Абай ауданынында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы

Абай облысы Абай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қазандағы № 8/4-VIII шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 39- 3 бабының 6-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 бұйрығы "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткузідің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 26 маусымда № 32894 болып тіркелген, Абай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қоса беріліп отырған Абай ауданының аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің Қағидалары бекітілсін.

      2. Абай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 04 шілдегі № 4/7-VІІІ "Абай ауданының аумағында жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Абай аудандық мәслихатының төрағасы М. Нұрсұлтанұлы

  Абай аудандық мәслихатының
2023 жылғы 16 қазандағы
№ 8/4-VIII шешімімен
бекітілген

Абай ауданының аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Абай ауданының аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 бұйрығы "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді ауыл, ауылдық округ, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) бөлек жергілікті қоғамдастықтың жиыны – ауыл, ауылдық округ, ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы;

      2) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы.

2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі

      3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін ауылдың, ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер) бөлінеді.

      4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

      5. Аудандық маңызы бар ауылдың және ауылдық округтің әкімі ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын шақырады және өткізуді ұйымдастырады.

      Шағын аудан немесе көше шегінде көппәтерлі үйлер болған кезде көппәтерлі үйдің бөлек жиындары жүргізілмейді.

      6. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы жергілікті қоғамдастықтың халқын ауылдың, ауылдық округтің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді.

      7. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ашудың алдында тиісті ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      Кәмелетке толмағандардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын адамдардың жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысуына жол берілмейді.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда, көшеде, көппәтерлі үйде тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

      8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын аудандық, ауылдың, ауылдық округтің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Аудандық, ауылдың, ауылдық округтің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.

      9. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Көкбай, Құндызды, Архат, Қасқабұлақ, Кеңгірбай би, Саржал, Тоқтамыс, Медеу ауылдық округтердегі көше тұрғындары өкілдерінің саны 2 адамды құрайды.

      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Қарауыл ауылдық округінде көше тұрғындары өкілдерінің саны 3 адамды құрайды.

      10. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп дауысын жинаған кандидаттар сайланды деп есептеледі.

      Егер жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында дауыс беру кезінде қатысушылардың дауыстары тең бөлінген жағдайда, бөлек жиынның төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.

      11. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасына төраға мен хатшы қол қояды және бөлек жиын өткізілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жиын хатшысы тіркеу үшін тиісті ауыл, ауылдық округ әкімінің аппаратына береді.

      Жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында хаттама жүргізіледі, онда:

      1) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының өткізілген күні мен орны;

      2) тиісті аумақта тұратын және жергілікті қоғамдастық жиынына немесе жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысуға құқығы бар жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жалпы саны;

      3) қатысушылардың саны және олардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетілген тізім;

      4) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);

      5) күн тәртібі, сөйленген сөздердің мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества в Абайском районе

Решение Абайского районного маслихата области Абай от 16 октября 2023 года № 8/4-VIII

      В соответсвии с пунктом 6 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", приказом министра национальной экономики Республики Казахстан от 23 июня 2023 года № 122 "Об утверждении Типовых правил проведения раздельных сходов местного сообщества". Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 26 июня 2023 года № 32894, Абайский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила проведения раздельных сходов местного сообщества в Абайском районе.

      2. Признать утратившим силу решение Абайского районного маслихата от 04 июля 2023 года № 4/7-VІІІ "Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества на территории Абайского района".

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Абайского районного маслихата М. Нұрсұлтанұлы

  Утверждены решением
Абайского районного маслихата
от 16 октября 2023 года
№ 8/4-VIII

Правила проведения раздельных сходов местного сообщества на территории Абайского района

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила проведения раздельных сходов местного сообщества на территории Абайского района разработаны в соответствии с пунктом 6 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", и устанавливают порядок проведения раздельных сходов местного сообщества жителей села, сельского округа.

      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) раздельный сход местного сообщества – непосредственное участие жителей (членов местного сообщества) села, сельского округа, улицы, многоквартирного жилого дома в избрании представителей для участия в сходе местного сообщества.

      2) местное сообщество – совокупность жителей (членов местного сообщества), проживающих на территории соответствующей административно-территориальной единицы, в границах которой осуществляется местное самоуправление, формируются и функционируют его органы;

Глава 2. Порядок проведения раздельных сходов местного сообщества

      3. Для проведения раздельного схода местного сообщества территория села, сельского округа подразделяется на участки (села, улицы, многоквартирные жилые дома).

      4. На раздельных сходах местного сообщества избираются представители для участия в сходе местного сообщества в количестве не более трех человек.

      5. Акимом районного значения, села, и сельского округа созывается и организуется проведение раздельного схода местного сообщества в пределах села, улицы, многоквартирного жилого дома.

      При наличии в пределах улицы многоквартирных домов раздельные сходы многоквартирного дома не проводятся.

      6. О времени, месте созыва раздельных сходов местного сообщества и обсуждаемых вопросах население местного сообщества оповещается акимом районного значения, села, сельского округа не позднее чем за десять календарных дней до дня его проведения через средства массовой информации или иными способами.

      7. Перед открытием раздельного схода местного сообщества проводится регистрация присутствующих жителей соответствующего села, улицы, многоквартирного жилого дома.

      Не допускается участие в раздельном сходе местного сообщества несовершеннолетних лиц, лиц, признанных судом недееспособными, а также лиц, содержащихся в местах лишения свободы по приговору суда.

      Раздельный сход местного сообщества считается состоявшимся при участии не менее десяти процентов жителей (членов местного сообщества), проживающих в данном селе, улице, многоквартирном доме.

      8. Раздельный сход местного сообщества открывается акимом районного значения, села, сельского округа или уполномоченным им лицом.

      Председателем раздельного схода местного сообщества является аким районного значения, села, сельского округа или уполномоченное им лицо.

      На раздельном сходе местного сообщества ведется протокол, для оформления протокола раздельного схода местного сообщества открытым голосованием избирается секретарь.

      9. Количественный состав представителей жителей улиц Кокбайского, Кундыздинского, Архатского, Каскабулакского, Кенгирбайбийского, Саржалского, Токтамыского, Медуского сельского округа для участия в сходе местного сообщества составляет два человека.

      Количественный состав представителей жителей улиц Караульского сельского округа для участия в сходе местного сообщества составляет три человека.

      10. Голосование проводится открытым способом персонально по каждой кандидатуре. Избранными считаются кандидаты, набравшие наибольшее количество голосов участников раздельного схода местного сообщества.

      Председатель раздельного схода пользуется правом решающего голоса в случае, если при голосовании на раздельном сходе местного сообщества голоса участников разделяются поровну.

      11. Протокол раздельного схода местного сообщества подписывается председателем и секретарем и в течение двух рабочих дней со дня проведения раздельного схода передается секретарем схода в аппарат акима районного значения, села и сельского округа для регистрации.

      На сходе местного сообщества или собрании местного сообщества ведется протокол, в котором указываются:

      1) дата и место проведения схода местного сообщества или собрания местного сообщества;

      2) общее число членов местного сообщества, проживающих на соответствующей территории и имеющих право участвовать в сходе местного сообщества или на собрании местного сообщества;

      3) количество и список присутствующих с указанием фамилии, имени, отчества (при его наличии);

      4) фамилия, имя, отчество (при его наличии) председателя и секретаря схода местного сообщества или собрания местного сообщества;

      5) повестка дня, содержание выступлений и принятые решения.