"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Самсы ауылдық округінің Тарғап ауылының халқының пікірін ескере отырып және 2022 жылғы 24 қарашадағы Алматы облысының ономастикалық комиссиясының оң қорытындысы негізінде, Самсы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Самсы ауылдық округі Тарғап ауылына қарасты жаңа көшеге "Сіргебаев Қойбағар" атауы берілсін.
2. "Жамбыл ауданы Самсы ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас маманы Копбосынова Айша Сериковнаға осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Самсы ауылдық округінің әкімі | Ж.Мухаметжанов |