Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6, 35 бабы, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12-бабына cәйкес, Хромтау қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып және Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастикалық комиссиясының 2022 жылдың 20 шілдедегі №2 және 07 желтоқсандағы № 4 қорытындысы негізінде, Хромтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Хромтау аудандық әкімдігінің және мәслихаттың 2012 жылғы 07 тамыздағы № 247/51 "Хромтау қаласының көшелеріне атаулар беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3414 болып тіркелген,) бірлескен қаулысы мен шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бірлескен қаулы мен шешімнің 1 тармағында:
бірлескен қаулы мен шешімнің мәтінінде "Асфалт көшесі" сөздері "Тасбұлақ көшесі" сөздерімен ауыстырылсын;
бірлескен қаулы мен шешімнің мәтінінде "Дорожная көшесі" сөздері "Көкпекті көшесі" сөздерімен ауыстырылсын;
бірлескен қаулы мен шешімнің мәтінінде "Заготзерно көшесі" сөздері "Ақтасты көшесі" сөздерімен ауыстырылсын;
бірлескен қаулы мен шешімнің мәтінінде "Молодежная көшесі" сөздері "Қазыбай көшесі" сөздерімен ауыстырылсын;
бірлескен қаулы мен шешімнің мәтінінде "Новая көшесі" сөздері "Ізтай Мәмбетов көшесі" сөздерімен ауыстырылсын;
бірлескен қаулы мен шешімнің мәтінінде "Переездная көшесі" сөздері "Көкөзек көшесі" сөздерімен ауыстырылсын;
бірлескен қаулы мен шешімнің мәтінінде "Подстанция көшесі" сөздері "Жосалы көшесі" сөздерімен ауыстырылсын;
бірлескен қаулы мен шешімнің мәтінінде "Подхоз көшесі" сөздері "Көптоғай көшесі" сөздерімен ауыстырылсын;
бірлескен қаулы мен шешімнің мәтінінде "Целинная көшесі" сөздері "Қызылқайың көшесі" сөздерімен ауыстырылсын;
бірлескен қаулы мен шешімнің мәтінінде "Элеватор көшесі" сөздері "Талдыбұлақ көшесі" сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы әкімдіктің бірлескен қаулысы және мәслихаттың шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Хромтау ауданының әкімі | Н. Тлеумұратов |
Хромтау аудандық мәслихатының төрағасы |
Э. Болатов |