Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 25.12.2023 № 135 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 365-бабы 3-тармағы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес, Темір аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қоса беріліп отырған Темір ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Темір аудандық мәслихатының төрағасы |
Б. Шаимов |
Темір аудандық мәслихатының 2023 жылғы 24 шілдедегі № 65 шешіміне қосымша |
Темір ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын нысандар | Есептік бірлік | Коммуналдық қалдықтардың жиналған жылдық нормасы, м3 |
1 | Абаттандырылған және абаттандырылмаған үйлер | 1 тұрғын | 0,92 |
2 | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және басқа да осындай нысандар | 1 орын | 1,13 |
3 | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 1,13 |
4 | Балабақшалар, бөбекжайлар және басқа да мектепке дейінгі мекемелер | 1 орын | 0,4 |
5 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 0,22 |
6 | Емханалар, медициналық орталықтар | 1 келуші | 0,04 |
7 | Ауруханалар, өзге де емдеу-алдын алу мекемелері | 1 төсек-орын | 2,06 |
8 | Мектептер және басқа оқу орындары | 1 оқушы | 0,13 |
9 | Мейрамханалар, кафелер, басқа да ойын-сауық орындары мен қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 1,16 |
10 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, казинолар, Ойын автоматтары залдары, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар | 1 отыратын орын | 0,2 |
11 | Мұражай, көрмелер | Жалпы ауданы 1 м2 | 0,13 |
12 | Стадиондар, спорт алаңдары | Жоба бойынша 1 орын | 0 |
13 | Спорт, би және ойын залдары | Жалпы ауданы 1 м2 | 0,21 |
14 | Азық-түлік және өнеркәсіптік дүкендер, аралас дүкендер | 1 м2 сауда алаңы | 0,8 |
15 | Машиналардан сауда жасау | 1 м2 сауда орны | 0 |
16 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, науалар | 1 м2 сауда алаңы | 0 |
17 | Көтерме базалар, өнеркәсіптік, азық-түлік тауарларының қоймалары | Жалпы ауданы 1 м2 | 0 |
18 | Тұрмыстық үйлер: халыққа қызмет көрсету | Жалпы ауданы 1 м2 | 0,13 |
19 | Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар | Жалпы ауданы 1 м2 | 0 |
20 | Жағажайлар, жолдардан көше сметалары | Жалпы ауданы 1 м2 | 0 |
21 | Дәріханалар | 1 м2 сауда алаңы | 0,44 |
22 | Автотұрақтар, автокөлік жуу орындары, АЖС | 1 машина орны | 0 |
23 | Автокөлік шеберханалары | 1 қызметкер | 2,3 |
24 | Гараж кооперативтері, гараждар, паркингтер | 1 гараж үшін | 0,16 |
25 | Шаштараздар, сұлулық салондары | 1 жұмыс орны | 0,23 |
26 | Кір жуғыштар, химиялық тазалау, тұрмыстық техниканы жөндеу, тігін ательесі | Жалпы ауданы 1 м2 | 0,13 |
27 | Зергерлік шеберханалар, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу | Жалпы ауданы 1 м2 | 13 |
28 | Шағын жөндеу және қызметтер (кілттерді дайындау және т. б.) | 1 жұмыс орны | 0,13 |
29 | Моншалар, сауналар | Жалпы ауданы 1 м2 | 0,26 |
30 | Заңды, аудан аумағында бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырушылар, саябақ қалдықтары | 1000 қатысушы | 0,8 |
31 | Бау-бақша кооперативтері | 1 учаске | 0 |
Ескерту:
м3 - текше метр;
м2 - шаршы метр.