"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Байсерке ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып және Алматы облысы ономастикалық комиссиясының 2022 жылғы 24 қарашадағы қорытындысы негізінде, Іле ауданының Байсерке ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Байсерке ауылдық округінің келесі көшелерінің атаулары өзгертілсін:
1) Байсерке ауылындағы "Шоссейная" көшесін "Азаттық" көшесіне, "Заречная" көшесін "Ақбұлақ" көшесіне, "Центральная" көшесін "Нұрлы" көшесіне, "Центральная" көшесін "Жібек жолы" көшесіне, "УМР-2" көшесін "Қоңырөлең" көшесіне, "Школьная" көшесін "Жолашар" көшесіне, "Сиреневая" көшесін "Бұлбұл" көшесіне, "Комаров" көшесін "Баянды" көшесіне, "Учительская" көшесін "Талғат Бигелдинов" көшесіне, "Северная" көшесін "Көктем" көшесіне, "Целинная" көшесін "Іле" көшесіне, "Октябрьская" көшесін "Қыз Жібек" көшесіне, "Мир" көшесін "Ақшам" көшесіне;
2) Әли ауылындағы "Школьная" көшесін "Аманат" көшесіне;
3) Жаңаталап ауылындағы "Мир" көшесін "Алдияр" көшесіне, "1-көше" "Ыбырай Алтынсарин" көшесіне, "2-көше" "Мәшһүр Жүсіп" көшесіне, "3-көше" "Қайрат Рысқұлбеков" көшесіне, "4-көше" "Қабанбай батыр" көшесіне, "5-көше" "Қасым Қайсенов" көшесіне, "6-көше" "Алаш" көшесіне, "7-көше" "Жетісу" көшесіне, "8-көше" "Жігер" көшесіне;
4) Жаңадәуір ауылындағы "Овражная" көшесін "Іле" көшесіне, "Учительская" көшесін "Тұран" көшесіне, "Школьная" көшесін "Төле би" көшесіне, "Мир" көшесін "Тұрар Рыскұлов" көшесіне, "МТФ-2" көшесін "Қазығұрт" көшесіне, "Молодежная" көшесін "Мұқағали Мақатаев" көшесіне;
5) Ынтымақ ауылындағы "1-көше" "Қадырғали Жалайыри" көшесіне, "2-көше" "Ырысты" көшесіне, "3-көше" "Көксу" көшесіне, "4-көше" "Қабанбай батыр" көшесіне, "5-көше" "Дәнеш Рақышев" көшесіне, "6-көше" "Іле" көшесіне, "7-көше" "Тәуелсіздік" көшесіне, "8-көше" "Хантау" көшесіне, "9-көше" "Жетісу" көшесіне, "10-көше" "Сарыарқа" көшесіне, "11-көше" "Түркістан" көшесіне, "12-көше" "Маралды" көшесіне, "13-көше" "Үшқоңыр" көшесіне, "14-көше" "Семей" көшесіне, "15-көше" "Отырар" көшесіне;
6) Қоянқұс ауылындағы "Береговая" көшесін "Қарасай батыр" көшесіне, "Новая/Энергетиков" көшесін "Наурызбай батыр" көшесіне, "Квартал Д" көшесін "Алматы" көшесіне.
2. Әли ауылының жаңа көшелеріне келесі атаулар берілсін:
жаңа көшеге "Жас Дәурен" көшесі, жаңа көшеге "Абай" көшесі;
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Байсерке ауылдық округ әкімі | Т. Копбаева |