлемін айқындайды;

      10) қарыз алу арқылы ақша тарту процесін ұйымдастырады;

      11) бюджеттік кредиттерге қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асырады және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын нысандар бойынша және мерзімдерде олардың есебін жүргізеді;

      12) қаржыландыру жоспарларының жылдық сомаларын ай сайын бөлуді талдау және бағалау, бюджеттік бағдарламалар әкімшісі қаржыландыру жоспарларына енгізетін өзгерістердің негізділігі, қаржыландыру жоспарларының орындалмау себептерін анықтау арқылы бюджет қаражатының игерілуіне мониторингті жүзеге асырады;

      13) мемлекеттік коммуналдық меншік объектілерін, оның ішінде акциялардың мемлекеттік пакеттерін және шаруашылық серіктестіктердегі қатысу үлестерін сатуға құжаттарды дайындайды және мониторингті жүзеге асырады;

      14) шарттарға қол қоюға қатысады, сондай-ақ мемлекеттік меншікті жалдау, жалға беру, сенімгерлік басқару, сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын және орындалуын қамтамасыз етеді;

      15) коммуналдық мемлекеттік меншік және оның мүліктік құқықтарын қорғау мәселелері бойынша мемлекет мүддесін білдіреді;

      16) аудан аумағында коммуналдық мемлекеттік мүліктің сақталуы мен пайдаланылуы мәселесі бойынша тексеруді жүзеге асырады;

      17) ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың бірінші күніндегі жағдай бойынша аудандық бюджеттің атқарылуы туралы есепті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде көзделген басқа да есептерді әкімдікке, Ақтөбе облысының қаржы басқармасына, ауданның бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органына және ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынады;

      18) уәкілетті органға және облыстың жергілікті атқарушы органдарына мемлекеттік сатып алу бойынша есептілікті және басқа да ақпаратты жинауды, жинақтауды және ұсынуды жүзеге асырады;

      19) өз құзыреті шегінде аудандық коммуналдық мүлікті басқару саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;

      20) аудандық коммуналдық мүлікті басқарады, оны қорғау бойынша шараларды жүзеге асырады;

      21) облыстың жергілікті атқарушы органының алдынала келісімімен жекешелендіру жүргізілуі мүмкін аудандық коммуналдық мүлік объектілерінің тізбесін дайындайды;

      22) аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен өтеусіз негізде беру құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға береді;

      23) коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен), Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен иесі жоқ деп танылған аудандық коммуналдық мүлікті есепке алуды, сақтауды, бағалауды және одан әрі пайдалануды ұйымдастырады;

      24) аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісінің сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      25) коммуналдық мүліктің тізілімін жүргізеді;

      26) мемлекеттік мүлікті коммуналдық мүлікті жергілікті мемлекеттік басқарудың бір деңгейінен екіншісіне беру туралы шешім қабылданғаннан кейін беруші және қабылдаушы Тараптардың уәкілетті лауазымды адамдары қол қойған тапсыру актісін бекітеді;

      27) уәкілетті орган айқындайтын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесі бойынша тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асырады;

      28) тапсырыс беруші Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуге ұсынған, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында белгіленген құжаттарды қамтитын тапсырмаларды қарайды;

      29) тапсырыс беруші ұсынған, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында белгіленген құжаттарды қамтитын тапсырма негізінде конкурстық құжаттаманы (аукциондық құжаттаманы) әзірлейді және бекітеді;

      30) конкурстық құжаттамаға (аукциондық құжаттамаға) өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді;

      31) конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) құрамын айқындайды және бекітеді;

      32) мемлекеттік сатып алу веб-порталында мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарландыруды орналастырады;

      33) конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) ережелерін түсіндіреді;

      34) тапсырыс берушіге мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты түрде тіркелген, олар туралы мәліметтер мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына конкурстық құжаттаманы (аукциондық құжаттаманы) және (немесе) конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) техникалық ерекшелігін алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізілген тұлғалар тарапынан ұсыныстар мен ескертулер жібереді;

      35) конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алудың жеңімпазын айқындайды;

      36) заңнамада көзделген жағдайларда әлеуетті өнім берушілерді Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы талап-арыздарды сотқа жібереді;

      37) "Е-kyzmet", "Е-otinish", "Е-архив" ақпараттың жүйелерімен жұмыс жасау, ақпаратты уақытылы енгізу;

      38) Қазақстан Республикасыныңзаңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

3-тарау. Бірінші басшының мәртебесі, өкілеттігі мемлекеттік органның атауы

      16. Қаржы бөлімін басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол қаржы бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болады.

