"Мемлекеттік кірістер органдарының Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігіне салықтық құпияны құрайтын салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді беру қағидаларын және ұсынатын мәліметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 1416 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 700 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 13 ақпандағы № 167 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 9 ақпандағы № 41 бірлескен бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Мемлекеттік кірістер органдарының Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігіне салықтық құпияны құрайтын салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді беру қағидаларын және ұсынатын мәліметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 1416 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 700 бірлескен бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 30-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:";

      жоғарыда көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген, Мемлекеттік кірістер органдарының Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігіне салықтық құпияны құрайтын салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді беру қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Мемлекеттік кірістер органдарының Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігіне салықтық құпияны құрайтын салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді беру қағидалары (бұдан әрі − Қағидалар) "Салық және басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 30-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік кірістер органдарының Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігіне салықтық құпияны құрайтын салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді беру тәртібін айқындайды.";

      2-тармақтың екінші бөлігінің 3) және 4) тармақшалары алып тасталсын;

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Салық құпиясын құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді өздерінің міндеттерін атқару кезеңінде де, оларды орындау аяқталғаннан кейін де осындай мәліметтерге қол жеткізе алатын адамдар жария етуге жатпайды.";

      Жоғарыда көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген, салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмай, салық құпиясын құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне мемлекеттік кірістер органдары ұсынатын мәліметтердің тізбесі:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 9 және 10-жолдармен толықтырылсын:

      "

9.

Жеке тұлғаның дербес салық салуға жататын табыстарының сомалары

10.

Салық төлеушінің орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органы туралы мәліметтер

      ".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті осы бірлескен бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру департаменті осы бірлескен бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурстарында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық оған мемлекеттік орган басшыларының соңғысы қол қойған күннен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
Т. Дүйсенова
      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

О внесении изменений и дополнений в Совместный приказ Первого заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан - Министра финансов Республики Казахстан от 25 декабря 2019 года № 1416 и Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 26 декабря 2019 года № 700 "Об утверждении Правил представления органами государственных доходов Министерству труда и социальной защиты населения Республики Казахстан сведений о налогоплательщике (налоговом агенте), составляющих налоговую тайну без получения письменного разрешения налогоплательщика (налогового агента) и перечня представляемых сведений"

Совместный приказ Заместителя Премьер-Министра - Министра финансов Республики Казахстан от 13 февраля 2023 года № 167 и Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 9 февраля 2023 года № 41

      ПРИКАЗЫВАЕМ:

      1. Внести в совместный приказ Первого заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра финансов Республики Казахстан от 25 декабря 2019 года № 1416 и Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 26 декабря 2019 года № 700 "Об утверждении Правил представления органами государственных доходов Министерству труда и социальной защиты населения Республики Казахстан сведений о налогоплательщике (налоговом агенте), составляющих налоговую тайну без получения письменного разрешения налогоплательщика (налогового агента) и перечня представляемых сведений" следующие изменения и дополнения:

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с подпунктом 4) пункта 3 статьи 30 Кодекса Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс) ПРИКАЗЫВАЕМ:";

      в Правилах представления органами государственных доходов Министерству труда и социальной защиты населения Республики Казахстан сведений о налогоплательщике (налоговом агенте), составляющих налоговую тайну, без получения письменного разрешения налогоплательщика (налогового агента), утвержденных вышеуказанным совместным приказом:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящие Правила представления органами государственных доходов Министерству труда и социальной защиты населения Республики Казахстан сведений о налогоплательщике (налоговом агенте), составляющих налоговую тайну, без получения письменного разрешения налогоплательщика (налогового агента) (далее − Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 4) пункта 3 статьи 30 Кодекса Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс) и определяют порядок предоставления органами государственных доходов Министерству труда и социальной защиты населения Республики Казахстан сведений о налогоплательщике (налоговом агенте), составляющих налоговую тайну без получения письменного разрешения налогоплательщика (налогового агента).";

      подпункты 3) и 4) части второй пункта 2 исключить;

      пункт 8 изложить в следующей редакции:

      "8. Сведения о налогоплательщике (налоговом агенте), составляющие налоговую тайну, не подлежат разглашению лицами, имеющими доступ к таким сведениям, как в период исполнения ими своих обязанностей, так и после завершения их исполнения.";

      Перечень представляемых органами государственных доходов Министерству труда и социальной защиты населения Республики Казахстан сведений о налогоплательщике (налоговом агенте), составляющих налоговую тайну, без получения письменного разрешения налогоплательщика (налогового агента), утвержденный вышеуказанным совместным приказом:

      дополнить строками, порядковыми номерами 9 и 10, следующего содержания:

      "

9.

Суммы доходов физического лица, подлежащих налогообложению самостоятельно

10.

Сведения об органе государственных доходов по месту нахождения налогоплательщика

      ".

      2. Комитету государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить направление копии настоящего совместного приказа на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан.

      3. Комитету государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан и Департаменту цифровизации и автоматизации государственных услуг Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить размещение настоящего совместного приказа на интернет-ресурсах Министерства финансов Республики Казахстан и Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан.

      4. Настоящий совместный приказ вступает в силу со дня подписания его последним из руководителей государственного органа.

      Министр труда и социальной
защиты населения
Республики Казахстан
Т. Дуйсенова
      Заместитель Премьер-Министра –
Министр финансов Республики Казахстан
Е. Жамаубаев