Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31-бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 "Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, Курчатов қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде 2023 жылға арналған Курчатов қаласы ұйымдарында мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2. "Абай облысы Курчатов қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі (А. Ю. Глазинский) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен бекітілген тәртіпте:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның мелекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түріндегі көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы қаулыны оның ресми жарияланғанынан кейін Курчатов қаласы әкімдігінің интернет – ресурстарында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары Н. Т. Қошқарбаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Қала әкімі | О. Чугунков |
Кучатов қаласы әкімдігінің 2023 жылғы "16" қаңтардағы № 200 қаулысына қосымша |
Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квотасы
№ р/т |
Ұйымдар атауы | Жұмысшылардың тізімдік саны |
Белгіленген квота мөлшері | |
% | адам | |||
1 | "Абай облысы білім басқармасы Курчатов қаласы бойынша білім бөлімінің № 2 жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 92 | 2 | 2 |
| "Абай облысы білім басқармасы Курчатов қаласы бойынша білім бөлімінің № 4 жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 83 | 2 | 2 |
3 | Курчатов қаласы әкімдігінің "Курчатов көп салалы эксплуатациялық кәсіпорны" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 90 | 2 | 2 |
4 | Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының "Курчатов қалалық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны | 153 | 3 | 5 |
Барлығы: | 418 | 11 |