      17. Қаржы бөлімінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымынан босатылады.

      18. Қаржы бөлімі бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) Қаржы бөлімі қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

      2) Қаржы бөлімінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      3) заңнамада белгіленген тәртіппен қаржы бөлімі қызметкерлеріне тәртіптік жаза және көтермелеу шараларын қолданады;

      4) Қаржы бөлімінің бұйрықтарына қол қояды;

      5) Қаржы бөлімінің штат кестесін бекітеді;

      6) қолданыстағы заңнамаға сәйкес барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда қаржы бөлімінің атынан өкілдік етеді;

      7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша іс-шаралар өткізеді және осы үшін дербес жауапты болады;

      8) сенімхаттар береді;

      9) заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Қаржы бөлімінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      19. Қаржы бөлімінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Қаржы бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      20. Қаржы бөліміне бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.

      21. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, қаржы бөлімі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      22. Қаржы бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения о государственном учреждении "Каргалинский районный отдел финансов"

Постановление акимата Каргалинского района Актюбинской области от 13 апреля 2023 года № 60

      В соответствии со статьей 31 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан № 590 "О некоторых вопросах организации деятельности государственных органов и их структурных подразделений" акимат Каргалинского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемое Положение о государственном учреждении "Каргалинский районный отдел финансов".

      2. Государственному учреждению "Каргалинский районный отдел финансов" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) в течение пяти календарных дней со дня подписания настоящего постановления направление его копии в электронном виде на казахском и русском языках в филиал Республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан по Актюбинской области для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Каргалинского района после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима Каргалинского района.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким района А. Джсубалиев

  УТВЕРЖДЕНО Постановлением акимата Каргалинского района от 13 апреля 2023 года № 60

Положение о государственном учреждении "Каргалинский районный отдел финансов"
Глава 1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Каргалинский районный отдел финансов" (далее - Отдел финансов) является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сфере исполнения бюджета, ведения бюджетного учета и отчетности по исполнению районного бюджета, осуществляющим функции управления объектами коммунальной собственности, а также функции единого организатора государственных закупок товаров, работ и услуг по перечню, определяемому уполномоченным органом.

      2. Государственное "Каргалинский районный отдел финансов" не имеет ведомств.

      3. Отдел финансов осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.

      4. Отдел финансов является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печать с изображением Государственного Герба Республики Казахстан и штамп со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, счета в органах казначейства в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      5. Отдел финансов вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.

      6. Отдел финансов имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      7. Отдел финансов по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя Отдела финансов и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.

      8. Структура и лимит штатной численности государственного учреждения "Каргалинский районный отдел финансов" утверждаются в соответствии с действующим законодательством.

      9. Местонахождение юридического лица: 030500, Республика Казахстан, Актюбинская область, Каргалинский район, Бадамшинский сельский округ, село Бадамша, улица Айтеке Би, дом 32.

      10. Настоящее Положение является учредительным документом Отдела финансов.

      11. Финансирование деятельности Отдела финансов осуществляется из местного бюджета.

      12. Отделу финансов запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся полномочиями Отдела финансов.

      Если Отделу финансов законодательными актами предоставлено право осуществлять, приносящую доходы деятельность, то полученные доходы направляются в государственный бюджет, если иное не установлено законодательством Республики Казахстан.

