"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. "Биометриялық верификацияны қолдана отырып, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу бойынша" пилоттық жобаны (бұдан әрі – пилоттық жоба) іске қосу.
2. Осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес пилоттық жобаны іске асыру алгоритмі бекітілсін.
3. "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 29 мамырдағы № 66 бұйрығымен бекітілген Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларында белгіленген тәртіппен "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз етсін.
4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау тиісті бағытқа жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі және Әділет вице-министрлеріне жүктелсін.
5. Осы бірлескен бұйрық оған мемлекеттік органдар басшыларының соңғысы қол қойған күннен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі |
_____Б. Мусин |
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. | ___Б. Жакселекова |
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі 2023 жылғы 23 қазандағы № 497/НҚ мен Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2023 жылғы 20 қазандағы № 749 |
Алгоритм биометриялық верификацияны қолдана отырып, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу бойынша
1. Осы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу жөніндегі алгоритм биометриялық верификацияны қолдана отырып, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы (бұдан әрі – Алгоритм) пилоттық жобаға қатысушылардың өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындайды.
2. Коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырады.
3. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу кезінде, сондай-ақ "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Заңның 6-1-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайда "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы міндетті түрде банктік шот ашуға және жұмыскерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыруға (заңды тұлғаның құрылтайшысы (құрылтайшылары) қызметін жеке тұлғалармен еңбек қатынастарына түспей жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда) өтініш электрондық нысанда "Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес беріледі.
Екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес банктік шот ашудан бас тартуға құқылы.
4. Акционерлік қоғамдарды, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік тіркеу электрондық өтініш берілген кезден бастап бір сағат ішінде жүргізіледі.
5. Пилоттық жобаның бизнес-процестері келесі кезеңдерден тұрады:
1) "Электрондық үкімет" веб-порталында авторизациялау;
2) "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін банктік шот ашуды және қызметкерді еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыруды ескере отырып есептік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдау (бұдан әрі-көрсетілетін қызмет);
3) Өтініш беруде мемлекеттік қызметке онлайн тапсырыс беру;
4) "Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруды бастау туралы хабарлама" заңды тұлғаны тіркеу түрін таңдау;
5) Таңдалған түрге байланысты өтінішті толтыру. Өтінімде мекенжай деректерін, басшының атауын және құрылтайшылар туралы мәліметтерді көрсету қажет.
6) Толтырылған деректерді қарау;
7) Банктік шот ашу. Банкті және банктың филиалын таңдау, атқарушы орган туралы мәліметтер, өзге органдар туралы мәліметтер болған жағдайда тиісті бағандарға қол қою.
8) Қызметкерді еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде жазатайым оқиғалардан сақтандыру үшін сақтандыру компаниясын таңдау;
9) Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркегені үшін төлем;
10) Өтініш берушілер мен құрылтайшылардың Digital ID арқылы электрондық қызметке қол қоюы;
11) Сұрау салу мәртебесі және қызмет көрсету мерзімі туралы хабарлама;
12) Белгіленген талаптарға сәйкестік мәніне сұрау салуды өңдеу:
12-1) Өтініш белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда өтініш берушінің жеке кабинетіне шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы хабарлама түрінде қызмет көрсету нәтижесі жіберіледі;
12-2) Белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің жеке кабинетіне көрсетілетін қызметті берушінің электрондық-цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы көрсетілетін қызметті берушінің дәлелді жауабы түріндегі қызмет көрсету нәтижесі жіберіледі.
13) Өтініш берушінің жеке кабинетінің мемлекеттік қызмет алу тарихында қызмет көрсету нәтижесін қарау.