Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Темір ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналардың:
1) Темір ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 253 "2023 жылға Темір ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квотасын белгілеу туралы" қаулысының;
2) Темір ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 252 "2023 жылға Темір ауданы бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" қаулысының;
3) Темір ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 254 "2023 жылға Темір ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысының;
4) Темір ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 255 "2023 жылға Темір ауданы бойынша ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған,білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысының күштері жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Темір ауданының әкімі | С. Аманбаев |