Глава 2. Задачи и полномочия государственного органа

      13. Задачи:

      1) осуществление управленческих функций в сфере исполнения бюджета и управления коммунальной собственностью, функций единого организатора государственных закупок товаров, работ и услуг по перечню товаров, работ и услуг, определяемому уполномоченным органом;

      2) осуществление на территории района единой государственной политики по вопросам финансов и социально – экономических реформ;

      3) разработка предложений по доходам и расходам бюджета района на кратко-среднесрочную перспективы на основе макроэкономических показателей и денежно-кредитной политики государства;

      4) совершенствование методов бюджетно-финансового регулирования;

      5) эффективное управление коммунальной государственной собственностью в интересах государства;

      6) обеспечение организации и проведения государственных закупок товаров, работ и услуг по перечню товаров, работ и услуг, определяемому уполномоченным органом;

      7) осуществляет иные задачи в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      14. Полномочия:

      1) Права:

      в пределах своей компетенции издавать правовые акты;

      по решению местного исполнительного органа приостанавливать осуществление платежей по бюджетным программам (подпрограммам), по которым намечается секвестр;

      осуществлять иные полномочия в соответствии с законодательством Республики Казахстан;

      2) Обязанности:

      соблюдение норм действующего законодательства Республики Казахстан;

      качественное и своевременное исполнение актов и поручений Президента, Правительства и иных центральных исполнительных органов, а также акима и акимата области, района.

      15. Функции:

      1) осуществляет управление финансами Каргалинского района;

      2) участвует в разработке мер и вносит акиму района предложения по финансовому оздоровлению экономики;

      3) организует исполнение районного бюджета;

      4) проводит мониторинг использования и возврата заемщиками бюджетных кредитов;

      5) осуществляет мероприятия, направленные на полное и своевременное выполнение бюджетных программ в пределах сумм, утвержденных решением маслихата о районном бюджете на соответствующий финансовый год;

      6) вносит изменения в помесячный график осуществления выплат по бюджетным программам (подпрограммам) с учетом прогнозных объемов поступлений по согласованию с администраторами бюджетных программ;

      7) составляет и утверждает сводный план поступлений и финансирования по платежам, сводный план финансирования по обязательствам;

      8) вносит изменения и дополнения в сводный план поступлений и финансирования по платежам, сводный план финансирования по обязательствам, включая годовые суммы;

      9) определяет ожидаемый объем поступлений денег в бюджет в предстоящем периоде для обеспечения своевременности и полноты платежей;

      10) организует процесс привлечения денег посредством заимствования;

      11) осуществляет деятельность по обслуживанию бюджетных кредитов и ведет их учет по формам и в сроки, которые определяются центральным уполномоченным органом по исполнению бюджета;

      12) осуществляет мониторинг освоения бюджетных средств посредством анализа и оценки помесячного распределения годовых сумм планов финансирования, обоснованности вносимых администратором бюджетных программ изменений в планы финансирования, выявления причин неисполнения планов финансирования;

      13) подготавливает документы на продажу объектов государственной коммунальной собственности, в том числе государственных пакетов акций и долей участия в хозяйственных товариществах, и осуществляет мониторинг;

      14) участвует в подписании договоров, а также обеспечивает соблюдение условий и исполнение договоров найма, аренды, доверительного управления, купли-продажи государственной собственности;

      15) представляет интересы государства по вопросам коммунальной государственной собственности и защиты его имущественных прав;

      16) осуществляет проверки по вопросу сохранности и использования коммунального государственного имущества на территории района;

      17) ежемесячно по состоянию на первое число месяца, следующего за отчетным, представляет отчет об исполнении районного бюджета, а также другие отчеты, предусмотренные Бюджетным Кодексом Республики Казахстан, в акимат, Управление финансов акимата Актюбинской области, местный уполномоченный орган района по бюджетному планированию и центральный уполномоченный орган по внутреннему контролю;

      18) осуществляет сбор, свод и предоставление отчетности и другой информации по государственным закупкам в уполномоченный орган и местные исполнительные органы области;

      19) разрабатывает нормативные правовые акты, регулирующие отношения в сфере управления районным коммунальным имуществом в пределах своей компетенции;

      20) управляет районным коммунальным имуществом, осуществляет меры по его защите;

