Райымбек ауданының аумағында жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифін белгілеу туралы

Алматы облысы Райымбек ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 1 тамыздағы № 225 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 1-тармағы 9) тармақшасына, "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 19-бабы 4-тармағына сәйкес, Райымбек ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Райымбек ауданының аумағында жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифі 1 шақырымға 8 (сегіз) теңге мөлшерінде белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Райымбек ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б. Дуйсенбаев

Об установлении тарифа на регулярные социально значимые перевозки пассажиров на территории Райымбекского района

Постановление акимата Райымбекского района Алматинской области от 1 августа 2023 года № 225

      В соответствии с подпунктом 9) пункта-1 статьи-31 Закона "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктом-4 статьи-19 Закона Республики Казахстан "Об автомобильном транспорте", акимат Райымбекского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить тариф на регулярные социально значимые перевозки пассажиров на территории Райымбекского района в размере 8 (восемь) тенге на 1 километр.

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима Райымбекского района.

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким района Б. Дуйсенбаев