"Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 3-тармағының 7-1) тармақшасы және 62-бабы 6-тармағына сәйкес Шымкент қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Шымкент қаласының мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. "Шымкент қаласының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде жіберсін:
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуы "Шымкент қаласының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 1 қаңтардан туындайтын қатынастарға қолданылады.
Шымкент қаласының әкімі | Ғ. Сыздықбеков |
Қаулысына қосымша |
Шымкент қаласының мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері
жыл | Шымкент қаласының мектепке дейінгі ұйымдарындағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы | Бір тәрбиеленушіге бір күнге ата-ана төлемақысының мөлшері (теңге) (арнайы мектепке дейінгі ұйымдар мен коррекциялық топтарын қоспағанда) | ||||||
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы тәрбиеленушілер саны | Мектепке дейінгі ұйымдарда бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құнының бір айдағы мөлшері (теңге) | |||||||
Мемлекет тік мектепке дейінгі ұйым | Жекеменшік мектепке дейінгі ұйым | Мектепке дейінгі ұйымдағы жалпы дамыту топтары (10,5- сағаттық режимдегі топ) | Мектепке дейінгі ұйымдағы жалпы дамыту топтары (толық емес күн болатын топтар) | Мектепке дейінгі ұйымдағы санаторлық топтары (10,5- сағаттық режимдегі топ) | Мектепке дейінгі ұйымдағы коррекциялық топтары (10,5- сағаттық режимдегі топ) | Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйым мен мемлекеттік тапсырыс орналастырылған жекеменшік мектепке дейінгі ұйым (жас ерекшелігіне қарай) | ||
3 жасқа дейін | 3-7 жас | |||||||
2023 | 18331 | 51032 | 45603 | 19909 | 67817 | 81278 | 544,58 | 686,04 |
2024 | 18392 | 54182 | 46303 | 20285 | 68518 | 81978 | 544,58 | 686,04 |