      21) подготавливает перечень объектов районного коммунального имущества, приватизация которых может производиться с предварительного согласия местного исполнительного органа области;

      22) предоставляет районное коммунальное имущество в имущественный наем (аренду), доверительное управление физическим лицам и негосударственным юридическим лицам без права последующего выкупа, с правом последующего выкупа или правом последующей передачи в собственность субъектам малого предпринимательства на безвозмездной основе:

      23) организует учет, хранение, оценку и дальнейшее использование районного коммунального имущества, обращенного (поступившего) в коммунальную собственность, признанного в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, бесхозяйным;

      24) осуществляет приватизацию районного коммунального имущества, в том числе привлекает посредника для организации процесса приватизации, обеспечивает оценку объекта приватизации, осуществляет подготовку и заключение договоров купли-продажи объекта приватизации и контроль за соблюдением условий договоров купли – продажи;

      25) ведет реестр коммунального имущества;

      26) утверждает передаточный акт, подписанный уполномоченными должностными лицами передающей и принимающей сторон, после принятия решения о передаче государственного имущества из одного уровня местного государственного управления коммунальным имуществом в другой;

      27) осуществляет организацию и проведение государственных закупок товаров, работ и услуг по перечню товаров, работ и услуг, определяемому уполномоченным органом, а также государственных закупок в рамках действующего законодательства Республики Казахстан;

      28) рассматривает задания, представленные заказчиком на организацию и проведение государственных закупок, содержащие документы, установленные правилами осуществления государственных закупок;

      29) разрабатывает и утверждает конкурсную документацию (аукционную документацию) на основании представленного заказчиком задания, содержащего документы, установленные правилами осуществления государственных закупок;

      30) вносит изменения и (или) дополнения в конкурсную документацию (аукционную документацию);

      31) определяет и утверждает состав конкурсной комиссии (аукционной комиссии);

      32) размещает на веб-портале государственных закупок объявления о проведении государственных закупок;

      33) разъясняет положения конкурсной документации (аукционной документации);

      34) направляет заказчику предложения и замечания со стороны лиц, автоматически зарегистрированных на веб-портале государственных закупок, сведения о которых внесены в журнал регистрации лиц, получивших конкурсную документацию (аукционную документацию) к проекту договора о государственных закупках и (или) технической спецификации конкурсной документации (аукционной документации);

      35) определяет победителя государственных закупок способом конкурса (аукциона);

      36) направляет иски в суд о признании потенциальных поставщиков недобросовестными участниками государственных закупок в случаях, предусмотренных законодательством;

      37) работа с информационными системами "Е-архив", "Е-kyzmet" и "Е-otinish", своевременный ввод информации;

      38) осуществляет иные функции в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

Глава 3. Статус, полномочия первого руководителя государственного органа

      16. Руководство Отдела финансов осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на Отдел финансов задач и осуществление им своих полномочий.

      17. Первый руководитель Отдела финансов назначается на должность и освобождается от должности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      18. Полномочия первого руководителя Отдела финансов:

      1) определяет обязанности и полномочия работников Отдела финансов;

      2) назначает на должность и освобождает от должности работников Отдела финансов;

      3) в установленном законодательством порядке налагает дисциплинарные взыскания и применяет меры поощрения к сотрудникам государственного учреждения Отдела финансов;

      4) подписывает приказы Отдела финансов;

      5) утверждает штатное расписание Отдел финансов;

      6) представляет Отдел финансов во всех государственных органах и иных организациях в соответствии с действующим законодательством;

      7) проводит мероприятия по противодействию коррупции и несет за это персональную ответственность;

      8) выдает доверенности;

      9) осуществляет иные полномочия в соответствии с законодательством.

      Исполнение полномочий первого руководителя Отдела финансов в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.

Глава 4. Имущество государственного органа

      19. Отдел финансов может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.

      Имущество Отдела финансов формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.

      20. Имущество, закрепленное за Отделом финансов, относится к районной коммунальной собственности.

      21. Отдел финансов не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

Глава 5. Реорганизация и упразднение государственного органа

      22. Реорганизация и упразднение Отдела финансов осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.